Пән Физика және астрономия
Курс тақырыбы Тұрақты электр тогы
Сабақ тақырыбы: Тұрақты электр тогы. Ток күші. ЭҚК. Тізбек бөлігіне және тұйықталған тізбекке арналған Ом заңы.
Оқыту стандарттары
Оқушылар білу керек: Физикалық заңдарды, тұрақты электр тогының, ток күшінің анықтамаларын, формулаларын.
Оқушылар жасай білу керек: Ток күшін өлшеуді, Ом заңын есеп шығаруда қолдануды.
Білімділік
Электр тогы туралы ұғым енгізу және ток көздерін қарастыру; Ом заңына анықтама беру; Өткізгіштерді тізбектей және параллель жалғаудың негізгі заңдылықтарын түсіну.
Дамытушылық
Жаңа физикалық заңдармен таныстыра отырып есте сақтау, салыстыру, айыра білу дағдыларын дамыту, тез ойлау қабілеттерін тереңдету, ізденушілікке баулу.
Тәрбиелік
Пәнге қызығушылығын арттыру. Оқушыларды адамгершілікке, ұжымдыққа, бірін-бірі сыйлауға тәрбиелеу. Ұқыптылық пен жауапкершілікке баулый отырып, өзін-өзі бағалауға үйрету.
І. Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру, дәрісхананың тазалығы, сабаққа дайындығына назар аудару.
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау өткен тақырып бойынша оқушылардың білімін тексеру
Ауызша ойын түрінде. Слайд 3
-Сыйымдылық дегеніміз не?
-Конденсатор дегеніміз не?
-Ең алғаш конденсаторды жасаған кім?
Графикалық диктант. Слайд 5
Графикалық диктант
( иә немесе жоқ сөздері арқылы сұраққа жауап беру)
1. Аттас зарядтар бір – бірімен тартылама? (жоқ)
2. Радиотехникада конденсатор қолданылады (иә)
3. Сыйымдылықтың бірлігі ампер ме? (жоқ)
4. Температураны өлшейтін құрал – динамометр (жоқ)
5. Зарядтың өлшем бірлігі – Ньютон (жоқ)
6. Күшті өлшейтін құрал – электроскоп (жоқ)
7. Джоульмен өлшенетін физикалық шама энергия (иә)
8. Элементар заряд мәні 1,6 *10-19 Кл (иә)
9. Зат молекуладан тұрады? (иә)
10. Дененің электрленуін анықтайтын аспап – электроскоп (иә)
11. Желді күні асфальт беті тез кебеді ме? (иә)
12. Конденсатор қоюлату, жинақтау деген сөзден шықты (иә)
13. Заттар үш күйде бола ма? (иә)
14. Электр зарядын жинау қабілетін сыйымдылық дей ме? (иә)
15. Конденсаторлар тізбектей жалғанғанда зарядтар әр түрлі болады (жоқ)
ІІІ. Сабақтың жаңа тақырыбын хабарлау, мақсатын қою: Оқушыларға сабақтың тақырыбы мен мақсаты хабарланып, тақырып тақтаға жазылады.
ІҮ. Жаңа сабақта қаралатын сұрақтар:
Тұрақты электр тогы. Ток күші.
Электр тогының бар болуы үшін қажетті шарттар.
Тізбек бөлігіне және тұйықталған тізбекке арналған Ом заңы.
Электр тізбегі. Өткізгіштерді тізбектей және параллель қосу.
Электр қозғаушы күш.
Тұрақты электр тогы. Ток күші.
Слайд 8. Электр тогы деп зарядталған бөлшектердің реттелген (бағытталған) қозғалысын айтады. (Бейнематериал). Токтың бағытына оң зарядталған бөлшектердің қозғалыс бағыты алынады. (Бейнематериал)
слайд 12
Электр тогының әсерлері. Слайд 13-21. Бейнематериал.
Әсерлері
|
Құбылыстар
|
Жылулық (слайд 14-15)
|
Өткізгіштің, электр приборларының қызуы.
|
Химиялық (слайд 16-17)
|
Заттың химиялық құрамының өзгеруі.
|
Магниттік (слайд 18-19)
|
Тогы бар өткізгіштің айналасында магнит тілшесінің ауытқуы.
|
Физиологиялық (слайд 20-21)
|
Медициналық апараттардың жұмысы. УДЗ, рентген, лазер сәулелері.
|
Токтың адам ағзасына әсері. (слайд 23)
Денеден өткен ток, мА
|
Әсері
|
Нәтижесі
|
0,5
|
Байқалмайды, егер қолмен, тілмен әсер еткенде әлсіз дірілді сезуге болады
|
Қауіпсіз
|
3
|
Құмырсқа шаққан сияқты әсер береді
|
Қауіпті
|
15
|
Егер өткізгішті қолмен ұстаса, онда жиберу мүмкін емес, сым тиген жер қызарады, ауырады (күйелі), зақымданған адамның өңі қуарып, бойын үрей билейді
|
Жағымсыз, бірақ қауіпті
|
40
|
Адам талықсып, сіңірі тартылады, тыныс алуы мен жүрек соғуы тоқтал қалуы мүмкін
|
Бірнеше минут тұншығу болады, қауіпті
|
80
|
Жүрек жүрекшелерінің вибрациясы
|
Өлімге әкеледі
|
Ток күші. (слайд 24-26 ) бейнематериал.
Токтың әрекетін бағалау үшін ток күші деп аталатын физикалық шама енгізілген. І ток күші деп өткізгіштің көлденең қимасы арқылы бірлік уақыт ішінде қандай q заряд өтетінін көрсететін физикалық шаманы айтады. Ток күші Ампермен (А) өлшенеді.
Егер ток күші мен оның бағыты уақыт бойынша өзгеріссіз қалса, онда электр тогы тұрақты электр тогы деп аталады.
Андре Ампер. Тарихи дерек. (Студенттің мәлімдемесі). Слайд-27.
Андре Мари Ампер (1775 - 1836) — француз физигі, математик, химик, Париж АНмүшесі (1814), 30), электродинамиканың негізін салушы.Көрнекті ғылымның құрметіне-ток күшінің өлшем бірлігі-ампер деп аталды. Қажетті шарттар. Слайд 28. Бейнематериал.
Берілген ортада еркін ток тасымалдаушылардың, яғни ортада реттеліп қозғала алатын зарядталған бөлшектердің болуы;
Берілген ортада энергиясы электр зарядтарының реттелген қозғалысына жұмсалатын сыртқы электр өрісінің болуы.
Бұл екі шартты орындау үшін электр тізбегін құрады. Электр тізбегінің негізгі бөлігіне ток көзі, жалғағыш сымдар, тізбекті қосып, ажырататын элементтер, ток тұтынушылар жатады. Тізбек элементінің бойымен өтетін токтың жылулық, химиялық және магниттік әрекеті болады.
1
|
2
|
3
|
4
|
Өрістің кернеулігі нөлге тең болмауы керек.
|
Өріске әсер етуші күштің бар болуы шарт.
|
Зарядталған бөлшектердің бағытталған қозғалысы болуы керек.
|
Потенциалдар айырымы нөлге тең болмауы керек.
|
Тізбек бөлігіне және тұйықталған тізбекке арналған Ом заңы.
Тізбектің бөлігі үшін Ом заңы.Слайд 31
Тізбектің бөлігі үшін Ом заңы бойынша ток күші түсірілген кернеуге
тура пропорционал да, ал өткізгіштің кедергісіне кері пропорционал болады: І= ;
I- ток күші, (А)- Ампер
U- кернеу, (В)-вольт
R- кедергі, (Ом)-ом
Ом Георг Симон. Тарихи дерек. (Студент мәлімдемесі). Слайд-32.
Ом Георг Симон 1789 - 1854 Немiс физигi Георг Симон Ом Эрланг қаласында дүниеге келген. Ом 1820 жылы электромагнетизмдi зерттеуге кiрiседi. 1826 ж. өз заңын тұжырымдаған еңбегiн жарыққа шығарады. ЭҚК-i, кернеудiң азаюы, өткiзгiштiк деген ұғымдарды енгiзді. Ол тiзбектiң бөлiгi үшiн ток күшiнiң кернеуге тәуелдiлiк заңын, сондай-ақ тұйық тiзбектегi ток күшiн анықтайтын заңды ашты. Ом кедергiнiң өткiзгiш ұзындығына және оның көлденең қимасының ауданына тәуелдiлiгiн тапты, ток күшiн өлшейтiн сезгiш приборды жасады.
Электр қозғаушы күш ЭҚК. Слайд 33.
Барлық ток көздерінің ішіндегі зарядты бөлшектерді қозғалысқа келтіретін бөгде күштер.
Бөгде күштердің әсері электр қозғаушы күш ЭҚК деп аталатын маңызды физикалық шамамен сипатталады. Тұйық контурдағы ЭҚК контурдың бойымен зарядтың орын ауыстыруындағы бөгде күштердің жұмысының сол зарядқа қатынасын көрсетеді. Е=А6/q
𝜀−ЭҚК, В−вольт
А- жұмыс, Дж-Джоуль
𝑞- заряд, Кл-кулон
Тұйықталған тізбекке арналған Ом заңы. Слайд 34.
Тізбектің сыртқы кедергісінен R ажырату үшін әдетте, ток көзінің кедергісін ішкі кедергі r деп атайды. Толық тізбек үшін Ом заңы тізбектегі ток күшін, ЭҚК–ін және тізбектің R+r толық кедергісін байланыстырады. Толық тізбек үшін Ом заңы мына түрде жазылады:
Электр тізбегі. Өткізгіштерді тізбектей және параллель қосу. Слайд 35-39.
Электр энергиясы ток көзінен тұтынушы құрылғыларға өткізгіш сымдар арқылы жалғанған тізбекті электр тізбегі деп атайды.
Өткізгіштерді қосудың қарапайым түрлері тізбектей және параллель қосулар.
Электр тізбегінің негізгі бөлігіне ток көзі, жалғағыш сымдар, тізбекті қосып, ажырататын элементтер, ток тұтынушылар жатады.
Егер бірінші өткізгіштің соңы екінші өткізгіштің басымен, екіншінің соңы үшіншінің басымен жалғанса, онда мұндай қосуды тізбектей қосу деп атайды.
Егер өткізгіштердің басын бір ғана А нүктесінде, ал ұштарын екінші бір В нүктесінде жалғасақ, онда мұндай жалғауды өткізгіштердің параллель қосу деп атайды. Слайд 39.
Жаңа материалды бекіту
Жалпы сұрау:
1. Электр тогы дегеніміз не?
2. Электр тогының пайда болуы мен ұзақ сақталуы үшін қажетті және жеткілікті шарттарды ата.
3. “Электр қозғаушы күші” дегеніміз не? (өлшем бірлігі мен белгіленуін жаз)
4. Өткізгіштегі электр тогын оның өткізгішке тигізетін әрекеттерін ата.
5. Қандай ток көздерін білесің және олардың шартты белгісін сыз.
6. “Электр тогы” түсінігін алғаш рет кім енгізді?
Есептер шығару. Слайд 49-56
10. Сөзжұмбақ шешу. «Тұрақты ток»
|
в
|
А
|
т
|
Т
|
|
|
ж
|
Ұ
|
м
|
ы
|
с
|
к
|
е
|
Д
|
е
|
Р
|
г
|
і
|
|
|
|
з
|
А
|
р
|
я
|
д
|
|
|
|
|
Қ
|
о
|
з
|
ғ
|
а
|
у
|
ш
|
ы
|
|
Т
|
о
|
к
|
|
|
|
у
|
а
|
қ
|
Ы
|
т
|
|
|
|
|
Т
|
ү
|
й
|
і
|
н
|
|
|
|
|
О
|
м
|
|
|
|
К
|
е
|
р
|
н
|
е
|
у
|
1. Қуаттың өлшем бірлігі?( Ватт)
2. Заряд орын ауыстырғанда пайда болады?( Жұмыс)
3. Ток күшінің өсуіне бөгет жасайтын шама?( Кедергі)
4. Оң және теріс болады?( Заряд)
5. Ток көзінің ішкі құрылысына тәуелді шама?( Электр қозғаушы)
6. Өткізгіш бойымен зарядтардың бағытталған қозғалысы? ( Электр тогы)
7. Сағат, минут ненің өлшем бірлігі? ( уақыт)
8. Үштен кем емес өткізгіштің тоғысқан нүктесі? (Түйін)
9. Кедергінің өлшем бірлігі? ( Ом)
10. Ток күшіне тура пропорционал шама?( Кернеу)
6. Сабақты қорытындылау
Біздің үйімізді жарықтандыруға қолданылатын қыздыру шамдарының ток күші, олардың қуатына сәйкес 7-ден 400 мА-ге дейін болады. 1 А ток күші адам өміріне қауіпті.
Тізбектегі кернеу 220 В екенін сендер білесіңдер. Сондықтан тұрмысқа қажетті электр энергиясын тұтыну (тоңазытқыш, теледидар, электржылытқыш аспаптар, музыкалықцентр және т.б.) құралдары 220 В-қа есептелінген және бір құралды іске қосқанда, қалғандары тізбекте бұрынғысынша жұмыс жасай береді.
Оқушылардың жаңа сабақта алған білімдерін пысықтау, сабаққа белсенді қатысқан оқушыларды мадақтау.
7. Оқушылардың білімін және сабаққа белсенділігін бағалау
5- 4- 3- 2-
8. Үй тапсырмасы. §52-56, 157-167 бет. Б.Кронгарт, В.Кем «Физика – 10», № 123;128. А.Б.Рымкеевич «Физикадан есептер жинағы»
9. Әдебиеттер:
Конграт Б.А., Кем В.И., Қойшыбаев Н. ФИЗИКА /Жалпы білім беретін мектептің қоғамдық-гуманитарлық бағытына арналған оқулық/ -Алматы:Мектеп,2010
Мякишев Г.Я., Буховцев Б.Б. ФИЗИКА / Орта мектептің 10-11 сыныптарына арналған оқулық/ - Алматы: Мектеп: 2001
Рымкевич А.П. Физика есептерінің жинағы. Алматы: Рауан, 1998г
10. Сабақтың аяқталуын хабарлау: Құрметті оқушылар, осымен бүгінгі сабағымыз аяқталды. Көңіл қойып тыңдағандарыңызға және сабаққа белсенді қатысқандарыңызға рахмет. Сау болыңыздар!
Достарыңызбен бөлісу: |