Банк лицензиялары Қазақстан Республикасы Қаржылық нарық пен қаржылық ұйымдарды реттеу және қадағалау агенттігінің 2007 жылғы 20 тамыздағы №254/1 банктер ұлттық және шетелдік валютада жүзеге асыратын банктік және басқа да операцияларды жүргізу лицензиясы; Қазақстан Республикасы Қаржылық нарық пен қаржылық ұйымдарды реттеу және қадағалау агенттігінің 2005 жылғы 26 қарашадағы № 0402100283 клиенттердің шоттарын жүргізу құқығынсыз бағалы қағаздар нарығында дилерлік қызметпен айналысу лицензиясы. Корпоративтік басқару Оның көмегімен акционерлердің құқықтары іске асырылатын, корпоративтік басқару саласындағы заңнама талаптарының және ішкі құжаттардың сақталуын бақылау, Банктің және оның органдары қызметінің сапасын арттыру қамтамасыз етілетін Банктің Жалғыз акционерінің және оның Директорлар кеңесін қоса алғанда, Банк басшылығының, сондай-ақ басқа мүдделі тұлғалардың арасындағы өзара әрекеттестік жүйесі. Банк рейтингі 2012 жылы «Эрнст энд Янг» компаниясы жүргізген диагностиканың нәтижесі бойынша Банк қызметкерлерінің өз күшімен енгізген көрсеткіштер жүйесі талқылануының жоғарғы дәрежесін белгіледі. Ағымдағы жағдайға сәйкес Moody`s рейтингтiк агенттігінің қорытындысы бойынша Банкке мынадай рейтингтер тiркелдi: ұлттық валютадағы депозиттер бойынша ұзақ мерзімді рейтинг– Ba1 (тұрақты); ұлттық валютадағы депозиттер бойынша қысқа мерзімді рейтинг – Not prime (тұрақты); қаржылық тұрақтылық рейтингі – E+ (тұрақты). Банк басшылығы Банк Басқармасы Банктің ағымдағы қызметіне басшылық жасауды іске асыратын атқару органы болып табылады, Банктің Директорлар кеңесі сайлайтын Басқарма Төрағасынан және оның орынбасарларынан, сондай-ақ Басқарушы директорлардан тұрады. Банктің құрылымы Банктің құрамына Алматы қ. Орталық аппарат және 17 өңірлік филиалдар кіреді. Статистика 2014 жылдағы Банк қызметінің негізгі көрсеткіштері