Тренинг Мақсаты: Отбасы тәрбиесіндегі ата – ананың



Дата08.09.2017
өлшемі23,08 Kb.
#30067
  • Ананың көңілі балада”
  • (тренинг)
  • Мақсаты:
  • Отбасы тәрбиесіндегі ата – ананың
  • балаға тәрбиелік ықпалын арттыру.
  • Бала тәрбиесіне көп көңіл бөлудің маңыздылығын дәлелдеу.

І.Кіріспе

  • І.Кіріспе
  • ІІ.Негізгі бөлім:
  • 1.”Мен үшін қымбат...”(Ой қозғау)
  • 2.”Бала деген кім?”(Ой қозғау)
  • 3.”Жүректен шыққан жылы сөз”:
  • А)”Мейірімділік шуағы”;
  • 4.”Жағымсыз қылықтар”
  • 5.”Жақсы қасиеттер”
  • 6.Ата-аналарға арналған ситуациялық сұрақтар
  • 7. Ана туралы ән
  • 8.Жаттығу “Тілек шырағданы”
  • 9. Қорытынды
  • Тренинг бағдарламасы:
  • І. Кіріспе бөлім:
  • - Сәлеметсіздер ме, құрметті ата – аналар!
  • Біз сіздерді көргенімізге қуаныштымыз.
  • Бүгін сіздермен өткізілгелі тұрған
  • тренингтің тақырыбы: «Ананың көңілі балада...» деп аталады.
  • Отбасы - өмірді кемеліне келтіреді, бақыт әкеледі.
  • Отбасы – адам өмірінің тамаша жақтары
  • жүзеге асатын .... адамның ең басты шаттығы
  • болып саналатын, баланың өсіп, өмір сүретін орны.
  • Екі адамның некелесуі толық отбасын құрамайды.
  • Дүниеге шыр етіп нәресте келгенде ғана отбасы толық отбасы
  • саналады. Қазіргі таңда ата – ананың бірінші мақсаты
  • – қаражат табу, балаларын еш нәрседен мұқтаж
  • етпеу болып қалды. Бала – шағаның қамымен
  • жүрген ата – ана бала тәрбиесіне де көңіл бөле
  • алмай қалды. Ал бала тәрбиесі отбасынан басталады,
  • қалыптасады. «Балапан ұяда не көрсе, ұшқанда соны
  • іледі» демекші жақсы – жаман әдеттерді бала
  • отбасында үйренеді. Отбасындағы кикілжің ұрыстар
  • баланың психикасына әсер етеді. Баланың мейірімді,
  • еңбекқор, әдепті болып өсуі – отбасында жайлы ,
  • жақсы климаттың болуы. Баламыз өмірден өз орнын
  • тауып, бақытты өмір сүрсін десек, бала тәрбиесіне көңіл
  • бөлуді ешқашан естен шығармайық.

«Сіз ұлыңызды немесе қызыңызды тек қана өзіңіз ата – аналық қуанышыңыз үшін ғана дүниеге әкеліп, тәрбиелеп жатқан жоқсыз.

  • «Сіз ұлыңызды немесе қызыңызды тек қана өзіңіз ата – аналық қуанышыңыз үшін ғана дүниеге әкеліп, тәрбиелеп жатқан жоқсыз.
  • Сіздің отбасыңызда болашақ азамат, болашақ қайраткер, болашақ күрескер өсіп келеді»
  • А.С.Макаренко

ІІ.Негізгі бөлім 1.“Мен үшін қымбат..”

  • Ананың
  • Ананың
  • махаббаты
  • Жан жылуы
  • Мейірімді көздері
  • күлкісі
  • мейірімі
  • Ыстық жүрегі
  • Аялы алақаны

2.“Бала деген кім?” туралы әрбір ата-ана ой қозғау жазады

  • 2.“Бала деген кім?” туралы әрбір ата-ана ой қозғау жазады
  • Бала
  • Бала
  • Үмітіміз
  • Өмірімнің
  • жалғасы
  • Болашағымыз
  • Бауыр етіміз
  • Асыраушым
  • Көмекшім
  • Ақылшым
  • Жүректен шыққан
  • жылы сөздер
  • А) «Мейірімділік шуағы» Ғалымдардың айтуынша,
  • баланың таңертеңгі ұйқыдан қандай көңіл – күймен тұруы –
  • бүкіл бір күндік көңіл – күйіне әсер етеді екен.
  • Сіз балаңызды таңертеңгі ұйқыдан қалай оятасыз?
  • Балаңызға ризашылығыңызды қалай білдіресіз?
  • Балаңыздың тәтті қылықтары
  • Балаңыз сізге қандай көмек көрсетеді?
  • Бала – ата – ананың үміті, өмірінің жалғасы.
  • «Баламның табанына кірген шөңге менің маңдайыма кірсін» -деп перзентін әлпештеп өсірген ата – ананың жатса – тұрса тілейтіні -баласының алдыңғы қатарлы азамат болып өскені.
  • Ендеше сіз балаңыздың бойынан қандай қасиеттерді көргіңіз келеді?
  • Жағымсыз
  • қылықтар
  • Жағымсыз
  • қылықтар
  • Сараңдық
  • Ызақорлық
  • Еріншектік
  • Тәкәппарлық
  • Мақтаншақтық
  • Дөрекілік
  • Жалқаулық
  • Жақсы
  • қасиеттер
  • Жақсы
  • қасиеттер
  • Тәртіптілік
  • Мәдениеттілік
  • Инабаттылық
  • Адамгершілігі мол
  • Еңбекқорлық
  • Тіл алғыш
  • Сыпайылық

Ата-аналарға арналған ситуациялық сұрақтар

  • С и т у а ц и я л ы қ с ұ р а қ т а р
  • 1 – сұрақ
  • «Балаңыз мектептен шағым айтып келді. Мұғалім ұрысқанын, енді сабаққа барғысы келмейтінін айтты. Сіз қандай әрекет етесіз?»
  • 2 – сұрақ
  • «Балаңыз ұялы телефон алып бер деп жылады. Сіз: «Шамалы шыдай тұр, уақытында алып беремін» - дедіңіз. Балаңыз тыңдамай есікті тарс жауып кетіп қалды. Сіздің әрекетіңіз?»
  • 3 – сұрақ
  • «Марат сабаққа дайындықсыз келді. Мұғалім сабақ түсіндіріп жатты. Марат сабақты да тыңдамады. Онымен қоса жанындағы оқушыларға да тыныштық бермеді. Мұғалім ескертулер берсе де қорытынды шығармады. Мұғалім оқушының сыныптан шығып кетуін талап етті. Марат үйге келіп шағым айтты. Ата – анасы әй – шәйға қарамай, директорға кіріп айқай шығарды. Ата – ананың бұл әркеті дұрыс па? Сіз қандай әрекет етер едіңіз?»
  • 4 – сұрақ
  • «Балаңыз түнімен теледидар көріп, ұйқысы қанбай қалды. Балаңыз: «Басым ауырып тұр, сабаққа бармай – ақ қояйыншы», - деді. Сіздің әрекетіңіз?
  • «Балаңыз мектептен шағым айтып келді. Мұғалім ұрысқанын, енді сабаққа барғысы келмейтінін айтты. Сіз қандай әрекет етесіз?»
  • «Балаңыз ұялы телефон
  • алып бер деп жылады.
  • Сіз: «Шамалы шыдай тұр,
  • уақытында алып беремін» - дедіңіз.
  • Балаңыз тыңдамай есікті
  • тарс жауып кетіп қалды.
  • Сіздің әрекетіңіз?»
  • «Марат сабаққа дайындықсыз келді. Мұғалім сабақ түсіндіріп жатты.
  • Марат сабақты да тыңдамады.
  • Онымен қоса жанындағы оқушыларға да тыныштық бермеді.
  • Мұғалім ескертулер берсе де қорытынды шығармады.
  • Мұғалім оқушының сыныптан шығып кетуін талап етті.
  • Марат үйге келіп шағым айтты.
  • Ата – анасы әй – шәйға қарамай, директорға кіріп айқай шығарды.
  • Ата – ананың бұл әркеті дұрыс па? Сіз қандай әрекет етер едіңіз?»
  • «Балаңыз түнімен теледидар көріп, ұйқысы қанбай қалды. Балаңыз: «Басым ауырып тұр, сабаққа бармай – ақ қояйыншы», - деді. Сіздің әрекетіңіз?
  • Сені анаң қалай еркелетеді?
  • Анаң саған қандай тамақтар пісіріп береді?
  • Өскенде кім болғың келеді?
  • Сен сабақтан келгенде анаң қандай көңіл күймен
  • қарсы алады? ☺-ме? ☻-ма?
  • Ата-анаң сабаққа дайындалуға көмектесе ме?

“Ана туралы жыр”

  • Сөзі: Ғ. Қайырбековтікі
  • Әні Ш.Қалдаяқовтікі
  • 1.Әлемнің жарығын
  • Сыйладың сен маған
  • Даланың әр гүлін
  • Жинадың сен маған.
  • Сен бердің құстардың
  • Қанатын самғаған
  • Балалық құштарым
  • Өзіңе арнаған
  • Қайырмасы:
  • Әлдилеп, аялап
  • Өсірген жемісін.
  • Самал жел, сая бақ
  • Құшағың мен үшін.
  • Есейіп кетсем де,
  • Мен саған сәбимін.
  • Көңіліңді көктемдей
  • Көзіңнен танимын.
  • 2. Өтеуге борышым,
  • Анашым, жан сырым.
  • Іздедім сен үшін
  • Әлемнің асылын.
  • Әлемнің байлығын
  • Сыйлар ем, кеш мені.
  • Сыйлар ем ай, күнін
  • Қолыма түспеді.
  • Қайырмасы.
  • “Адамдық негізі – ол - әйел”.
  • “Ана – отбасының ұйытқысы”.
  • Ата-ананың бар байлығы - баласы
  • Ұлы Абай айтқандай :
  • Балаға мінез үш адамнан жұғады:
  • 1.Ата-анасынан ,
  • 2.Ұстазынан,
  • 3.Құрбы- құрдастарынан,
  • - деген екен.
  • Ата-ана мен ұстаздың міндеті
  • Жалынды жас ұрпақ тәрбиелеу
  • Адамға ең бірінші білім емес,
  • рухани тәрбие берілуі керек,
  • тәрбиесіз берілген білім-адамзаттың қас жауы,
  • ол келешекте оның барлық өміріне апат әкеледі.
  • Әл-Фараби
  • “БАЛАҢЫЗҒА БӨЛІНГЕН УАҚЫТ
  • ОҒАН ДЕГЕН
  • МАХАББАТЫҢЫЗДЫ БІЛДІРЕДІ.
  • Балаңызды имандылыққа тәрбиелеңіз
  • Әрбір бала жүрегі әке-шешесінің үнемі қасында болғаның, олардың тату-тәтті , ешқашан ұрсыспауын қалайды
  • Ана сүтін ақтамағанды,
  • Ешкім мақтамайды.
  • Ана алдында - құрмет,
  • Ата алдында - қызмет.
  • Ата-анаң отырған
  • үйдің төбесіне шықпа.
  • Әке көрген оқ жонар,
  • Шеше көрген тон пішер.
  • Алып анадан туады,
  • Ат биеден туады.
  • Ананың алақаны -
  • балаға айдынды қоныс.
  • - АДАМДАР БІЛГЕНДЕРІНЕ ҚАРАЙ ЕМЕС, КӨРГЕНДЕРІНЕ ҚАРАЙ ӘРЕКЕТ ЕТЕДІ.
  • Балалар-біздерді бейнелейтін айналар
  • БІР БАЛАҒА
  • “НЕ ІСТЕП ЖАТЫРСЫҢ?” ДЕПТІ. “ҮЛКЕНДЕРДІҢ ІСТЕГЕНІН ІСТЕП ЖАТЫРМЫН”
  • ДЕПТІ.
  • “Тілек шырағданы”
  • Отбасы,ұшқан жанұя-жылылықтың,
  • жылулықтың мекені. «Отбасы» атауының мәніне үңілер болсақ,оттың да үлкен маңызы бар екенін сеземіз. Ал ананың алақаны оттан да ыстық. Сондықтан оттың басы,ошағымыздың түтіні түзу болу үшін «Тілек шамы» жаттығуын бір-бірімізге тілек айта отырып жүргізейік.

Ата-ананың жеке басының әсері балаға күн сәулесімен бірдей,мұны басқа ешбір нәрсемен ауыстыру мүмкін емес .Құрметті ата-аналар, сіздерден баладан жүрек жылуын аямай балаға бір сәт болса да,бала көзімен қараңыз дей отырып бүгінгі тренингке қатысқандарыңызға көп-көп рахмет айтамыз!

  • Ата-ананың жеке басының әсері балаға күн сәулесімен бірдей,мұны басқа ешбір нәрсемен ауыстыру мүмкін емес .Құрметті ата-аналар, сіздерден баладан жүрек жылуын аямай балаға бір сәт болса да,бала көзімен қараңыз дей отырып бүгінгі тренингке қатысқандарыңызға көп-көп рахмет айтамыз!
  • Қорытынды


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет