нүктесіне дейін жүргізілетін сызықтармен түзілетін
саңылау бұрышы анықталады.
Табиғи жарықтандыру күн сәулесінің жарықтандырылуымен ауа райының ашық күндері 25000-50000лк-ге жетеді,ал қыста және бұлтты күндері 700-1500лк-ге дейін төмендейді.
Жасанды жарықтандыру қыздыру шамдарының және люминесцентті шамдардың көмегімен іске асырылады.
Жарықтану деңгейін анықтау үшін:
жарықтануды өлшеу бойынша іс-әрекетін көрсетеді: өлшеу алдында люксметрдің тіркеуші бөлігін (гальванометрді) және фотоэлементті горизонтальды қалыпқа қояды;
аспаптың тілі шкаланың нөлдік қалыпында тұрғанын тексереді (ол үшін фотоэленментті гальванометрден ажыратады) және қажетті жағдайда аспаптың тілін нөлдік қалыпқа келтіруі үшін корректорды қолданады;
аспаптың тілі шкаланың нөлдік қалыпында тұрғанын тексереді (ол үшін фотоэленментті гальванометрден ажыратады) және қажетті жағдайда аспаптың тілін нөлдік қалыпқа келтіруі үшін корректорды қолданады;
гальванометрдегі диапозондарды қосқыштардың көмегімен насадкалардың көмегімен өлшеуді жүргізу диапозонын анықтайды;
гальванометрдегі диапозондарды қосқыштардың көмегімен насадкалардың көмегімен өлшеуді жүргізу диапозонын анықтайды;
сәйкесті шкала бойынша аспаптың тілі тоқтаған көрсеткішті жазып алады;
осы анықталған санды насадкада көрсетілген коэффициентке көбейтеді;
күндіз жарықтануды анықтауда: аралас жарықпен (табиғи және жасанды) құралған жарықтануды өлшейді;
жасанды жарықтың сөніп тұрған жағдайындағы жарықтану деңгейін анықтайды;
аралас және табиғи жарықтанудың арасындағы айырмасын есептейді – осылайша жасанды жарықпен құралатын жарықтану деңгейін табады.
Люксметр (лат.lux — жарық және гр.metre - өлшеймін) - жарықтықты өлшейтін аспап. Люксметрлер көзбен ажыратуға арналған және фото-электрлік түрлерінде болып келеді.