1.Тұйық тізбекке және ЭҚК бар тізбекке арналған Ом заңы Ток көзі тарапынан зарядтарға әсер етуші электростатикалық емес күштерді бөгде күштер деп атаймыз. Бөгде күштер зарядтарды орын ауыстырта отырып жұмыс жасайды. Тізбекте бірлік оң зарядқа әсер етуші бөгде күштердің жұмысы электр қозғаушы күш деп аталады:
(1)
Бұл жұмыс ток көзі энергиясы есебінен істеледі, сондықтан оны ток көзінің электр қозғаушы күші деп атаймыз.
зарядқа әсер етуші бөгде күштерді былай жазуға болады:
мұндағы -бөгде күштер өрісінің кернеулігі. Тұйық тізбек бөлігіндегі бірлік зарядқа әсер етуші бөгде күштердің жұмысы мынаған тең
(2)
(2)-теңдеуді -бөліп, тізбектегі э.қ.к табамыз
(3)
зарядқа бөгде күштерден басқа электростатикалық өріс тарапынан да күш әсер етеді. Сонымен, зарядқа тізбектегіәсер етуші қорытқы күш мынаған тең:
1-2 тізбек бөлігіндегі зарядқа әсер етуші қорытқы күштің жұмысы
Бұл теңдеуді мына түрде де жазуға болады:
(4)
Тұйық тізбек үшін электростатикалық күштің жұмысы нольге тең, ендеше
Тізбек бөлігіндегі кернеу дегеніміз электростатикалық өрістің қорытқы күші мен осы тізбек бөлігінде бірлік зарядты орын ауыстыруға жұмсалатын сыртқы күштердің жұмыстарының қосындысына тең физикалық шама.
Неміс физигі Ом тәжірибе жүзінде біртекті метал өткізгіштен өтетін ток күші өткізгіш ұштарындағы кернеуге тура пропорциональ екендігін дәлелдеді:
(5)
мұндағы -өткізгіштің электрлік кедергісі. (5) - Омның тізбек бөлігіне арналған заңы (ток көзі жоқ): өткізгіштегі ток күші өткізгіш ұштарындағы кернеуге тура, ал кедергіге кері пропорциональ болады. шамасы өткізгіштің электрлік өткізгіштік деп аталады. Өткізгіштіктің өлшем бірлігі сименс (См). Өткізгіш кедергісі оның өлшеміне, формасына және материалына байланысты. Цилиндрлік өткізгіштің кедергісі оның ұзындығы -ге тура, ал көлденең қимасының ауданы -ке кері пропорциональ болады:
(6)
мұндағы - пропорциональдық коэффициент, ол өткізгіш материалына байланысты. Ол меншікті электрлік кедергі деп аталады.
Ом заңын дифференциаль түрде жазып көрсетуге болады. Осы (6) теңдеуді Ом заңының теңдеуіне қойсақ, онда
(7)
меншікті кедергіге кері шамасы – меншікті электрлік өтімділік деп аталады. Оның өлшем бірлігі - . Өткізгіштегі электростатикалық өрістің кернеулігі және ток тығыздығы екенін ескерсек, онда (7) теңдеуді былай жазуға болады:
(8)
Әрбір нүктедегі заряд тасушылар векторы бағытымен қозғалатын болғандықтан мен -ның бағыты бағыттас. Сондықтан, (8) теңдеуді мына түрде жазуға болады:
(9)
Бұл өткізгіштің әрбір нүктесіндегі ток тығыздығын осы нүктедегі электростатикалық өріс кернеулігімен байланыстыратын дифференциаль түрдегі Ом заңы.
Өткізгіштерді тізбектей қосқанда олардың кедергілері қосылады , . ал параллель қосқанда кедергіге кері шамалары қосылады: , ,