Тұрақты электр тогы Электр зарядтарының кез келген реттелген (бағытталған) қозғалысын электр тогы



бет3/6
Дата07.02.2022
өлшемі26,38 Kb.
#83000
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
Лекция

Электростатика
Американдық физик Р. Милликен тәжірибе жүзінде (1910 – 1914) электр зарядының дискреттілігін дәлелдеді: кез келген дененің заряды элементар е электр зарядына (е = 1,6·10-19Кл) еселі болып келеді. Оң және теріс элементар электр зарядтарының тасымалдаушылары протон
(mp=1,67 ·10-27кг) және электрон (me = 9,11·10-31кг).
1943 жылы ағылшын физигі М. Фарадей эксперименттің көмегімен табиғаттың іргелі заңдарының бірі – зарядтың сақталу заңын тұжырымдады: кез келген тұйық жүйенің электр зарядтарының алгебралық қосындысы, осы жүйенің ішінде қандай процестер жүргенімен, тұрақты болып қалады.
Электр заряды релятивтік инвариантты шама, яғни санақ жүйесіне тәуелді емес.
Денелер құрамындағы еркін зарядтардың концентрациясына байланысты өткізгіштер, диэлектриктер және жартылай өткізгіштер болып бөлінеді. Электр заряды бүкіл көлемі бойынша қозғала алатын денелерді өткізгіштер деп атайды. Өткізгіштер екі топқа бөлінеді:

  1. бірінші текті өткізгіштер (металдар) – ондағы зарядтардың (еркін электрондардың) тасымалы кезінде химиялық өзгерістер болмайды;

  2. екінші текті өткізгіштер ( мысалы, балқытылған тұздар, қышқылдың ерітінділері) – ондағы зарядтардың (оң және теріс иондардың) тасымалы химиялық өзгерістерге алып келеді.

Диэлектриктер (мысалы, әйнек, пластмасса) – еркін заряд тасымалдаушылары болмайтын заттар.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет