2. Әлемдік, жергілікті және рулық – тайпалық діндердің географиясы мен маңызы.
Жер бетіндегі халықтардың діни құрамын болжаммен ғана санауға болады. Себебі, дін туралы тіркеу көп мемлекеттерде жүргізілмейді. Мысалы, жапондықтардың 75%-ы өздерін синтоисттер, 75%-ы буддистерміз деп есептейді.
Мұсылмандар мен индуистар саны үнемі өсуде және Орталық Африкада мұсылмандардың, ал Үндістанда индустардың маны өте жоғары деңгейде көтерілуде. Католиктер мен православтықтардың саны бір қалыпта. (2 кестені қараңыз).
Тайпалық діндер - әлеуметтік-экономикалық қатынастары жөнінен артта қалған халықтар мен тайпалардың діни сенімдерінің алғашқы формасы.
Алғашқы қауымдық мәдениетті зерттеушілердің айтуы бойынша, діни сенімдері жоқ тайпа болмаған.
Дін географиясы
Діндер
|
Сенушілер саны (млн.адам)
|
Басты аймақтар мен таралған елдер
|
Әлем діндері:
|
Буддизм (б.з.д.
VІ ғ.)
|
700 астам
|
Шығыс және Оңтүстік-Шығыс Азия ( Қытай, Жапония, Монғолия т.б.)
|
Христиандық
(б.з.д. І ғ.)
|
1000 астам
|
Еуропа, Солтүстік Азия, Америка, Австралия
|
Католицизм
|
580
|
Батыс және Оңтүстік Еуропа, Оңтүстік Америка ( Франция, Испания, Португалия, Италия, Германия)
|
Православие
|
70
|
Шығыс және Оңтүстік Еуропа, Солтүстік Азия ( Ресей, Украина, Беларусь, Молдова, Грузия, Болгария, Румыния, Греция т.б.)
|
Протестантизм
|
350
|
Солтүстік Еуропа, Солтүстік Америка (АҚШ, Канада), Австралия, Ұлыбритания, Германия, ОАР т.б.
|
Ислам
(б.д. VII ғ.)
|
800 астам
|
Оңтүстік және Оңтүстік-Батыс Азия, Орта Азия, Солтүстік Африка ( Индонезия, Пәкістан, Бангладеш, Сауд Арабиясы т.б.)
|
Шейіттер
|
70
|
Иран ( мемлекеттік дін), Ливан, Азербайджан
|
Суниттер
|
730
|
Көбісі мұсылмандар елінде
|
Жергілікті діндер:
|
Индуизм
|
520
|
Үндістан, Непал, Шри-Ланка
|
Сикхизм
|
15
|
Үндістан ( Пенджаб )
|
Конфуциандық
|
180
|
Қытай
|
Синтоизм
|
90
|
Жапония
|
Иудаизм
|
10
|
Израль, АҚШ
|
Рулық тайпалық діндер
|
Фетишизм
|
|
Тропикалық Африка
|
Тотемизм
|
|
Америка үнділері, Австралия аборигендері
|
Ата-баба табынуы
|
|
Оңтүстік – Шығыс Азия
|
Шаманизм
|
|
Солтүстіктің аз халқы
|
Фетишизм – жансыз заттарға табыну. Ол: тас, ағаш бөлігі, жануардың бір бөлігі және т.б. болуы мүмкін. Кейінірек – мүсіндер, идолдар болды.
Тотемизм – бұл тайпа қай жануардан не өсімдіктен пайда болса, соған табынудан пайда болған дін. Мысалы, Австралияда бұл – кенгуру, эау, түйеқұс; бұларды тамақ ретінде қолдануға немесе өлтіруге болмайды.
Ата-баба немесе аруаққа табыну – бұл бұрын өмір сүрген ата-бабалары мен туысқандарының бар екеніне сену және олар өмір сүріп жатқандарға теріс немесе оң әсерін тигізуі мүмкін деп түсіндіреді.
Шаманизм – жеке адам қабілеттілігіне сену, олар аруақтармен тілдеседі, олардың күші арқылы басқаларды емдейді және т.б. мақсаттарда қолданады.
Сонымен қатар, бұдан басқа бірнеше діни сенімдерді атап кетуге болады: анимизм (латын сөзі – «жан») – барлық табиғи құбылыстарды бейнелеу; пантеизм – құдай туралы түсінік, магия, табу жүйесі т.б.
Әлемдік діндер. Тек қана үш дін халықаралық сипат алып, әлемдік дінге айналады.
Буддизм - әлемдік діндердің ең ежелгісі болып саналады.
Христианшылдық – алғашында идуаизмның секталарының бірі ретінде пайда болған. Кейіннен бұрынғы діни сенімдерді ығыстырып, Рим империясында кең тарады.
Ислам - әлемдік діндердің ішінде ең жас діндердің бірі. Ол араб түбегі халықтарының арасында пайда болған. Оның негізін қалаушы Мұхаммед есімімен байланысты. Исламды көбінесе магометандық немесе мұсылмандық деп атайды. «Алла» сөзі «Ал» құдай сөзінен шыққан. Құран бойынша адам өте әлсіз жан, күнәға жақын, өз еркімен еш нәрсеге қол жеткізе алмайды, тек Алланың көмегі арқылы ол белгілі – бір нәтижеге жете алады.
Мұхаммед тарихи тұлға. Ол 570 жылы туған. Жас кезінде көкесінің малын бағып, кейін оның жесір әйеліне үйленген және Араб елінің билеушісі болған.
Ислам пайда болғаннан кейін ол – шиизм мен суннизмге бөлінеді. Шейіттер өздерінің имам – халифы ретінде тек Әлидтерді (халиф - Әлидің ұрпақтары мен әйелі Фатима) мойындайды. Суниттер Құранмен қатар Суннуды, яғни киелі Мұхаммед жазбаларын мойындайды. Мұсылманның жоғары билігі мәселесін шешуде (имам - халифтерді) «барлық қауым» келісіміне сүйенеді. Иран мен Ирактағы жақындағы соғыс осы шейіттер мен сунниттер арасындағы қақтығыстар әсерінен болды.
Жергілікті діндер деп анағұрлым дамыған діндер жүйесін атайды. Ол бір тайпаның немесе туысқандық этностардың шекарасынан шықпайды.
Индуизм – Үндістанда, Непал, Шри-Ланкада дамыған діндердің бірі. Бұған бір-бірінің жаны ауысады немесе кармаға кіріседі. Тримурт (үштік) құдайлары – Брахма, Шива, Вишнуге табыну касталық жүйені белгілі бір тәртіппен орындау деген сенімдер жатады. Киелі заттарға жануарлар (сиыр, жылан), өзендер (Ганг), өсімдіктер (лотос) жатады.
Сикхизм – индуизм ішінде секта болған. XVI-XVII ғғ – да сикхизмнен бөлініп шығып, өз бетінше дамыды, ол әсіресе, Үндістан штаты – Пенджабта тез тарады. Барлық сикхтарға «сингр» (арыстан) деген атақ беріледі. Ол фамилиясымен бірге аталып жүреді. Бұл өте жоғары құрмет болып есептелінеді.
Кейінгі жылдары сикх дінін ұстанушылар Пенджабта тәуелсіз Халистан мемлекетін құруда ат салысуда. Осылардың қатысуымен Индира мен Раджива Ганди өлтірілген болатын.
Сикхтер Үнді халқының 2%-ын құрағанымен, әскер құрамында 30% сикхтер бар. Сонымен қатар, олардың мемлекет басындағылар мен полиция арасында саны көп. Бұл дінді Заил мемлекетінің президенті Сингх та осы жақында қабылданған болатын.
Конфуциандық – Қытайдың діні. Бұл діннің маңызды элементтерінің бірі – ата-бабаға табыну болып табылады. «Сяо» туралы ғылым – бұл ата-анаға деген баланың қамқорлығы. Конфуция діні үлкендерге сөзсіз табынуды талап етеді.
Синтоизм – Жапонияда ата-бабаны қадірлеу және табиғатқа табынудан шыққан дін. Синтоистер көптеген құдайлар мен аруақтарға сенеді. Діннің ең жоғарғы құдайы ретінде Күн құдайы, яғни Жапон император әулеті тараған – Аматэрасу деп есептейді.
Ең көне дін қатарына иудаизмді жатқызуға болады. Ол Оңтүстік-Батыс Азияда, Полистинаның еврей халықтары арасында, қазіргі Израиль жерінде пайда болған. Оған күнә мен тәубә идеялары тән. Яхве құдайынан басқа, адам жанының өлмейтіндігіне, жұмақ пен тозақтың бар екеніне сенеді. Иудаистердің киелі кітабы – Танах және діни сенімінің тркататтары – Талмуд иудаизм туралы түсінікті аша түседі.
№ 6 дәріс тақырыбы: Еңбек ресурстары және оларды колдану
Сабақтың жоспары:
Әлеуметтік құрылым және әлеуметтік стратификация.
Еңбек ресурстары және тұрғындардың жұмыспен қамтылуы.
1.Әлеуметтік құрылым және әлеуметтік стратификация.
Әлеуметтік құрылым – қоғам өмірімен байланысты қандай да бір тұтас белгілермен сипатталатын, өзара байланысты әлеуметтік қауымдастықтардың жиынтығы. Таптық (таптар, әлеуметтік топтар), демографиялық (жастар, әйелдер, қарттар), этникалық (тайпалар, этностар, ұлттар) құрылымдар аса үлкен әлеуметтік қауымдастықтар болып табылады.
Әлеуметтік – таптық құрылым (әрі қарай соны талдайтын боламыз) өзінің даму прцесінде одан да алуан түрлі және күрделі бола түседі, бұл қоғамның тұрақтылығын қамтамасыз етеді. Қоғамның әлеуметтік құрылымындағы өзгерістерді анықтау үшін, ғалымдар көптеген бағыт – бағдар мен әдістерді жасады. Таптар теориясы мен әлеуметтік стратификация теориясы кеңінен танымал болды.
Ондаған жылдар бойы авторы неміс социологы Макс Вебер болып табылатын қоғамның әлеуметтік бөлінуін талдаудың стратификациялық әдісі мен марксистік дәстүрдегі таптық талдау арасында дау туындап келеді. Карл Маркс пен Макс Вебер байлық, бедел, билік секілді үш критерийді негізге алатын әлеуметтік теңсіздік екі негізгі бағытының негізін қалады.
Марксистік дәстүрде барлық байлықтағы ерекшеліктерге, яғни таптық иелікке сілтеніп отырды. Марксистердің қорытындыларын былай түсінуге болады: егер біз бәрінде тең емес болсақ, оның себебі біреуінде ғана тең емеспіз; әлеуметтік теңсіздікті қай жағынан қарастырсақ та, ол иеліктегі тең емес жағдайды байқатады, ал ол үшін өлшем тек бір ғана негізгі шешуші айырмашылықтың формасы; үш өлшем міндетті түрде сәйкес келеді, біріне – бірі жиналады. Сондықтан, стратификация бір өлшемді.
М.Вебер және оның шәкірттері керісінше айтады: егер біз біреуінде ғана тең емес болсақ, онда бұл барлығында тең еместігімізді білдірмейді; үш өлшем міндетті түрде сәйкесе бермейді және ешқайсысы шешуші бола алмайды. Барлық комбинациялар мүмкін: бедел мен биліксіз де бай болуға болады (мысалы, "жаңа орыстар"); байлықсыз да билікке ие болуға болады (билеуші демократтар); кедей биліксіз бола тұрып беделді болуға болады (интеллигенция). Стратификация әрқашан үш өлшемді.
Стратификация теориясын жақтаушылар әлеуметтік өзгерістердің динамикасын зерттеуде тік және көлденең стратификациялау формулаларын жиі пайдаланады, олардың ойынша адам өз өмірінде бір әлеуметтік деңгейден екіншісіне өте алады. Немесе, сол деңгейде қала отырып, бір әлеуметтік топтан екіншісіне араласады.
Әлемдік қауымдастықта әлеуметтік құрылымның үш түрі бар:
1. Демократиялық нарықтық қоғам моделі, орта таптың үлкен тобының қолдауына ие. Ондағы әлеуметтік таптардың таралуының схемасы орталық бөлігінде дамыған (орта тап), жоғарғы таптың салыстырмалы үлкен емес полюстері (мүліктік – басқару элитасы) және кедей таптың топтары бар шеңбер формасын елестетеді. Орта тап АҚШ тұрғындарының 65% - ын, Франция тұрғындарының 60% - ын, Жапония тұрғындарының 70% - ын құрайды.
Батыстың дамыған елдерінде жалдамалы еңбек және жеке еңбек әрекеті барлық тұрғындардың 80% - нан астамының тіршілік көзі болып табылады. Жалдамалы жұмысшылар санының артуымен бірге, өнеркәсіптегі жұмысшы табының саны қысқарды. Бұрынғы, классикалық түрдегі пролетариат қазір жоқ. Азаматтық қоғамдағы жалдамалы жұмысшылар жоғары білімге ие және тұрғындардың жақсы қамтамасыз етілген бөлігін құрайды – олардың үлкен бөлігі қоғамның ортаңғы және қамтамасыз етілген бөлігіне жатады.
Интеллигенцияның – жоғары дәрежелі ақыл – ой еңбегімен кәсіби айналысатын адамдардың маңызы арта түсуде. Олар жалдамалы жұмысшылар қатарына кіреді және тұрғындардың орташа бөлігіне жатқызылады, бірақ әлеуметтік құрылымда ерекше орынға ие –олардан қоғамның интеллектуалды элитасы қалыптасады. Элита деп, бай адамдардың әлеуметтік тобын ғана атайтынына қарамастан, бұл ұғым қоғам үшін құндылыққа ие адамдарға да қатысты айтылады (интеллектуалдық, рухани элита).
2.Әлсіз дамыған, бірақ қоғамның нарықтық негізіне сүйенетін әлеуметтік құрылым моделі, төменгі бөлігі кең, жоғарғы жағы шығыңқы келген үшбұрыш түріне ие.
3.Бұрынғы социолистік қоғамның жіктелуінің моделі "тапталған пирамиданы" еске түсіреді, яғни төменгі жағы кең болып келген жалпақ үшбұрыш түріне ие, оның ауданының үлкен бөлігін "еңбекшілер", ал жоғарғы бөлігін билік адамдары құрайды.
Орташа тап - 10% - дан аз. Егер жағдай осы бағытта жалғаса берсе, онда Ресей қоғамы жуық арада марксистік схемаға толығымен сәйкес келеді және негізінен байлар мен пролетариаттан тұратын болады.
2.Еңбек ресурстары және тұрғындардың жұмыспен қамтылуы.
Еңбек ресурстар – ел тұрғындарының қажетті физикалық дамуға және еңбекке жарамды денсаулыққа ие бөлігі.
Тұрғындарды еңбек әрекетіне қатысты үш топқа бөлуга болады: жұмыскерлікке дейінгі, жұмыскерлік және жұмыскерліктен кейінгі жас немесе еңбекке жарамдылыққа дейінгі, еңбекке жарамды, еңбекке жарамдылықтан кейінгі тұрғындар.
Негізгі еңбек ресурстарының құрамына еңбекке жарамды жастағы тұрғындар жатады. Бұған мүгедектер мен зейнеткерлерді есепке алмағанда, өндірісетн тыс оқудағылар мен әскери қызметтегілерді де жатқызады.
Жұмыс істеуші жасөспірімдер (14-16 жас) мен жұмыс істеуші зейнеткерлер қосымша еңбек ресурстары болып табылады.
Жұмысқа немесе еңбекке жарамды жастың шегі барлық елдерде заңмен белгіленген. Ресейдегі еңбекке жарамды жас: еркектер – 16-59 жас, әйелдер – 16-54 жас аралығы. Экономикалық дамыған елдерде еңбекке жарамды жастың шегі айтарлықтай кең: АҚШ-та еркектер үшін де, әйелдер үшін де 16-65 жас, Финляндияда, Жапонияда, Канада мен Германияда тіпті 15 жастан басталады.
Еңбек жасының жоғарғы шегі орташа өмір сүру ұзақтығымен (көптеген дамушы елдерде өмір сүру ұзақтығы еңбек жасының жоғарғы шегінен аспайды) және мемлекеттің қарт адамдарды зейнетақымен қамтамасыз етудегі материалдық мүмкіндіктермен анықталады.
Қазақстанңің қазіргі заманғы еңбек құрылымы.
Қазақстанңің 2007 ж. тұрғындарының еңбек құрылымы. *
Еңбек ресурстары
|
Саны (млн.адам)
|
Тұрғындардан пайыз есебімен, %
|
|
1999 2005
|
1999 2005
|
Еңбекке жарамды жастағылар
|
10659 11224
|
71,2 74,5
|
Экономикалық белсенді тұрғындар
|
7005 7901,7
|
66,2 69,4
|
Халық шаруашылығында істейтіндер
|
6105 7261
|
86,5 91,9
|
Жұмыссыздар саны (экономикалық белсенді тұрғындарынан пайызбен)
|
950 640,7
|
13,5 8,1
|
*Ақпарат көзі : Агентство статистики Казахстана: Стат.сб. – Алматы.:2007.
Экономикалық белсенді тұрғындар (БҰҰ енгізген категория) – қоғамдық өндіріске қатысушы және қатысуды қалайтын тұрғындар. Яғни, бұл категория жұмыссыздық бойынша көмкепен өмір сүретін жүмыссыздарды да қамтиаы.
Экономикалық белсенді тұрғындарға қатысты жұмыссыздық деңгейін салыстырар болсақ, АҚШ – та 6,7%, батыс европалық елдерде 5%, Швейцарияда 18% - ға дейін. Ресейде жұмыссыздыққа деген қарым – қатынас өзгеруде:егер бұрын одан құтылу керек деп санаса, онда қазір жұмыссыздар болмаса жылдам құрылымдық өзгерістердің мүмкін еместігі айқындалып отыр.
№7 дәріс тақырыбы: Тұрғын халыктын көшіп-қонуы (миграциясы).
Сабақтың жоспары:
1.Көшіп – қонудың түрлері мен себептері, тұрғындардың территориялық жылжымалығының көрсеткіштері.
2.Дүние жүзі тұрғындарыныің миграциясы.
3.ТМД тұрғындарының миграциясы.
Көшіп –қонудың түрлері мен себептері, тұрғындардың территориялық жылжымалығының көрсеткіштері.
Тұрғындардың миграциясы (латын тілінен: migration- көшу ) – адамдардың тұрғын жайын тұрақта және уақытша ауыстыруымен байланысты орын ауыстыруы. Тұрғындардың орын ауыстыруын сипаттау үшін басқада терминдер кеңінен пайдаланылады: тұрғындардың миграциялық қозғалысы, тұрғындардың механикалық қозғалысы, тұрғындардың қайта жылжуы.
Миграциялық ағындар бағыт – бағдары бойынша сыртқы және ішкі миграцияға бөлінеді. Сыртқы миграциялар мемлекеттік шекараларды кесіп өту арқылы жүзеге асырылады және континентаралық, континентішілік болып бөлінеді. Оларда эмиграцияны (мемлекеттен шығу), иммиграцияны (мемлекетке кіру) және реэмиграцияны (отанына оралу) бөледі. Тұтқыннан оралғандарды репатрианттар (латын тілінен: patria – «отан», re – «кері») деп атайды. Ішкі миграциялар – бір елдің ішіндегі облыстар, аудандар, елді мекендер арасында орын ауыстыру.Ішкі миграцияда «эмиграция» және «иммиграция» терминдерінің орнына «қоныс аудару» және «қоныстандыру» терминдері пайдаланылады.
Қазіргі миграциялар күрделі әлеуметтік процесті бейнелейді. Олар өндіргіш күштердің даму деңгейімен және олардың әртүрлі аудандарда орналасуымен тығыз байланысты. Тұрғындардың жылжымалығының жоғары деңгейі жұмыс күшін толық пайдалануды, оны индустриалды орталықтар мен игерілетін аумақтар арасында қайта бөлуді қамтамасыз ете отырып, экономикалық прогреске жағдай жасайды. Мамандар «тұрғындардың жылжымалылық деңгейі ел дамуының жалпы деңгейін де бейнелейді» деп атап көрсетуде.
Сонымен қатар, миграцияның нәтижелері қарама-қайшы, себебі көп көлемдегі мигранттар ағыны жұмыссыздықтың өсуінің себебі болуы, әлеуметтік құрылымға қысым көрсетуі немесе криминалдық элементтердің шоғырлануына жағдай жасауы мүмкін. Москвалық үкімет осыдан қорқа отырып, келгендерді тіркеуге алуды жоюға қарсы болуда. Адамдар санының азаюы және тұрғындардың көп көлемде кетуі салдарынан аудандардың экономикалық құлдырауы да миграцияның теріс жақтары болып табылады.
2. Дүние жүзі тұрғындарының миграциялары.
Тұрғындардың миграциясы ежелгі уақыттырдан бері бар – адамзат дамуының алғашқы кезеңдерінде-ақ миграция көтерілімдерінің бірнеше кезеңдері болған. Бұл бәрінен бұрын Солтүстік Африка, Аравия, Орталық Азияда өмір сүретін тайпалардың осындағы жайылым жерлерінің құрғақшылыққа ұшырауы салдарынан мәжбүрлі түрде көшумен тығыз байланысты. Осы қысымның әсерінен халықтардың ұлы қоныс аудару дәуірінде, яғни біздің жыл санауымыздың басында ғұн, герман, алан т.б. тайпалардың айтарлықтай бөлігі батысқа ұмтылды және осы аумақтардағы жергілікті тұрғындарды қозғалысқа келтіріп қана қоймай, Европа мен Азия тұрғындарының қалыптасуына үлкен әсерін тигізді. Мысалы, осы дәірдің соңында Балкан түбегіне славяндар қоныстана бастады (VI-VIIғғ). Бірқатар зерттеушілер Аравия түбегінде өмір сүрген араб тайпаларының жаппай қоныс аударуын осы кезеңге жатқызады. Олар Солтүстік Африканың, Пиреней түбегінің, Таяу және Орта Шығыстың, Үндістан түбегінің тұрғындарын бағындыра отырып, өздері жаулап алған аумақта ислам діні мен араб жазуын таратқан болатын. Мұның қоныс аудару немесе жай ғана араб жазуын тарату екендігі, татарлар мен монғолдардың орыс жеріне шапқыншылық жасай отырып, қоныс аударғаны немесе аудармағаны күмәнді мәселеге айналып отыр.
Тұрғындардың ішкі жаппай миграциялары урбанизация әсерінен туындады. Ауыл тұрғындарының қалаға қоныс аударуы планетаның 100-ген млн тұрғындарын қамтыды. Миграцияның бұл түрінің масштабы үлкен болғаны соншалық, ол тіпті «ХХ ғ халықтардың ұлы қоныс аударуы» деп атала бастады. Дамушы елдердегі ауыл тұрғындары жақсы жұмыс іздеп қалаға ұмтылды, ал бұл ірі қалалардың күрт өсуіне әкеп соқтырды. Дамыған елдерде бұл процесс аяқталды және 80%-тік миграция деңгейінде тұрғындардың ауылдық жерлерге кетуі байқалады.
Тұрғындарының тығыздығының әртүрлілігімен ерекшеленетін әлемнің көптеген елдерінде ішкі миграция есебінен жаңа жерлерді игеру секілді миграция түрі кең тараған. АҚШ, Канада, Бразилия секілді көптеген мемлекеттердің аумағы теңіз жағалауынан бастап игерілген, ал елдің ішкі аудандарына халық кейіннен қоныстана бастаған. Европалықтардың Австралияға қоныстануы да осылай жүрген, тек оңтүстік-шығыстан солтүстік-батыс бағытта болған. Елдердің осы түріне Ресей де жатқызылады. Ресейде қоныстану батыстан шығысқа қарай жүрді және бұл жерде сыртқы миграцияның маңызы төмен болды.
Дамушы елдерде ішкі миграциялардың интенсивтілігі төмен және ол негізінен ауыл тұрғындарының қалаға қашуынан туындап отыр. Дамыған елдерде ішкі миграция тұрғындардың үлкен көлемін қамтиды, бұған үнемі өзгеруші коньюнктура, транспорт пен коммуникация құралдарының дамуының жоғары деңгейі жағдай жасайды. Бәрінен бұрын бұл жоғары төлемақылы жұмыс іздеп қаладан қалаға көшіп отыратын жұмысшылар және олардың отбасылары. Әсіресе, бұл американдықтарға тән – АҚШ-та санақ мәләметтері бойынша ел тұрғындарының 1/3 бөлігі өздері туылған штатта тұрмайды.
Қазіргі кезде дүниежүзінде босқындар мен мәжбүрлеп қоныс аударудың көлемі ұлғайып отыр. Бұл миграциямен тікелей немесе жанама байланысты және ұлтаралық қақтығыстардың, соғыстардың, саяси күрес пен аштықтың т.б. нәтижелері болып табылады. Азияның көптеген елдерінде босқындардың ішкі және сыртқы ағыны айтарлықтай көлемді, олар: Ауғаныстан, Иран, Ливан, Индия. Бұлардың қатарына Африка (Эфиопия, Судан, Чад) мен Латын Америкасының (Чили, Никарагуа, Куба) бірқатар елдері де жатады. Келесі материалда көріп отырғанымыздай, КСРО құлаған соң бұл құбылыс Ресейге де тән болып отыр.
3. ТМД тұрғындарының миграциялары.
90ж басынан бастап саяси және экономикалық жағдайдың ауысуымен байланысты еліміздегі миграция түрін өзгертті. Біріншіден, тұрғындардың ішкі миграциялық жылжымалылығы күрт төмендеп кетті, себебі экономикалық депрессия жағдайларында көшу мүмкін болмады. Екіншіден, ауданаралық миграциялардың бағыты қарама-қарсыға өзгерді – Қиыр Солтүстіктің, Сібір мен Қиыр Шығыстың тұрғындарының елдің орталық аудандарына жылжуы жүрді. Үшіншіден, ауыл тұрғындарының қалаларға ағылуы тоқтады және кей жерлерде ауыл тұрғындарының өсуі байқалды (елдегі урбанизация деңгейі 73 %-ға төмендеген), бірқатар қалаларда, оның ішінде Мәскеу мен Петербургте миграция сальдосы теріс мәнге ие болды.
Бұл кезде халықаралық миграциялық ағындар ұлғайды, оның негізгі бөлігін бұрынғы КСРО республикаларында қалып қойған 25 млн-ға жуық орыс иммигранттары құрады. Федералдық миграция қызметінің мәліметтері бойынша елге 1992-1997жж аралығында 5млн босқындар мен мәжбүрлеп қоныс аударғандар келген.
Құрамында алыс шетелдерге кетушілердің үлесі басым эмиграциялық ағындар да айтарлықтай көлемге ие. Олардың құрамында «ақыл-ойдың», немітер мен еврейлердің үлесі басым. Жыл сайын алыс шетелге 100 мыңнан астам адам кетеді, олардың басым бөлігі Германияға, Израильге және АҚШ-қа бағытталады.
Жоғарыда айтылғандай, мемлекетаралық уақытша еңбек миграциясының ағыны өсіп келеді: шетелде жұмысқа тұрғандар саны 1994ж 6 мың болса, 1996ж 12 мыңға жеткен, ал Ресейде жұмыс істейтін шетелдіктер саны 1995-1996 жж аралығында өзгермеген, яғни 300 мыңды құраған.
№8 дәріс тақырыбы: Дүние жүзі тұрғындарының орналасуы және қоныстанудың географиялық формалары.
Сабақтың жоспары:
1.Тұрғындардың тығыздығы.
2.Қоныстанудың торлары мен жүйелерінің құрылымын және динамикасын зерттеу әдісі.
1.Тұрғындардың тығыздығы.
Тұрғындардың тығыздығы – аумақтағы тұрғындардың көптігінің деңгейі, 1 шаршы шақырымға келетін тұрақты тұрғындаодың саны.
Картогорамма әдісімен орындалған тұрғындардың тығыздығының картасын пайдалана арқылы территорияның қонысталғандығын деңгейі талданады. Бұл жерде орташа тығыздық шығыңқы бұрыштарды кесу әдісін пайдалану арқылы саяси - әкімшілік бірліктер шегінде жүргізіледі. Н. Н. Баранскийдің өзі бұл әдісті «тегістелген картограмма» деп атады. Тығыздықтың карталарын жалпы тұрғындар үшін де, жекелген ауыл тұрғындары үшін де жасалады. Екі нұсқадада қалалар пунсонларға жатқызылады. Әлсіз қоныстанған аумақтар тұрғындарының орналасуын бейнелеу үшін дақтар мен арелдар әдісі қолданылады. Адамдардың көптігінің карталарында негізінен нүктелік әдіс пайдаланылады, бұл жерде әр нүкте адамдардың жекелген санына сәйкс келеді.
Адамдар тіршілік ететін құрлықта тұрғындардың орташа тығыздығы шамамен 1 шаршы шақырымға 40 адамнан келеді. Бұл жерде барлық адамдардың 70 % - ы құрлықтың 7 % - ы бөлігінде тұрады, ал қалған аумақтарда тұрғындардың орташа тығыздығы 1 шаршы шақырымға 5 адамнан келеді.
Адамдар мүлдем игермеген облыстар (поляр маңы зоналары, шөлдер, биік таулар) құрлық аумағының 15 % - ын құрайды. Бұл облыстардың табиғат жағдайлары өте қатал. Сондықтан, әрине, адамбардың негізгі бөлігі тіршілікке және ауыл шаруашылығын жүргізуге қолайлы аудандарда шоғыоланған. Қоңыржай, субтропиктік және субэкваторлық климаттық белдеулерде, теңіз деңгейінен 500 м биіктікке дейінгі жазықтарда және ойпаттарда, шамамен 200 км ендікке ие теңіз және мұхит жағалауларында халық көп қоныстанған.
Егер қоныстанудың біркелкі еместігі бойынша географиялық мысалдарды жалғастырар болсақ, онда Шығыс жарты шарда Жер тұрғындарның 86% - ы, ал Солтүстік жарты шарда 90 % - ы қоныстанғанын байқаймыз. Шетелдік Европа мен Азияда халықың тығыздығы әлем тұрғындарының орташа тығыздығының 3 есе асып түседі (1 шаршы шақырымға 100 адамнан астам), ал Америкада ол 2 есе, ал Австралия мен Океанияда 10 есе аз.
Әлемнің жекелеген мемлекеттері арасында, әсіресе, ергежейлі мемлекеттерде тұрғындардың тығыздығы аса жоғары. Мысалы, Монакода бұл көрсеткіш 15,5 мың, ал Сингапурда 4,5 мың. Ірі елдер ішінде бұл көрсеткіш Бангладеште ғана жоғары – 1 шаршы шақырымға 800 адам. Әлемнің ірі елдерінде тұрғындардың орташа тығыздығы мынадай: Қытайда – 125 ( биік тауларды есептемегенде – 200), Үндістан – 300, АҚШ – 27 адам 1 шаршы шақырымға.
Дүние жүзі халқының тығыздығының картасында жоғары тығыздықтың 5 негізгі арелы айқын бөлінеді. Олардың ең ірісі – Қытайды, ҚХДР, Корея Республикасын және Жапонияны қмтитын Шығыс Азия арелы. Бұл жерде орташа тығыздық барлық жерде 1 шаршы шақырымға 200 адамды құрайды, ал Янцзы аңғарында, Корея Республикасы мен Жапонияда 1 шаршы шақырымға 300 адамнан асады. Бұл жерде шамамен 1,5 млрд. тұрғын өмір сүреді.
Екінші аймақ – Оңтүстік Азия ареалы ( Үндістан, Бангладеш, Пакистан, Шри – Ланка ). Мұнда тұрғындардың орташа тығыздығы 1 шаршы шақырымға 300 адам, ал Ганг және Брахмапутра аңғарларныда 500 адамнан келеді. Мұндағы тұрғындар саны 1 млрд – тан асады.
Үшінші ареал – 300 млн – нан астам тұрғыны бар Оңтүстік – Шығыс Азия ( Индонезия, Тайланд, Филиппин ).
Төртінші ареал – Батыс Европа ( Ұлыбритания, Бенилюкс, Солтүстік Франция, Германия ), мұнда тұрғындардың орташа тығыздығы 1 шаршы шақырымға 200 адамнан асады.
Бесінші ареал – Атлант жағалауы мен Ұлы көлдер арасындағы АҚШ –тың солтүстік – шығысы мен Канаданың оңтүстік – шығысын қамтиды.
2. Торлар да, жүйелер де әртүрлі өлшемдерге ие көптеген алғашқы элементтерден тұратындықтан, қоныстанудың торлары мен жүйелерінің құрылымын және динамикасын зерттеуде статистикалық және математикалық әдістер ерекше орын алады.
Бәрінен бұрын, статистикалық әдістердің арасынан қоныстанудың торлары туралы мәліметтерді өңдеудің негізгі ретінде топтастыру әдісін бөліп қарауға болады: елді – мекендерді адам саны, үлкендігі, жасы, функциялары, тұрғындарының құрамы, өзара орналасуы, динамикасы т.б. бойынша тотастыру; екі немесе бірнеше белгілер бойынша комбинацияланған топтастыру.
Бұл әдістер құбылыстардың арасындағы көптеген тәуелділіктерді, байланыстарды анықтауға мүмкіндік береді.
Дәрежеленген қатарларды құру және берілген аумақтағы елді – мекендер жиынтығына арналған бөлу қатарларын жасау әдісі кеңінен қолданылады. Бұл әдіс туралы мына кітапта кеңінен баяндалады: П.Тойн, П.Ньюби «Методы географических исследований». Вып. І. Экономическая геграфия. М., 1977.
Қарастырылып отырған аумақтағы елді- мекендердің орналасуының біркелкілігінің деңгейін өлшеу қоныстануға сипаттама берудегі маңызды міндет болып табылады. Бұл үшін жақын көршілікті талдау және мына формула қолданылады:
Бұл жерде:
R – тұрғындардың территориялық бөлінуін сипаттайтын көрсеткіш.
D – жақын көршілер арасындағы орташа қашықтық;
S – зерттелетін аумақтың ауданы;
N – елді – мекендер саны.
Барынша біркелкі бөліну кезінде R көрсеткіші максималды мәнге ие (2,15 – ке жуық) болады; Бұл бүкіл аумақ бөлінетін алты бұрыштар орталықтарында барлық елді – мекендердің орналасуына сәйкес келеді. Барлық елді – мекендердің топтасуы кезінде R нөлге тең, ал олардың ретсіз, кездейсоқ бөлінуі кезінде 1,0 – ге тең. Осылайша, үздіксіз шкала бойымен 0 – ден 2,15 – ке дейінгі мәндерді, яғни аумақ бойынша елді – мекендердің кез – келген бөлінуін жазып шығу мүмкіндігі туады.
Кейбір әдістер «қалаішілік» географияны талдау үшін, әсіресеі қала аумағында тұғындардың бөлінуін зерттеу үшін, оның аумағын зоналарға бөлу үшін арнайы жасалған.
Ірі қалада тұрғындар тығыздығының бөлінуі Кларк формуласымен сипатталады:
Бұл жерде:
D – қаланың кейбір нүктелеріндегі тұрғындардың түнгі тығыздығы (мың адам/км)
A – тұрғын үйлердің шектік концентрациясының өлшемі (мың адам/ км)
E – натурал слгарифмдердің негізі (2,71828);
B – құрылыстың ықшамдығының өлшемі (км -1)
X – қала орталығынан берілген нүктеге дейінгі қашықтық (км)
Формула оратлықтан өала шктіне қарай тығыздықтың азаюн анықтауға мүмкіндік береді. Графикте бұл азаю тікбұрышты үшбұрыш гипотенузасының иілуімен бейнеленеді. Осы үшбұрышты 360 – қа айналдырудан алынған дененің көлемі берілген қаладағы адам санын көрсетеді.
Орталықтан кез – келген қашықтықтағы қала тұрғындарының санын мына формуланың көмегімен есептеуге болады:
Бұл жерде :
Н – орталықтан кез – келген R км қашықтықтағы тұғындар саны ;
R – қала орталығынан белгіленген қашықтық км.
Қалған белгілер жоғарыда көрсетілген.
Есептеу техникасы мына кітаптың 2 – баслымында келтірілген: Ю.Б. Медведев «Экономическая изученость районов капиталистического мира», М., 1965, гл.І, стр. 91 – 126.
Елді – мекендердің орналасуын талдау кезінде Стюарт ұсынған «қоныстану аглаңының потенциалын» пайдалану пайда береді. Бұл потенциал әр елді – мекннің адам санының сол пункттен қашықтыққа қатынасуының қосындысы болып табылады. Алаңның потенциалын есептеу формуласының бірнеше варианты бар. Солардың бірін келтірейік О.В.Евттев бойынша қоныстану алаңының потенциалын мына формуламен анықтауға болады;
Бұл жерде:
Р – потенциал анықталып отырған пункттегі тұрғындар саны;
Р – басқа пункттердегі тұрғындар саны;
Д – нүктесінен дейінгі қашықтық.
2 саны екі жақты байланысты білдіреді.
Шетелде қоныстануды зерттеуде қолданылатын сандық әдістерге мына кітапта жалпы шолу жасалған: «Модели в географии», М., 1971. Кеңес географтарының тәжірибесін мына жинақтан көріге болады: «Вопросы географии» сб. 77, М., 1968 т.б.
№9дәріс тақырыбы: Коныстанудын геграфиялык формалары, аулдык елди мекендер
Сабақтың жоспары:
1.Қоныстанудың жалпы заңдылықтары.
2.Тұрғындардың қоныстануы. Қалалық елді – мекендердің бөлінуі.
3.Елді – мекендердің түрлері мен қоныстанудың формалары туралы түсініктер.
4.Ауылдық елді – мекендердің географиясы.
5.ТМД – ның ауылдық елді – мекендерінің географиясы.
1. Қоныстанудың жалпы заңдылықтары.
Қоныстану тұрғындарды территориялық ұйымдастыру ретінде елді-мекендердің жүйесі ретінде түсіндіріледі. Олар өндіргіш күштердің, табиғат жағдайларының, тұрғындардың ұлттық, өндірістік-тұрмыстық және демографиялық ерекшеліктерінің орналасуы және дамуымен анықталды.
Қоныстанудың құрылымы елді-мекендердің құрамы мен территория бойынша таралуын анықтайды: тордың жиілігі, ірі және ұсақ, қалалық және ауылдық елді-мекендердің ара қатынасы. «Қоныстанудың құрылымы» термині мағынасы бойынша жоспарлық әдебиетте қолданылатын «қоныстанудың формалары» терминімен сәйкес келеді. Ірі және ұсақ елді-мекендердің тығыз немесе сирек торын, олардың орналасуының белгілі бір «суретін», тұрғындардың аумақ бойынша интенсивті немесе экстенсивті орналасуын «қоныстанудың формалары»деп атайды. «Қоныстанудың формалары» термині үшін елді-мекендердің морфологиясын және олардың үйлесімін ашатын мазмұнды қалдырған дұрыс. Осылайша, В.Г.Давыдов бойынша мыналар ерекшеленеді: а) қала; б) екі жақын қала немесе жұп қала; в) қалалық елді-мекендердің тізбегі; г) жинақталу.
«Кеңестік қала салудың негіздерінде» қоныстанудың 3 негізгі түріне сипаттама берген: а) поселкелік; б) қалалық; в) ауданаралық.
Поселкелік түр тұрғын үй аудандарына қатысты өте жақын зонада орналасқан бір еңбек орнының тұрғын үйлермен қарапайым байланысының басымдығымен сипатталады.
Қалалық түрдің негізінде еңбек байланыстарының айиарлықтай күрделі жүйесі жатыр, яғни тұрғын үйлердің әр тобы бір мезгілде қаланың әртүрлі бөліктерінде орналасқан бірнеше жұмыс орындарымен байланысты болады.
Еңбек және мәдени-тұрмыстық жол жүрудің картинасы мыналардың әсерінен күрделене түседі: а) қаланың әртүрлі аудандарындағы еңбек және селитебті сыйымдылықтағы диспропорция; б) әр тұрғын үйлер ауданыынң еңбек орындарының барлық жиынтығымен байланысының жағдайлары; в) отбасында әртүрлі жерлерде жұмыс істейтін 2 немесе одан көп мүшенің болуы (Москвада еңбекшілердің 30%-ы ғана бір ғана жұмыс істеушісі бар отбасына жатады).
Қоныстанудың қалалық түріне мынандай заңдылық тән: еңбекшілердің қаланың кез-келген пунктінде қоныстануының мүмкіндігі еңбек орнына қатынауына тура пропорционалды және олардан қашықтаған сайын азая береді.
Қала – орталықтың үлкендігіне байланысты қоныстанудың топтық формаларын 3 түрге бөледі: ірі, орташа және кіші. Бұл түрлердегі қалалардың үлкендігі сәйкесінше мынадай: 500 мыңнан астам, 100-500 мың, 50-100 мың адам.
2. Тұрғындардың қоныстануы. Қалалық елді-мекендердің бөлінуі.
Тұрғындардың қоныстануы – тұрғындардың елді-мекендер торының орналасуына негізделген аумақ бойынша орналасуы.
Қоныстанудың негізгі формаларына мыналар жатқызылады:
1) көшпелі жіне жартылай көшпелі қоныстану. Бұл тек Солтүстік Африка мен Орталық Азияның шөл және шөлейт аймақтарын мекендейтін, мал шаруашылығымен айналысатын және таулы-жазықты жерлердегі жайылымдарды маусымдық пайдаланатын ондаған млн адамдарға ғана тән. Көптеген елдерде көшпелі және жартылай көшпелі халықтар отырықшылыққа ауысқан немесе ауысуда. Мысалы, Ресейде көшпелілік мал айдаумен ауыстырылған, яғни мал үйірімен бірге тек бақташылардың тобы ғана көшіп келеді.
2) отырықшы қоныстану топтық (қалалық және ауылдық) және дисперстік (аграрлық және қызметтік елді-мекендер) қоныстанудан қалыптасады. Елді-мекендерді қалалық және ауылдық деп бөлуде әлі күнге дейін даулы мәселелер көп.
Елді-мекендерді қалаларға жатқызу бойынша барлық елдерге бірдей критерийлер әлі күнге дейін жоқ (ірі дегеніміз не?). Қалада адамдардың көптігінің критериі хуторлық қоныстану басым болып келетін Данияда 200 адамнан басталады, ал Қытайда ол 100 мыңға жетеді. АҚШ-та қал тұрғындарының бастапқы саны 2,5 мың адамды құрайды. БҰҰ демографтары әлем елдерінің қоныстануы құрылымы туралы ең төменгі шегі ретінде алады, сондықтан БҰҰ мәліметтері әдетте ұлттық санау мәліметтерінен ерекшеленіп тұрады.
Ресейде 1957ж бастап қаладағы адам саныынң төменгі шегі 12 мың адамнан анықтала бастады. Қалалық елді-мекендер ретінде 3 мыңнан астам тұрғындары бар қал типтес елді-мекендер бөлінеді (қала типтес елді-мекендер жұмысшы поселкелері деп те атайды). Сонымен қатар, қалалардың да, жұмысшы поселкелерінің де тұрғындарының 85%-ы отбасылық жұмысшылар және қызметкерлер болуы керек.
Ресей мысалынан көріп отырғанымыздай, қаланы бөлу кезінде басқа көрсеткіш – тұрғындардың тығыздығы да ескеріледі.
Дүниежүзінде қалаларды бөлуде тұрғындардың тығыздығы немесе құрылыстың тығыздығы секілді басқа критерийлер де бар. Жапонияда 50 мыңнан астам халқы бар елді-мекендердегі тұрғындардың тығыздығы 1 км 2 –ге 4 мың адамнан асқан жағдайда ғана қалаларға жатқызылады (салыстырар болсақ: Москвада тұрғындарының тығыздығы қандай? 9 млн адам:1 мың км 2 = 9 мың адам / км 2 ).
Кейбір дамушы елдерде (Замбия, Перу, Индонезия) қалалық белгілер деп аталатын критерий еңгізілген. Олар қолйлылық деңгейін және жекелеген қолайлықтардың болуын (реттелген көшелер, электр жарығы, канализация, мәдени-тұрмыстық мекемелер жүйесі) қамтиды.
3. Елді-мекендердің түрлері және қоныстанудың формалары туралы түсінік.
Елді – мекен - тұрғындар консентрациясының адамдардың өмірі, еңбек етуі және демалуы үшін барлық қажетті жағдайлары мен жабдықтары бар территориялық тұтас ықшам ареалы
Елді – мекен - қоныстану мәселелерін, қоныстану жүйелерінің қалыптасу мәселелерін зерттеуде қарапайым жүйе ретінде қарастырылатын күрделі геогрфиялық объект. Елді – мекендер жүйесінің дамуы және олардың орналасу сипаты ел шаруашылығы және халықтың тіршілік жағдайлары үшін бірінші дәрежелі мәнге ие. Бұл типтік елді – мекендерді және қоныстанудың барлық жүйелерін зерттеудің маңыздылығын анықтайды.
Әрбір қалалық және ауылдық, ірі және ұсақ елді – мекен өзіндік сипатта елдің экономикалық картасында, оның тұрғындарының картасында «негізгі ұяшықты» құрайтын кешен. Бұл кшен тұрғындардың территориялық тобын, адамдардың шаруашылығы мен тіршілгі үшін қажетті адам жасаған материалдық формаларды (ғимараттар, коммуналдық құрылыстар) қамтиды. Ол сонымен қатар, табиғи жағдайлары бар, елді – мекен орналасқан және оның тұрғындарының күнделікті өмірі өтетін жекелеген аумақты қамтиды.
Елді – мекендердің категориясы көптеген типологиялық және классификациялық белгілерге ие.
Заңнамалық тәжірбиеде елді – мекендерді қалаларға немесе ауылдық елді – мекендерге жатқызу бойынша жекелеген одақтас республикалар үшін нақты критерилер пайдаланылады. Мысалы, 1957 жылғы РСФСР Жоғары Кеңесінің Бұйрығы бойынша 12000 астам тұрғыны бар тұрғындарының 85% жұмысшылар, қызметкерлер немесе олардың отбасыларының мүшелері болып табылатын елді – мекендер қалаларға жатқызылған. Бұл жерде аталған елді – мекеннің әкімшілік мәні, дамуының болашағы, қолайлылығы, коммуналдық шаруашылығының және әлеуметтік – мәдени мекемелері жүйесінің дамуы да назарға алынады.
Тұрғындар саны 3000 – нан кем емес елді - мекендер егер оларда жұмысшылардың, қызметкерлердің және олардың отбасыларының мүшелерінің үлесі 85 % -дан асса, онда қала типтес елді – мекендер жатқызылған және жұмысшы поселкелері деп аталған.
Буржуазиялық елдерде заңдық тұрғыдан елді мекендерді қалалар қатарына жатқызу үшін олардың өнеркәсіптік мәні ғана емес, сауда және банк жұмысының дамуы да ескеріледі. Көбіне елді – мекендердің шаруашылық қызметі есепке алынбайды - тек тұрғындар санының көрсеткіштері және әкімшілік мәндері ғана қолданылады.
Бұл туралы егжей – тегжейлі мына кітаптардан оқуға болады: Г.Н. Озерова, В.В. Покшишевский «География мирового процесса урбанизаций» М. 1981, глава І, стр.12- 14.
Географиялық көзқарас тұрғысынан алсақ, қаланы өнеркәсіптік, ұйымдық – шаруашылық, басқару, мәдени, транспорттық және басқа қызметтер атқарушы ірі елді –мекен ретінде түсіну қажет. Қала – бұл территориялық еңбек бөлінісін жүзеге асырудың фокусы, адамдардың өндірістік, тұрмыстық және отбасылық байланыстарымен «шоғырлануы». Қаланың «ірілігі» онда тұратын тұрғындар санымен өлшенеді.
Қалалық және ауылдық елді – мекендердің адам саны бойынша топтастырылуы төмендегі кестеде келтірілген.
Топтар
|
Қалалар тұрғындары,
мың адам
|
Поселкелер тұрғындары, мың адам
|
Ауыл тұрғындары, мың адам
|
Аса ірі
Ірі
Үлкен
Орташа
Кіші
|
500 – ден астам
250 – 500
100 – 250
50 – 100
50 – ге дейін
|
- - -
10 – нан астам
5 – 10
3 – 5
3 – ке дейін
|
- - -
5 – тен астам
2 – 5
0,5 – 2
0,5 – ке дейін
|
Қалалар мен поселкелердің жақын орналасуы қоныстанудың әр түрлі топтық формаларын қалыптастырады, бұл кең таралған және көршілес елді мекендердің алуан түрлі күнделікті байланыстарына жағдай жасайды (еңбек, тұрмыстық, жол жүру, өндірістік байланыстары). Аса тығыз орналасу кезінде кең агломерациялар немесе конурбациялар – тұтас «урбандалған аудандар» пайда болады.
4. Ауылдық елді – мекендер географиясы.
Ауылдық елді – мекендердің айқын анықтамасы жоқ. Әр елде орнатылған қалалық елді – мекендердің талаптарына жауап бере алмайтын барлық елді – мекендерді ауылдық деп айтуға болады.
Фермерлік ауылшаруашылығына ие елдерде ұсақ ауылдық елді – мекендер жүйесі бар. Мысалы, Даниядағы хуторлар немесе АҚШ – тағы гомстедтер зонасы. Фермалар ауылшаруашылық жрлері аралығында бір келкі орналасады. Мұндай қоныстану фермерлік ауылшаруашылығының дамуымен байланысты біздің елімізде де зор болашаққа ие.
Жер шарындағы ауылдық елді – мекендердің жалпы саны бойынша тұтас мәліметтер жоқ, себебі көптеген елдерде ұсақ ауылдық елді – мекендер ірілерінің бөлігі деп саналады. Жуықтап алғанда олардың саны 12 – 20 млн шамасында.
Функционалдық қатынаста ауылдық елді – мекендерді ауылшаруашылық, ауылшаруашылық емес және аралас деп бөлуге болады.
Басты жұмысы ауылшаруашылығы және ауылшаруашылығы өнімін өңдеу болып табылатын елді - мекендер ауылшаруашылық ауылдық елді – мекендерге жатады. Жердің ауылдық елді – мекендерінің негізгі бөлігі ауылшаруашылығымен байланысты. Сондықтан ірі емес ауылшаруашылық елді – мекендерді ауылдық елді – мекендердің басым түрі болып табылады. Олар дамыған елдердегі елді – мекендердің 30 – 70 % - ын, дамушы елдерде 100 % - ын, ал бізде 50 % - ын құрайды.
Ауылдық елді – мекендердің жермен өндіріс құралы ретіндегі байланысы тұрғые үй мен еңбек орнынын барынша жақын болуын талап етеді. Мұндай жағдайларда үйден жұмыс орнынан дейінгі қашықтықты басып өту үшін өнімді егістен шығару үшін аз уақыт пен құрал шығыны кетеді.
Тұрғындары негізінен ауылшарушылығынан тыс салаларда жұмыс істейтін елді – мекендер ауылшаруашлық емес ауылдық елді – мекендер деп аталады. Оларда халық шаруашылығының шикізат және еңбек факторларына негізделген салаларының ұсақ кәсіпорвндары орналасады: тау – кен және өндеуші кәсіпорын; орман, аң аулау шаруашылықтары; транспорттық коммуникацияға қызмет көрсету т.б.
Ауылшарушылық емес ауылдық елді – мекендердің тұрғындары халыққа рекреациялық қызмет көрсетуді қамтамасыз етеді, қорықтарда, қорғау зоналарында табиғат қорғау қызметін атқарады. Мұндай елді – мекендер маятниктік мигранттардың тұрғын жайы болып табылады.
Үшінші функционалдық топты құрайтын аралас ауылдық елді –мекендерге біріншіден аграрлы – индустралдық, екіншіден әкімшілік және мәдени – тұрмыстық орталықтар қызметін атқаратын, үшіншіден маятниктік мигранттардың жоғары санына ие қала маңындағы елді – мекендер жатады.
5. ТМД – ның ауылдық елді мекендердің географиясы.
1979 ж. 17 қаңтарда Кеңес Одағы тұрғындарының 38 % - ы, яғни 98,5 млн адам ауылдық елді – мекендерде тұрған. Бір қалалық елді – мекенге орта есеппен жүз ауылдық елді – мекеннен келеді, олардың көшілігінің орналасуы бір маңызды шаруашылық саласының – ауылшаруашылығының дамуымен және мәдени – тұрмыстық айырмашылықтарды жою үшін ауылдық елді – мекендер жүйесін қайта құру қажет.
Ауылдық елді – мекендер географиясының негізгі ұғымдарын және ТМД – ның әртүрлі зоналарындағы ауылдық қоныстанудың ерекшеліктерін зерттеуге кірісе отырып, сырттай оқушы студент ең алдымен сәйкес «ТМД халықтарының географиясы» (1981) бөлімімен танысуы қажет.
Тмд – дағы ауыл тұрғындарының саны еңбек ресурстарының халықшаруашылығының салалары арасында заңдылықты бөлінуінің нәтижесінде азаюда. Бірақ ол келешекте де сол жоғары күйінде қалады, маңызды сала - ауылшаруашылығы ауылдық қоныстануға сүйенеді.
Әлеуметтік – экономикалық қатынаста ауылшаруашылық елді – мекендер не колхоз, не совхоз болып табылады.
Индустриализация барысында қалалардың өсуімен бірге алуан түрлі ауыл шаруашылық емес ауылдық елді – мекендер мен аралас елді – мекендер саны да арта түсуде, оларда тұрғындардың басым бөлігі өнеркәсіпте, транспортта және орманшаруашылығында жұмыс істейді. Ауылдық елді - мекендердің тағы бір ерекше түрі қалыптасты – ауылдық аудан орталықтары.
ТМД – ның елді мекендері түрі және көлемі бойынша алуан түрлі. ТМД – ның ауыл тұғындарының 44 % - ға жуығы 23,5 мың ірі ауылдық елді – мекендерде тұрады (колхоздар мен совхоздардың орталық орындары, ауылдық аудан орталықтары).
Алайда, ауыл тұрғындарының 33 % - ы ұсақ (26 – 100 адам) және кіші (101 – 500 адам) ауылдық елді – мекендерде тұрады, оларда қызмет көрсетудің жоғары деңгейін жасау қиын.
Ауылдық елді – мекендердің үлкендігі адамдардың тіршілігі үшін зор маңызға ие; ауылдық жерлердің тұрғындарына тұрмыстық – мәдени қызмет көрсету ұйымдастыру және қолайлы жағдай жасау көп жағдайда онымен байланысты. Ұсақ елді – мекендерде, әсіресе жастардың күннен – күнге өсіп келе жатқан сұранысын қанағаттандыру қиын.
Қазіргі заманғы ауыл шаруашылығының экономикалық талаптары әсерінен ауылдық жерлерде қоныстанудың әртүрлі өндірістік түрлері қалыптасады. Олар елді – мекендерді нығайту мүмкіндіктерін, елді – мекеннің қажетті тығыздығын анықтайды.
Ауылшаруашылық қоныстанудың өндірістік түрлері жк осы түрлердің ТМД – да географиялық таралуы туралы мына кітаптан оқыңыз: «Экономическая география СССР» часть 1. (М., Изд – во МГУ, 1967,стр 100 -102)
№10 дәріс тақырыбы: Казіргі қалалар және урбандалу маселелері
Сабақтың жоспары:
1.Географиялық еңбек бөлінісіндегі қалалардың орны.
2.Қалалардың классификациясының және типологиясының мәселелері
3.Урбанизация процесі және қалалық елді – мекендердің торы мен жүйелерінің дамуы.
4.Урбанизацияның қазіргі заманғы формалары.
1.Географиялық еңбек бөлінісіндегі қалалардың орны.
Коғамдық еңбектің бөлінуінің кеңістіктік формасымен қатар жүреді. Олар бірте – бірте өздеріне тән делдалдық қызметтері алыс байланыстар жүйесінде атқара бастайды. Олар әртүрлі шаруашылық дифференциацияға ие территориялар арасында анықталады: «қалалар басқа аумақтардың талаптарының әсерімен қалыптасады». Н.Н.Баранский айтқандай, шаруашылық байланыстардың географиялық қайта қалыптасуы жүреді.
Географиялық еңбек бөлінісінің даму процесіндегі қалалардың өалыптасуын «тереңдігі» және «ендігі» бойынша қарастыра отырып, орталықтардың үш категориясын бқлуге болады.
Бірінші категория аудандық мөндірістік – территориялық кешендердің қалыптасуымен байланысты.
Бұл процесті берілген ауданның территориялық – құрылымдық ерешеліктеріне негізделген жергілікті жүйелердің үйлесімін бейнелейтін қалалық елді – мекендердің аудандық жүйесінің қалыптасуынан көруге болады. Қалалардың орналасуының суретінен, олардың арасындағы өзара байланыстардың сипатынан, олардың әртүрлі категорияларының тепе – теңдігінен берілген ауданның территориялық және салалық құрылымы көрінеді.
Экономикалық ауданның даму деңгейі қалалық елді – мекендер жүйесінің өсуіне көріні табады, бұд ирархияның дәлдігін және қалалар мен елді – мекендердің жүйесінің құрамдас бөліктерінің белсенділігін білдіреді.
Екінші категория ауданаралық алмасуда байланыстардың ұлғаюының мәселелеріне жауап береді және ауданаралық алмасуда делдалдық қызмет атқаратын қалаларды да қамтиды. Бұл категорияға басты негізде екі түрдегі орталықтар жатады.
Алғашқы түрге дамыған көпсалалы өнеркәсібі бар көпфунционалды орталықтар жатады. Берліген экономикалық ауданның маманданған салалары, әсіресе олардың «жоғарғы қабат» осы орталықтардың өнеркәсіптік құрылымында жетекші роль атқарады. Бұл қалалар өнірістік орталықтардың иерархиясында жоғарғы деңгейді иелене отырып, ауданаралық алмасуға бағытталған өнімдер ағынын қалыптастырып қана қоймайды және оыс ағындарды қайта қалыптастырады әрі пайдалы етеді. Соңғысы айтарлықтай дәрежеде экономикалық ауданның өсуімен, оның дамуының тығыздығы және деңгейіімне байланысты.
Екінші түр жүк ағындарын қалыптастыратын және қайта бөлетін жалпы жүйелік мәндегі транспорт тораптарымен бейнеленеді. Олардың екуі де басқа қызыметтерімен «жүктелмеген» таза транспорттық тораптар да болады.
Соңында, үшінші категоия халықаралық еңбек бөлінісін жүзеге асыратын қалалардан құралған. Бұл жерде тек өнімді жеткізу арқылы халықаралық еңбек бөлінісіне қатысу ғана емес, үздіксіз экономикалық қарым – қатынаста жұмыс істеу де назарға алынады.
Бұл қалалар өздерінің экономикалық – географиялық жағдайының ерешеліктері арқылы осындай рольге ие болып отыр. Шетелмен тығыз қарым – қатынасты жүзеге асыратын орталықтардың функционалдық құрылымы былай бөлінеді: а) Халықаралық алмасуға қнім беруші салалармен өндірістер; б) импорттық шикізат пен отынның негізінде дамушы және еліміздің ішкі нарығына өнім беретін салалар мен өндірістер; в) сыртқы экономикалық байланыстарға экономикалық байланыстарға қызмет көрсету бойынша транспорттық – қоймалық қызметтері; г) шетелдік туристерге қызмет көрсету.
Географиялық еңбек бөлінісінің территориялық әртүрлі салаларында әртүрлі деңгейде қатысушы орталықтардың барлық үш катергориясы жеке – жеке емес, біріне – біріні жалғасып отырып дамитын жүйелерді құрады; олардың арасан қосатын «орталық – орналасушылар» түріндегі тізбектер бар.
2. Қалалардың классификациясының және типологиясның мәселелері.
Қазіргі кезде экономикалық географияда қалалардың классификациясының мынадай нұсқалары бөлінген.
А) тұрғындарының саны бойынша;
Б) географиялық жағдайы бойынша;
В) генетикалық белгілері бойынша;
Г) функционалдық құрылымы бойынша;
Д) территориялық еңбек бөлінісіне қатысуының деңгейі бойынша.
Өздерінің ғылыми – практикалық мәні жағынан қалалардың мынадай классификациясы кеңінен қолданылады: а) тұрғындарының саны бойынша; б) функционалдық белгілері бойынша; в) территориялық еңбек бөлінісіне қатысуы бойынша.
Тұрғындарының саны бойынша қаладардың КСРО – да қабылданған классиыикациясы барлық қалаларды мынадай топтарға бөледі: кіші, орташа, үлкен, ірі және есе ірі.
|
Тұрғындарының саны,
|
мың адам
|
Қалалардың топтары
|
Экономикалық географиядағы классификация бойынша,
|
Қала салу ұйымдарының жүйесінде қабылданған классификация бойынша.
|
Кіші
Орташа
Үлкен
Ірі
Аса ірі
|
20 мыңға дейін
20 – 100
100 – 500
500 мыңнан жоғары
|
50 мыңға дейін
50 -100
100 – 250
250 – 500
500 мыңнан жоғары
|
Функционалдық классификацияның негізінде қалалар былай бөлінеді:
Қала салушы мәнге ие әкімшілік – саяси, мәдени және экономикалық үйлестіруші көп функциялы қалалар.
Экономикалық функцияларының басымдығы бірден байқалатын қалалар. Қалалардың бұл түрін үш топқа бөлуге болады.
Көпсалалы өнеркәсіптік құрылымы және маманданған индустриялық орталықтары (металлургиялық, машина жасау, тоқыма, химия т.б.) бар өнеркәсіптік қалалар.
Трансорттық қалалар – ірі өзен және теңіз порттары, теміржол тораптары т.б.
Өнеркәсіптік – транспорттық қалалар.
Әкімшілік және мәдени функциялары басым қалалар.
Ғылыми қалалар.
Курортты қалалар.
Қалалардың функционалдық түрлерін зерттеу еңбек ресурстарын пайдаланумен байланысты мәселелерді шешу үшін, өнеркәсіптік кәсіпорындарды орналастыру үшін, қоныстану формаларын таңдау және қаланың жоспарлық схемаларын жасау үшін өте маңызды.
Қалалардың территориялық еңбек бөлінісіндегі орны бойынша категорияларын бұрын қарастырғанбыз.
Бұл тақырыптың негізгі ережелері мына жұмыстарда берілген:
Баранский Н.Н. Экономическая география. Экономическая картография. М., Географгиз, 1956, стр 175 – 180.
Константинов О.А. Типология и классификация городских поселений в советской экономико – географической науке. В кн: «Материалы по географии населения», Вып.2, Л., ВГО. СССр, 1963.
Хорев Б.С. Городские поселения СССР. М.,»Мысль», 1968, гл. 2.
3. Урбанизация процесі және қалалық елді – мекендер торы мен жүйесінің дамуы.
«Урбанизация» қаланың өсуі және дамуымен байланысты күрделі және алуан түрлі процестердің жиынтығын бейнелейді.
Урбанизациялық мәнін сипаттайтын кейбәр ережелер мынадай:
Урбанизация тар мағына қалалардың және қала тұрғындарының өсуін білдіреді.
Кең мағына – бұл индустрияның, транспорттың және адамның ауылшаруашылық емес іс - әрекет түрлерінің интенсивті дамуына әкеп соғатын, тереңдеуші қоғамдық еңбек бөлінісінің негізінде қалалар мен ауылдық елді – мекендердің әлеуметтік – экономикалық қайта қалыптасуымен байланысты дүниежүзілік тарих процесс. Урбанизация бір ғана қалалық «урбанизациялық ортаны» ғана емес, қоғам өмірі мен іс - әрекетінің барлық жақтарын қамтиды.
Урбанизация қоныстанудың әртүрлі урбандалған жүйелерінің – қалалық агломерациялардың (конурбация), урбандалған аудандар мен зоналардың қалыптасуына әкеп соқтырады.
Дамуды анықтаушы факторларға тәуелді түрде урбанизация мынадай түрге бөлінеді: 1) индустриалдық; 2) кешенді; 3) жалған – қала тұрғындарының өсу қарқынының қаланың экономикалық базасының дамуымен сәйкес келмеуі; 4) сервистік – қызмет көрсету саласының дамуы капиталистік елдерге тән.
Урбанизация қоныстанудың мынадай жүйелерінің қалаптасуымен қатар жүреді:
Қалалық агломерация – бұл шаруашылық тұтас урбандалған аумаққа енетін бірнеше қалалалық елді – мекендердің түрлері.
Агломерация орталық қаланың жан – жағындағы елді – мекендерді жұтуы, ал алыс жатқандарын өзіне бағындыруы жолымен пайда болады. Нәтижесінде моноцентриялық қалалық агломерация қалыптасады. Москва, Париж, Лондон секілді әлемдегі, ірі агломерациялар осы түрге жатады.
Кейде қалалық агломерацияға екі немесе бірнеше қалалар сіңіп кетуі мүмкін. Олардың экономикалық әсері және көлемдерінің ұқсастығы сондай, ешқайсысы агломерацияның жеке орталық бола алмайды, нәтижесінде полицентриялық қалалық ауломерация қалыптасады (конурбация).
Кейбір елдерде орталықсыз қалалық агломерациялық да бар. Бұл жағдайда кең аумақты үлкен емес қала типтес елді – мекендер алып жатады, бірақ олардың нақты бір орталығы болмайды. Мұнадай түрдегі ірі агломерация АҚШ – тың Калифорния штатындағы Анахайм – Санта – Ана – Гарден – Гроув ауданы болып табылады, 1970 ж. онда 1,4 млн адам тұрған.
Қалалық агломерация қандай түрде болмасын, оның шаруашылық тұтастығы әрқашан мына екі факторға негізделеді: а) тұрғындарының біртұтастығы; б) инфрақұрылымының біртұтастығы.
Конурбация – бұл полицентриялық қалалық агломерация (жоғарыда); ол қалалық агломерацияға тән барлық сипаттарға ие және мынадай ерекшеліктерімен бөлінеді: 1) бәрнеше агломерациялық орталықтардың болуымен; 2) транспорттық жүйесінің құрылу ерекшеліктерімен. Біздің елімізде конурбацияға мысал ретінде Ферғана – Марғұлан қалалық агломерацияның келтәруге болады. Оның екі қала – орталығы (Ферғана және Марғұлан), ортақ теміржол станциясы (Гарчакова), бірқатар қала маны елді – мекендері бар. Екінші мысал – Донецк – Макеевка қалалық агломерациясы. Токио – Йокогами және Нью – Йорк секілді әлемнің ірі қалалық агломерациялары да конурбациялар болып табылады.
Мегалополис – бірнеше қалалық агломерациялардың болуымен сипатталатын кең – байтақ урбандалған аумақ. Олардың өзара жақын орналасатындығы соншалық, айналасындағы заналар бірігіп кетеді де, агломерациялардың шекарасын анықтау мүмкін болмай қалады. Бұған мысал ретінде АҚШ – тың солтүстік – шығыс жағалауындағы Бостон – Вашингтон мегаполисін, Жапония қалаларының Тынық мұхиттық өнеркәсіптік белдеуін жатқызуға болады.
Агломерация – моноцентриялық, серіктес қалалармен қоршалған бір ғана ірі орталық қаласы болады. Конурбация – полицентриялық, бірнеше орталығы болады. Мегаполис – қоныстанудың формуласының күрделенуінің келесі деңгейі.
4. Урбанизацияның қазіргі заманғы формалары.
Урбанизация тұрғындар өмірінің демографиялық, әлеуметтік, экономикалық және т.б. барлық жақтарын қамтитын күрделі процесті бейнелейді. Қалалықтар сонымен және олардың жалпы халық ішіндегі үлесінің өсуі урбанизацияның негізгі көрсеткіші болыптабылады. Қалалық өмір салтының ауылдық жерлерге таралуы урбанизация (ағыл: rural – «ауылдық») деп аталады және олар қала маңындағы зоналарда кең таралған.
Дамыған елдерде қала тұрғындарының көрсеткіші жоғары: АҚШ – та, Ұлыбританиыда, Жапонияда, Швецияда және Германияда қалалықтардың үлесі 75% - дан асады.(соңғысында 94%). Азия мен Африканың дамушы елдерінде қала тұрғындарының үлесі жалпы әлемдік деңгейден төмен: Ауғанстан мен Эфиопияда 11 – 14%, Египет пен Түркияда 45%. Ал Ресейде қала халқының үлес салмағы 73% - ды құрайды.
Қалалық агломерациялар – бұл өндірістік, әкімшілік, еңбек, мәдени – тұрмыстық байланыстармен бір территоиялық жүйеге біріктірілетін қалалардың шоғыры.
Англияда мұндай шоғырлануды конурбация (лат: соп – «бірге», urbus – «қала»), ал АҚШ – та метрополис (грек: metropolis –«бас қала, астана») деп атайды. Қалалық агломерацияның құрамынан әдетте бас қаланы және қоршаған елді – мекендерді бөледі. Мұндай агломерациялар моноцентриялық деп аталады, егер орталық қалалар бірнеше болса, онда полицентриялық деп атайды.
Агломерацияның шекараларын әдетте орталық пен периферия арасындағы еңбек және мәдени – тұрмыстық байланыстардың интенсивтілігі бойынша анықтайды. Көріп отырғанымыздай қалалық агломерацияның шекаралары екі сағаттық көлікпен жүру қашықтығынан аспайды, яғни радиусы 50 -60 км болып келеді.
Қалалық агломерацияның шекаралары әдетте әкімшілік шекаралармен сәйкес келмейді, бұл көптеген есептеу жұмыстарын қиындатады. Сондықтан АҚШ –та SMSA ( стандартты метрополитендік статистикалық ареал ) есептеу бірлігі енгізілген. SMSA – ға тұрғындары ауылшаруашылығымен байланыспайтын, бірақ қалаға жақын орналасқан графтықтар жатқызылады. SMSA қазіргі заманғы қалалар бойынша дәл мәліметтер береді.
Қалалық агломерацияларды бөлетін біртұтас критерилер жоқ болғандықтан олардың санын тек жуықтап анықтауға болады. Дүние жүзінде, негізінен дамыған елдерде олар бірнеше мыңдап саналады (Ресейде – 100- ден астам). Әлемнің ірі қалаларындағы адам саны бойынша келтірілген мәліметтер де, сәйкес агломерациялар бойынша мәліметтер болып табылады.
Дамыған елдердегі агломерацияларда субурбанизация процесі, яғни орталыққа қарағанда қала маңындағы елді – мекендердің тез өсуі байқалады. Бұның бірқатар себептері бар: орталықтардағы жер учаскесінің және тұрғын үйдің бағасының өсіп кетуі; нашар орта; қала маңындағы зоналарда көлік қозғалысынң жеңіл болуы т.б. Агломерациялардың орталықтары маргиналды тұрғындардың мекеніне (АҚШ – та олар негрлер, мексикалықтар, пуэрторикалықтар т.б.) айналып барады. Тұрғындардың қала маңындағы елді – мекендерге қашуы өндірістің сонда ауысуына әкеп соқтырады.
Дамыған елдерде агломерациялық процестер жалғасуда, яғни жекелген агломерациялар бірігіп мегалополистер (грек: megalu – «үлкен», polis - «қала») айналуда. АҚШ – та мұндай мегалополистер үшеу: Солтүстік – Шығыс немесе Атланттық (Бостон Вашингтон), оның ені 200 км – ге, ұзындығы 1000 км – ге созылады, тұрғындар саны 50 млн адам; Көлдер маңы (Чикаго – Питтсбург) – 40 млн адам; Тынықмұхиттық ( Сан – Франциско – Сан – Диего) – 20 млн адам.
Алайда жапон мегалополисі Токайдо «Әлемдегі ең ірі болып саналады, мұнда 60 млн адам, яғни ел тұрғындарының жартысы тұрады.
Батыс Европада да көлемі жағынан кіші болғанымен бірқатар мегалополистер бар. Англияда Лондон, Бирмингем, Ливерпуль және Манчестер агломерациялары бір мегалополиске бірігіп кеткен, бұл жердегі тұрғындардың жалпы саны 35 млн адам. Париж, Амстердам және Кельн қалалары арасында, Францияның солтүстігін, Бельгияны, Нидерландыны және Германияның Рейн маңындағы ауданын қамти отырып, мемлекетаралық мегалополис қалыптасуда. Осылайша, урбанизацияның жаңа формалары – территориялар, белдеулер, зоналар қалыптасады, оларда ауыл мен қала арасындағы шекара жойылады.
№11 дәріс тақырыбы: Азияның тұрғын халықтар географиясы
Сабақтың жоспары:
1. Азия аумағындағы демографиялық халық ахуалы
2. Азияның келесі субрегиондары арасындағы ерекшеліктер. Шығыс Азия, Оңтүстік-Шығыс Азия, Оңтүстік Азия, Оңтүстік-Батыс Азия.
3. Шетел Азия халқының ұлттық және діни құрамы, ұлтаралық және діни кикілжіңдер.
4. Басты тілдік семьялар мен топтар.
1. Азия аумағындағы демографиялық халық ахуалы
Азия территориясында 46 мемлекет орналасқан, олардың ішінде дүниежүзіндегі халқы ең көп – Қытай, Үндістан, Индонезия, Пәкістан, Жапония,Бангладеш елдері.
Халықтың ең көп шоғырланған аумақтары:
1) Шығыс Азия: Қытай, Жапония, КХДР, Корея Республикасы - 1 млрд-тан астам адам бар;
2) Оңтүстік Азия: Үндістан, Бангладеш, Шри-Ланка, Пәкістан – 1 млрд адам;
3) Оңтүстік-Шығыс Азия: Индонезия, Тайланд, Филиппин, Малайзия – 300 млн-нан астам халық.
Солтүстік аудандар мен биік таулы өңірлерде халық сирек қоныстанған.
Шетелдік Азия халқының саны жөнінен басқа дүние бөліктерін басып озады. 1975 жылы бұл жерде 2200 млн адам тұрған, немесе барлық адамзаттың 56%. Шетелдік Азияның халқының табиғи өсімі барлық халық өсімінің 60%-ын береді. Халықтың көп бөлігі мына аймақтарда тұрады:
Шанхай (Қытай 13,5 млн адам);
Токио (Жапония 11 млн адам);
Калькутта (Үндістан 10 млн адам);
Сеул (Корей Республикасы 10 млн адам);
Бомбей (Үндістан 9,9 млн адам).
Шетелдік Азияның халқы өсімінің динамикасында соңғы ғасырларда көптеген өзгерістер болған. Ғалымдардың пікірі бойынша ХІХ ғасырда бұл дүние бөлігінің халқы басқа дүниежүзіндегі елдер халқының санына қарағанда тезірек өсіп, 1800 жылы шамамен 600 млн адамды құраған, яғни сол кездегі Жер шарындағы халықтың 65,6%. ХІХ ғасырда эпидемия аурулары және аштыққа байланысты көптеген адамдар, соның ішінде жастар қырылған. Бұл халық ұрпағының жиі ауысып отыруына әкелді. Биологиялық туудың жоғары болуына қарамастан, табиғи өсім төмен болған. Осының салдарынан 1920 жылы бұл аймақтағы халық саны бүкіл Жер шарындағы халық санынан 53,3%-ға қысқарды.
Статистика бойынша өлімнің төмендеуіне байланысты, әсіресе, балалардың, 1950 жылдан кейін халықтың табиғи өсімі күрт өсті (жеке елдерде жылына 3%-дан астам ). Осы демографиялық өсудің қарқынды болуына байланысты ол дүниежүзілік әдебиеттерде «демографиялық жарылыс» деген атқа ие болды.
Туу деңгейінің жоғары болуына байланысты Үндістан, Пәкістан, Шри-Ланка және де басқа елдерде 60 жылдардан бастап туу деңгейін төмендету мақсатында демографиялық саясат жүргізіле бастады.
2. Азияның келесі субрегиондары арасындағы ерекшеліктері: Шығыс Азия, Оңтүстік-Шығыс Азия, Оңтүстік Азия, Оңтүстік-Батыс Азия.
Шығыс Азия – Евразия материгінің кең аймақтарының бірі. Өзінің көлемі жөнінен – (12 млн км 2 ) Азия бөлігінің ¼ бөлігін құрайды. Бұл территорияда Монғолия, ҚХР, Корея (КХДР және Оңтүстік Корея), Жапония елдері орналасқан; Қытай территориясында, бұдан басқа, шетелдік 2 үлкен емес иеліктері сақталған: Сянган (Гонконг) және Аомынь (Макао).
Халқы. Шығыс және Орталық Азияның халқының саны 1,2 млрд адамды құрайды, яғни Жер шары халқының ¼ бөлігі. Онда көптеген халықтар, ұлттар, этникалық топтар тұрады. Ең көп және аймақтың ең ежелгі халықтарының бірі – қытайлар (ханьдар). Көптеген мыңжылдықтар бойы қазіргі Қытайдың территориясында әр түрлі халықтар өздерінің мемлекеттерін құрған. Қытайлықтар көптеген жүз жылдықтар бойы оңтүстік пен оңтүстік-батыс бөліктеріне қоныс аударған. Қоныс аудару барысында олар жаулап алған жерлерінде абориген халықтарымен кездескен, оларды құдалаған немесе ассимиляциялаған. Бірақ, олардың әсерінен өздері де өзгерген.
Оңтүстік Азия – Азияның ірі аймақтарының бірі. Оның ауданының көлемі 4,4 млн км 2 , ал халқының саны шамамен 900 млн адамды құрайды. Мұнда 7 мемлекет орналасқан: Үндістан, Пәкістан, Бангладеш, Шри-Ланка, Непал, Бутан және Мальдив Республикасы. Олар бір-бірінен аумағының көлемі мен халқының саны бойынша ерекшеленеді.
Халқы. Оңтүстік Азия дүниежүзіндегі халқы тығыз орналасқан облыстарының біріне кіреді. Оның территориясы құрлықтың 3,3%-ын құрайды (Антарктидасыз), және мұнда дүниежүзіндегі халықтың шамамен 1/5 бөлігі шоғырланған.
Оңтүстік – Шығыс Азия – Евразия материгінің оңтүстік-шығыс бөлігінде орналасқан. Бұл аймақтың жалпы көлемі 4,5 млн км 2 . Халқының саны шамамен 300 млн адамды құрайды. Бұл территорияның жартысынан астамын Үндіқытай түбігі мен солтүстік-шығыстағы таулы өңірлер (Тибетке дейін) алып жатыр. Оңтүстік – Шығыс Азияның елдері Австралия мен Евразия материктерін қосатын «көпір» тәрізді болып келеді.
Оңтүстік – Шығыс Азияда австролоидтік топтар сақталған, олар монголоидтармен араласпаған. Оларға Малакканың бұйра шашты, қара түсті веддаидтері және Индонезияның кейбір аралдарының халқы жатады, сонымен қатар, бұйра шашты, аласа бойлы негритостар (Малакка семангтары, Филиппин аэттары) мен бұйра шашты, бірақ ұзын бойлы Индонезия халқының өкілдері папуастар мен Мұхиттық меленезийцтерге ұқсас болыа келеді.
Шығыс Малайзия архипелагындағы австролоидтар мен монголоидтардың бір-бірімен араласуы соншалықты терең және интенсивті, тіпті бұл жерде олардың шығысиндонезиялық нәсілдердің қалыптасуына әсері тиюі мүмкін. Геногеографияның жаңа мәліметтері, дерматоглификаның (саусақтардың басындағы сызықтар), одонтологияның (тістердің орналасу ерекшеліктері) мәліметтері Оңтүстік-Шығыс Азиядағы австролоидтар мен монголоидтардың арасындағы генетикалық байланысы туралы айтады.
Оңтүстік – Шығыс Азия халқының этникалық құрамы үлкен күрделілікпен ерекшеленеді. Бұл аймақта ең көп қоныстанған халық – вьетнамдықтар – вьеттар (40 млн-нан астам адам).
3. Шетел Азия халқының ұлттық және діни құрамы, ұлтаралық және діни кикілжіңдер.
Азия мемлекеттеріндегі қазіргі діни жағдайлар өте ертеден бастап қалыптасқан, яғни орта ғасыр кезеңінде. Конфессиональдық шекаралар мен бірқатар өзгешеліктер халықтың этникалық бейнесін одан әрі қиындатып, күрделендіре түседі. Практикада конфессиональдық белгілер этникааралық қатынастарды этникамен алмастыра алады. Осылайша, «ұлттық» үнді мұсылмандарының қоғамдастығы қалыптасып, Пәкістан мемлекеті құрылды. Алайда, уақыт, мұндай алмастыру тек белгілі бір мезгілде ғана жүзеге асатынын көрсетті, экономикалық және саяси жағдайларға байланысты этникалық өзіндік сана діннен асып түсуі мүмкін. Міне осы жағдай Бангладеште жарияланған.
Басқа жағдайларда бірыңғай этнос діни принцип бойынша бірнеше жекеленген, тіпті этноконфессиональдық қауымдастықтармен шиеленісетін этностарға бөлінуі мүмкін, бұған мысал ретінде панджабтық этностың мұсылмандарға бөлінуін айтуға болады.
Ислам шиизм түрінде Иран мен Ирактың оңтүстік аймақтарындағы басым діннің бірі болып табылады, ал Йемен Араб Республикасында зейдизм діні тараған. Суннизм түрінде ислам діні Оңтүстік-Батыс Азияның қалған барлық елдерінде дерлік тараған (Израиль, Ливан мен Кипрдан басқа). Бұл діннің таралуы ҮІІ ғасырға жатқызылады. Ислам дініне Афганистан, Пәкістан, Бангладеш, Индонезия және де Малайзияның малайлық тұрғындары да табынады. Үндістанның, соның ішінде Кашмирде ислам дініне сенушілердің саны халықтың жартысынан көбін құрайды, ал Қытайда түркітілдес мұсылмандармен қатар қытайтілдес хуэй халқы бар, ислам дініне табынушылар, олар бүкіл мемлекет бойынша таралған және де Нинся-Хуэй автономиялық аймағында қалыптасқан. Шетелдік Азияның басқа елдерінде мұсылман дініне табынушылар саны көп емес. Оларға Мальдив аралдарының тұрғындары, Шри-Ланканың «маврлары», Бирманың аракандықтары, Кампучий мен Вьетнамның чамалары, Оңтүстік Таиландтың малайцтары және де Оңтүстік Филиппиндегі «моро» тұрғындары жатады.
Орта ғасырлардағы Үндістан еліндегі басты діндердің бірі болған индуизм діні, ерте брахманизм негізінде дамыған, ол өзіне ежелгі үнді арийцтердің діндерінің кейбір ұқсастықтарын,сонымен қатар аридтікке дейінгі (дравидтік және мундастық) Оңтүстік Азия тұрғындарының түрлі мәдениеттерін алған. Индуизм, эмигранттарды есептемегенде Үндістан, Непал, Бангладеш, Шри-Ланка (тамилдықтарда), аз мөлшерде Пәкістанда, Индонезияның ежелгі балийцтерінде тараған. Б.д.д ҮІ ғасырда индуизмнан джайнизм, ал б.д.д ХҮІ ғасырда сикхизм діндері бөлініп шыққан; бұл екі дін тек қана үнділік дін болып қалған. Ал 2500 жыл бұрын үнділік діндер негізінде пайда болған буддизм әлемдік діндердің біріне айналып, өзінің әртүрлі нұсқаларында көптеген елдерде кеңінен тараған. Бір қызығы Үндістанның өзінде буддизм дініне табынушылардың саны көп емес. Ламаизм формасындағы буддизм дініне Непал, Бутан, Монғолия және ҚХР-дің тибеттік аймақтарының тұрғындары сенеді. Солтүстік буддизмнің әртүрлі секталары, соның ішінде – махаяна Қытайда, Кореяда, Жапонияда және Вьетнам елдерінде, олармен қоса бұл елдерде жергілікті культтар да тараған. Ал буддизмнің хинаян немесе тхеравада түріндегі оңтүстік секталары негізінен Шри-Ланка, Бирма және де Таиланд елдерінде тараған. Кампучи мен Лаоста буддимнің бұл тармағы басты діндердің біріне айналған.
Шетелдік Азиядағы халықтар арсында христиан діні айтарлықтай аз тараған, тек Филиппин халқынан басқасы (испандық отаршылдардың әкелуіне байланысты), мұнда христиан діні басты дін болып саналады. Сонымен қатар, Ливанда (марондықтар, католиктер, православдықтар), Оңтүстік Үндістанның Керала штатында, Индонезияның кейбір аймақтарында (амбондықтар және минахастықтар) христиан дініне сенушілер саны көп.
4. Басты тілдік семьялар мен топтар
Халық санына байланысты мынандай тілдік топтар ерекшеленеді: қытайлық (қытайлықтар басым), үндіаридтік (хиндустандар, бенгальдықтар, пенджабдықтар және т.б.), түрік (қазақтар, қырғыздар, түріктер, якуттар және т.б.), жапондықтар және т.б.
Азияның Оңтүстік аймақтардағы кішігірім елдердің тілдері Үндіқытай түбегінде тұратын халықтардың тілімен ұқсас болып келеді. Бұл халықтардың көп бөлігі тибет-бирмандық және тайстік тілдерде, ал аз бөлігі мяо – яос тілдерінде сөйлейді. Оңтүстік Қытайдағы 17 млн-нан астам адамдар тайстік семья тілдерінде сөйлейді.
Тибет-бирман тілдерінде халықтың жартысы (14 млн адам), оның ішінде ең көбі ицзу мен тибеттіктер көп сөйлейді. Ицзу тілімен Оңтүстік-Шығыс Қытай және көршілес Бирма халықтарының тілдері ұқсас болып келеді, бұл осында бирмандық үлкен ареалының тибет-бирмандық тілдер бұтағының болғандығын дәлелдейді және де біздің эрамыздың басында олардың өздерінің жазулары болған. Тибеттік жазу ҮІІ ғасырда пайда болып, тибет тілінде кең көлемде әдебиеттер тараған. Тибет-бирман тілінде тибеттіктер мен оларға ұқсас 5-6 этникалық топтар сөйлейді; олардың орналасу ареалы – Тибет және де оған жақын жатқан Қытайдың провинциялары болып табылады.
Мяо және яо, сонымен қатар 2-3 мяо-яостық тілдік топтар (барлығы 6 млн адам) Оңтүстік Қытайдың таулы өңірлерінде тараған.
Солтүстік және Солтүстік – Батыс аймақтарының кішігірім халықтары ортаазиаттық және шығысазиаттық нәсілдік топтарға жатады. Олар алтайлық семья тілдерінде, соның ішінде түріктік, тунгус-маньчжурлық және монголдық тілдерде сөйлейді (14 млн адам). Тунгус-маньчжур тілінде маньчжурлардың үлкен топтары (4 млн адам) мен тағы бірнеше кішігірім халықтар сөйлейді.
Монголтілдес топта монголдар, бұрыннан Ішкі Монғолияның құрғақ далаларында және шөлдерінде және Синьцзянның солтүстік бөлігінде тұратын халықтар ерекшеленеді.
Оңтүстік –Шығыс Азия бөлігіндегі халықтардың үлкен тілдік топтарын қытай-тибет семьясының құрамына кіретін тибет-бирмандықтар құрайды. Бұл топтың ірі халқы – бирмандықтар. Өздерінің саны бойынша (23 млн адам) олар Үндіқытай түбегінде екінші орынды алады. Бирмандықтарға кая, качина (цзинпо) және де чина тілдері жақын болып келеді. Сонымен қатар, тибет-бирман тілдік тобына Бирманың солтүстік аймақтарындағы, Таиланд пен Вьетнамның бірнеше кішігірім халықтары жатады (хани, акха, лису, лаху, ицзу және т.б.).
№12 дәріс тақырыбы: Европаның тұрғын халықктар географиясы
Сабақтың жоспары:
1.Еуропа халқының таралып қоныстануының географиялық келбеті. Халықтың орналасуы және тығыздығы.
2. Еуропа халқының көртүрлілігі /этно-ұлттық құрамы.
3.Шетелдік Еуропа елдері мен субрегиондар арасындағы ішкі айырмашылықтар.
4.Еуропаның жоғарғы урбандалған аудандары және оның ауыл шаруашылықтың аймақтары.
1. Еуропа халқының таралып қоныстануының географиялық келбеті. Халықтың орналасуы және тығыздығы. 2004 жылғы мәлімет бойынша Еуропада шамамен 730 млн адам тұрады. Еуропалықтардың орташа өмір жасының ұзақтығы 74 жас. Мың адамға шаққандағы туу көрсеткіші 10 адам болса, өлім-жетім көрсеткіші 11 адамға жетіп отыр. Соңғы уақытта халықтың өсуі баяулауда, өйткені табиғи өсу көрсеткіші өте төмен, кейбір елдерде /Германия, Венгрия, Болгария, Чехия, Латвия/ бұл көрсеткіш теріс мәнге ие. Сондықтан халық саны кеміп, оның жас құрамы да өзгеріске түсуде. Мысалы, халықтың жалпы санында егде адамдар үлесі 20-23% - ға дейін артса,керісінше балалардың үлес салмағы азайып, бар болғаны 16-17%-ға жетіп отыр. Бұл жағдайлар халықтың сыртқы көші-қонының өзгеріске ұшырауына әсер етеді. Ұлы географиялық ашулар заманынан бері эмиграция ошағы болған Еуропа, қазіргі таңда еңбек иммиграциясының дүниежүзілік басты ауданына айналды. Мәліметтерге сүйнсек, Еуропада еңбек ететін 14 млн-нан астам шетелдік жұмысшылардың басым көпшілігі мейман жұмысшылар /немісше гастарбайтерлер/. Олардың саны, әсіресе экономикалық даму дәрежесі жоғары елдерде өте көп.Еуропа – дүние жүзіндегі халықтың тығыз қоныстанған аймақтарының бірі. Халықтың орташа тығызыдығы 1 км2 – ге 100 адамнан келеді. Бірақ халық аумақтарда біркелкі орналаспаған: бұл көрсеткіші 2 адамнан /Исландия/ 350-380 адамға /Бельгия, Нидерланд/ дейін өзгереді. Еуропада халықтың орналасуы қалалар географиясынан да байланысты.
2. Еуропа халқының көртүрлілігі /этно-ұлттық құрамы. Еуропа жерінде 80-нен астам этнос өкілдері тұрады. Еуропа халқының басым көпшілігі үнді-еуропалық тіл семьясына жатады. Шығыс және Оңтүстік-шығыс Еуропада словян тобының халықтары қоныстанған. оларға орыстар, украиндар, беларустер, поляктар, чехтар, словактар, балғарлар, хорваттар, мокедондықтар, словендер және т.б. жатады. солтүстік және Орта Еуропада герман тіл тобына кіретін халықтар /немістер, ағылшындар, голландықтар, шведтер, даниялықтар, норвегтер, исландықтар, т.б./ басым қоныстанған. Қазіргі кезде Британ аралдарын ғана қоныстанған кельт тіл тобына ирландықтар, шоттлатдықтар, уэльстіктер жатқызылады. Батыс Еуропаның мен оның оңтүстік батысын роман тіл тобына жататын халықтар қоныстанған. Балтық бойындағы латыштар мен литвалықтар осы тіл семьясының балтық тіл тобына жатады. Гректер мен Албандар өзіндік тілдік ерекшеліктерімен көзге түседі. Сол сияқты тілдік ерекшелігі нәтижесінде оқшауланған баск, воллан және т.б. халықтарда кездеседі. Еуропада фин-угор тіл семьясының тобына жататын венгр, фин, эстон, карел, саам, удмурт сияқты халықтар Скондинавиядан Балқан түбегіне дейінгі аралықта және шығысқа қарай кең таралған. Түркі тілдес тобына кіретін халықтар татар, башқұрт, түрік, қазақ, гагауз, т.б. Еділ бойымен Орал маңын және Еуропаның оңтүстік шығысын қоныстанған. Семит тіл тобына кіретін мальталықтар арабтар мен итальялықтадың араласуынан қалыптасқан. Жерорта теңізінің жағалауында қоныстанған. Әр халықтың тілдік ерекшелігі сақталғанымен, Еуропа халқы ұзақ жылдар бойы көші-қон нәтижесінде өте күшті өзгерістерге ұшыраған. Әсіресе көші – қонының қарқынды жүрген кезеңі 5-10 ғасырларға сәйкес келеді. 16 ғасырдың ортасына қарай Еуропа халқын қүрайтын этностардың барлығының дерлік негізі қаланды. Содан бері Еуропа халқының этностық құрамында айтарлықтай өзгерістер бола қойған жоқ. Тіпті 2 дүниежүзілік соғыстан кейінгі көші-қон өзгерістері де оған онша әсерін тигізе алмады.
3. Шетелдік Еуропа елдері мен субрегиондар арасындағы ішкі айырмашылықтар. Еуропадағы экономикалық ынтымақтастық идеясы еуропалық нарықты америкалық өнімдердің «жаулап алуынан» қорғау қажеттілігінен туындады. 1951 жылы франция, ГФР, Бельгия, Нидерланд және Люксембургтің тас көмір, темір кенін өндіретін және металлургия орталықтарына бақылау жасайтын Еуропалық көмір және болат бірлестігі құрылды. 1957 жылы бұл бірлестікке енетін елдері Еуропалық экрномикалық одақ пен атом энергиясы жөніндегі еуропалық одақты қүру туралы Рим келісіміне қол қойылды. 1960 жылдардың соңына қарай аталған үш ұйымның бірігуінен жаңа ынтықмақтасу тобы – Еуропалық қоғмдастық құрылды. Бұл келіс негізінде одаққа енетін елдер арасында кедендік шектеулер жойылып, үшінші топтағы елдерге қатысты ортақ экономикалық саясат жүргізу және қаржы, тауар , жұмыс күшімен еркін алмасу ауыл шаруашылығы саласында отақ саясаттық ұстану мен валюталық және саяси одақ құру мақсаты көзделді. 1973 жылы бұл ұйымға Ұлыбритания, Дания және ирландия, ал 1981 жыолы Грекия, 1986 жылы Испания мен Португалия, 1995 жылы Австрия, Швеция, Финляндия енді. 1993 жылы Еуропаның 8 елі Шеген келісіміне қол қойды.
4. Еуропаның жоғарғы урбандалған аудандары және оның ауыл шаруашылықтың аймақтары. Урбандалу деңгейі дүние жүзіндегі ең жоғары көрсеткіштердің бірі болып отыр. Бельгияда урбандалу деңгейі 97%, Исландияда 92%, Ұлыбританияда 895, Дания мен Германияда 86%; Швецияда 84%, Франция 74%, Қалалардың жалпы саны бірнеше мыңға жетеді және олар бір-біріне жиі орналасып, агломерациялар түзеді. Қала агломерацияларының саны АҚШ пен Жапония агломерацияларын қосқандағыдан әлдеқайда көп, яғни 40-тан астам ірі агломерациялар бар, ең ірілері Мәскеу /халық саны 12 млн адам./, Рейн-Рур, Лондон. Соңғы жылдары субурбандалу үрдісі, яғни серік қалалар мен қала маңының қарқынды өсуі байқалуда. Еуропа елдеріндегі ауыл шаруашылығының өзіне тән қалыптасу, даму кезеңдері мен белгілері бар. Көптеген елдер ауыл шаруашылығы өнімдерінің негізгі түрлері жөнінен өздеріңнің мұқтаждығын толығымен қамтамасыз етеді және артық өнімді сыртқа шығаруға ынталы. Сонымен қатар Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін көптеген елдердің аграрлық құрылысында, жерді иемдену мен пайдалануында айтарлықтай өзгерістер болды. Ұсақ шаруа қожалықтары біртіндеп жоғары мамандандырылып, сапалы өнім беретін шаруашылықтарға айналдырыдды. Мұндай ірі шаруашылықтар агробизнес жүйесіне енгізілді. Солтүстік Еуропада интенсивті сүтті мал шаруашылығы дамыған, Орта еуропада ауыл шаруашылығы сүтті және сүтті-етті бағыттағы мал шаруашылығына, шошқа, құс өсіруге маманданған. Өсімдік шарауашылығы халықты азық түлікпен қамтамасыз етумен қатар, мал азықтық дақылдарды өсуімен де айналысады. Оңтүстік Еуропада өсімдік шаруашылығының дақылдардың көп өсірілуіне қарамастан, Оңтүстік Еуропаның халықаралақ маманданған саласы жеміс, цитрус, жүзім, бадам, зәйтүн, жаңғақ, темекі, эфир майлы өсімдіктер өсіру болып табылады.
№13 дәріс тақырыбы: Американың тұрғын халықтар географиясы.
Сабақтың жоспары:
Халқының саны, ұдайы өсуі, ішкі және сыртқы көші-қон мәселелері
Ұлттың құрамы, таралып қонысталынуы
АҚШ-тың аумақтық орналасуы
Негізгі халықтары мен ұлыстары, олардың арасындағы қарама-қайшылықтар.
Америка Құрама Штаттары көптеген экономикалық көрсеткіштер бойынша дүние жүзінің жетекші державасы. Оның 50 штат пен федералдық Колумбия округінен ( астана Вашингтонның аумағы) тұратын демократиялық республика екні белгілі. 48 штат шоғырлана орналасқан, екеуі негізгі аумақтан бөлек: Аляска (патша үкіметінен 1869 жылы сатып алнған) және Гавай аралдары .
АҚШ-тың ұлан – байтақ аумағында 260 миллионнан астам адам өмір сүреді (дүние жүзінде ҚХР мен Үндістаннан кейінгі үшінші орын).
Американ ұлтының құралуының бастамасы иммиграция болоды. Сойтіп қазіргі американдар (аздаған байырғы тұрғындар – үндістерден, эскимостардан, алеуттар мен гавайлықтардан басқалары) Еуропадан, Жапониядан, Қытайдан, Филиппиннен және басқа елдерден барғандардың ұрпақтары.
Американ ұлтының құрамдас бір бөлігі - 32 миллиондай негрлер. Бұлардың ата – бабалары Оңтүстік плантацияларында жұмыс істету үшін Африкадан апарылғандар.
АҚШ – дүние жүзіндегі ең урбандалған елдердің бірі: әрбір төрт американның үшеуі қалаларда тұрады. Қоныстануда Нью – Йорк, Лос-Анжелес, Чикаго, Филадельфия, Сан – Франциско, Хьюстон, Детройт және т.б. секілді қалалық агломерация – «миллионерлер» басты рөл атқарады.
Кейбір көрші агломерациялар ұштасып, мегалополистер құраған - Босваш (Бостаннан Вашингтонға дейін), Көл бойы (Милуокиден Питтсбургке дейін), Калифорния (Сан – Францискодан Сан- Диегоға дейәін).
Ауыл шаруашылығымен айналысатын халық әдетте бірінен – бірі шалғай орналасқан фермаларда тұрады.
АҚШ-тың әскери ведомствосы – Пентогон бағытында.
Калифорния штаты халықтың саны жөнінен елдің ең ірі штатына (30 млн. адамға жуық) айналып, жетекші экономикалық көрсекткіштердің барлығы бойынша бұрынғы көшбасшы Нью-Йорк штатынан басып озды.
Сан.
1900 ж. - 76,2 млн. адам
1971ж. - 216,8 млн. адам.
1983 ж. - 234,2 млн.адам.
2000ж. - 275,6 млн. адам.
2007ж. - 303,3 млн.адам.
Туған тілді 215,4 миллион адам 293 млн. адамның ішінен меңгереді (73,5%). Испан тілі 28 млн. адамға АҚШ – тың тұрғындарына туған тілі болып саналады.
Орыс тілі 10 жолды алады АҚШ – тағы сақтаушылардың санымен – 700 мыңнан жоғары (0,24%).
Нью – Йорк тұрғындарының орыс тілінде сойлейтіндердің саны коп болып табылады (218 765 адам, немесе 30,98% орыс тіліндегілер), ең төмені – Вайоминг штатында ( 170 адам, немесе 0,02%). Бірінші ондыққа орыс тілінің кең тараған түрі болып табылатындары Калифорния, Нью-Джерси, Иллинойс, Массачусетс, Пенсильвания, Вашингтон, Флорида, Мэриленд және Орегон.
Ең жоғарғы орыс тілінің жойылуы Аляскада шамамен 3% ғана ана немесе бесқа дәрежемен орыс тілін түсінетіндер.
Канада – Ұлыбритапния бастаған Достастық шеңберіндегі федерациялық мемдекет. Солтүстік Америка континентінің солтүстік бөлігі мен оған жақын аралдарды (Канаданың арктикалық архипелагы, Кьюфаундаленд және басқа да көптеген аралдар) алып жатыр. Аумағының мөлшері жөнінен ол жер шарындағы екінші мелекет.
Канада – көп тұрғыдан қарағанда алуан бейнелі ел. Ол ұлан -ғайыр аумағымен, дүние жүзінің ең ірі бір мемлекетімен мыңдаған километрге созылып жатқандықтан (5 мың километрге жуық), онда көптеген табиғат аймақтары бар. Канаданың жер бедері алуан түрлі: жазықтар басым болғанымен, ұлан –ғайыр таулы аудандарда баршылық. Елдің батысын ала созылып жатқан Кордильер таулы жүйесі, сондай – ақ кең – байтақ солтүстік аймақтар адамның шаруашылығына қарекетін едәуір қиындатады.
Халқы. Ежелгі заманда Канада Беринг бұғазы арқылы Азиядан келген үндіс және эскимос тайпаларының қоныс-мекені болған. Алайда байырғы тұрғындардан қалғандар аз, бұл елдің халқының қазіргі этностық құрамы иммиграциямен байланысты. Қазіргі тұрғындардың басым көпшілігі ағылшын – канадалықтар мен француз-канадалықтар. Еуропаның басқа елдерінен шыққандар – немістер, итальяндықтар, украиндар және басқалары.
Дүние жүзінің басқа ешбір еліне халықтың қоныстануында дәл Канададағыдай кереғарлықтар жоқ. Мұнда әрбір 10 адамның 9-ы АҚШ-пен арадағы оңтүстік шекарадан 160 километрден асапайтын өңірде тұрады. Мұндай жағдай солтүстік аудандардың табиғи жағдайлардың неғұрлым қатаң болуы мен де, сондай-ақ бұл аудандардың бертініректе отарлануымен, экономикалық байланыстардың АҚШ-қа бейімделуімен, солтүстікте көліктің дамуының баяулығымен де байланысты.
Канада - урбандалған ел; қалаларда оның тұрғындарының 76 пайызына жуығы тұрады. Ең ірі қалалары – Торонто мен Монреаль.
№ 14 дәріс тақырыбы:Африка тұрғгын халықтарының географиясы
Сабақтың жоспары:
Африка халқының құрамы, ұдайы өсуі мен орналасуындағы ерекшеліктері.
Ұлттық, діни, этникалық және де этносаяси құрамы.
1.Африка халқының құрамы, ұдайы өсуі мен орналасуындағы ерекшеліктері.
Қазіргі типтегі адам Африка территориясына соңғы гемблий плювиалы кезінде, жердің солтүстік аудандарын шамамен ақырғы мұз басу шағында пайда болған. Онымен байланысты мәдениеттің өте сан алуан және жергілікті сипаты болды.
Экваторлық нәсілдің Африка тармағының ішінде пигмейлер (негрилльдер) ерекше орын алады. Олар Конго бассейнінің экваторлық ормандарында шағын топтарға бөлініп қоныстанған. Олардың бойының орташа ұзындығы – 141 – 142см, ал максимумы – 150см. Олардың терісінің түсі жалпы алғанда нағыз нероидтарға қарағанда ашаң, шаштары бұйра, мұрындары жалпақ, кеңсірігі аласа, жұқа ерінді, үлкен ауызды келеді, негроидтарға қарағанда беттерінің түгі қалың болады. Пигмейлердің бір жағынан негрлермен жақындайтын белгілерінің болуы, екінші жағынан олардың едәуір айырмашылықтарының болуы, бұл нәсілдердің ата тегі ортақ болған деп болжауға мүмкіндік береді. Пигмейлерді барлық басқа нәсілдерден айырып тұратын антропологиялық ерекшеліктері шамасы неолитте экваторлық ормандардың өзіндік табиғат ортасының әсерінен туса керек, өйткені олардың тұрағы да, салты да осы ормандармен байланысты болған.
Африкада 360 млн.астам адам тұрады. Бұл халықтар материк территориясында бір қалыпты қоныстанбаған. Ұланғайыр облыстар мүлде қонысталынбаған деуге болады, көпшілік жері аз қоныстанған. Мысалы, Сахарада, Калахариде, Намибте халықтың тығыздығы 1 км2 1 адамнан келмейді. Конго бассейнінің тропиктік ориандарында, Шығыс Африканың көптеген таулы аудандарында, Солтүстік және Оңтүстік Африка саванналарында халық сирек қоныстанған.
Материктің солтүстік, оңтүстік – батыс және солтүстік – шығыс жағалауларында, Гвинея жағалауында халық біршама тығыз тұрады. АРЕ-нің Ніл аңғары ерекше бөлінеді, бұл тек Африкадағы ғана емес, сонымен бірге бүкіл дүние жүзіндегі халық барынша тығыз қоныстанған территориялардың бірі. Ондағы халықтың тығыздығы 1км2 жерге 200 адамнан асады, ал кейбір жерлерде 1000 адамға дейін жетеді.
Африканың кейбір аудандарында қыраттар мен таулы аудандар адамдардың тіршілігі мен қаракеті үшін жағдайы шамалы ойпаттарға қарағанда халық тығызырақ қоныстанған. Континент тұрғындарының 40%-ға жуығы теңіз деңгейінен 500 м-ден астам биіктікте тұрады. Африкада ауылдық тұрғындары көбірек, өндірісті қалаларға халық аз қоныстанған.
2.Ұлттық, діни, этникалық және де этносаяси құрамы.
Антропологиялық жіктеулер кеңінен фенотипке байланысты, яғни, сыртқы келбетіне және де қаңқасының түзілуіне және генотипке байланысты болады, генетикалық көрінісіне.
Осы жіктеу келесі түрлер бойынша ажыратылады:
Терісінің түсі,
Бас пішіні,
Бетіне,
Мұрнына,
Шашына,
Бойына,
Көзінің түсіне байланысты.
Африканың түгелдей солтүстік бөлігін - европеоидты нәсілі тараған. Шетелдік ғалымдар бұл нәсілді – кавказоидты нәсіл деп те атайды. Ал Я.Я.Рогинский бойынша, индо – жерортатеңіздік болуда.
Нілдің Каирдан солтүстігіне қарайғы халқы аралас болып келеді. Мұнда түрлі ұлттардың араласуы байқалады. Соның ішінде: гректер, италиялықтар, сирийлықтар, еврейлер, арабтар, түріктер, албандар және т.б. Ал Жоғарғы Египеттен Каирға және Асуанға дейінгі халқы ежелгі египеттердің келбеті күні бүгінге дейін сақталып келеді.
Африка территроиясының оңтүстіктен Сахараға дейін, яғни, Суданда материктің оңтүстік бөлігінің соңына дейін – негроидты нәсіл қоныстанған. Олардың негізгі ерекшелігі – тері түсінің қаралай келуі.
Негроидты нәсілдің бойлары әр түрлі болып келеді. Орташа алғанда, олар 165см, бірақ тропикалық халқы бойларының аласалығымен ерекшеленеді (140 см-ден төмен). Соның ішінде саванна халқы керісінше ұзын бойлы болып келеді. Мысалы, Бенин республикасында кейбір топтар 180см-ден жоғары. Сонымен қоса, Африка халқының ең биік адамдары – тутси, хималар және т.б. Олардың орта бойы – 180 – 200см болып келеді.
Ең алғаш Тропикалық Африканың ормандардағы пигмейлерді Г.Швейнфрут пен В.В.Юнкер зерттеген еді.
Оңтүстік Африканың тағы бір нәсілі – бушмендерді атап кетуге болады. Олар пигмейлер сияқты аласа бойлы (1,5м). Тері түсі – ақшыл.
Африка континентінің халқына жақын жатқан аралдық халықтарды жатқызуға болады. Канар аралдарында, қазіргі уақытта жерортатеңіздіктер мекендеуде. Олар Оңтүстік Европа яғни, Испаниядан келгендер болып саналады. Байырғы халқы – гуанчилар.
Ерекше орынды Мадагаскар аралы алуда. Бұл арал біздің эрамызға дейінгі алғашқы жылдарында қоныстанған еді. Негізгі халқы Индонезиядан келген еді. Нәсілдік құрамы негізінен негроидтық нәсіл болып табылады. Аралдың орталығында оңтүстік монголоидты нәсіл көрініс табады. Жағалаудың оңтүстік бөлігінде арабтардың саны басымдау (Оңтүстік аравиядан келгендер). Батысында неогроидты типтер кеңінен қоныстанған.
Комор аралының хаоқы аралас болып келеді. Мұнда – Оңтүстік Аравия, Үндістан, Мадагаскар және Батыс Африкадан келгендердің – яғни, қоныс аударғандардың саны өте көп. Антропологиялық жағынан, негоридтар кеңінен қоныстанған.
№ 15 дәріс тақырыбы: Австралия жане Мұхиттық аралдар тұрғын халыктарының географиясы
Сабақтың жоспары:
1.Осы аумақты халықтардың қоныстанудың тарихы
2.Халықынын саны, жастық және жыныстық құрамы, енбек ресурстармен қамамасыз етіліуі
3.Халықтардың тілдік және діни құрамы
4.Урбандалу денгейі оның қарқыны және түрлері
1.Австралияның казіргі халқы біріншісі екіншісінен ерекшеленетін бірнеше топтардан тұрады.: ағылшын австралиялық халықты құрайтын Ұлыбритания және Ирландияның, иммигранттарының ұрпақтарынан, Ұлыбританияның және Еуропаның кейбір мемлекеттерінің иммигранттарынан , Азияның адамдарынан және жергілікті.
Австралияның Халқының Heгізгі ұйыткысын ағылшын, австралиялықтарды құрайды (мемлекеттің 80% жуығын қурайды). Оларды құрамынан осы күнге дейін кейбір өзгешеліктерін сақтаған бірнеше топтарды ерекшелеуге болады. Бұл бәрінен бұрын Австралияның әр штаттарының халқы: жаңа оңтүстік Уэльс, Виктория, Квинсленда, Оңтүстік Австралия, Батыс Австралия, Тасмания. Белгілі түрде бip-6ipiнен әр түрлі ағылшын-австралиялық топтар ерекшеленеді. Осылай Шотландиядан шыққан ұрпақтар Англиядан шыққан ұрпактардан кейбір мәдени ерекшеліктерін байқайды, ал Илландиядан келген ұрпақтар басқаларынан одан да қатты ерекшеленеді. Осы мәдени ерекшеліктер (жалпы алғанда көп емес) діни қатынастар ерекшеліктерімен, сонымен қатар өзінің басқа жерде пайда болғанды ұғынумен толықтырылады. Ағылшын австралиялықтарға мәдениеті бойынша Британия аралдарының иммигранттары араласып кетеді. Бұл иммигранттардың. өте көп таптары (9%-халқы 70 жылдардьң басында). Саны бойынша келесісі Италиядан шыққан топтар (12% халықты кқұрайды). Саны бойынша аз иммигранттар Грециядан , Югасловиядан, Германиядан, Нидерландыдан, Азиядан келгендердің және олардың ұрпақтарының саны аса көп емес. Өте көп топтарды қытайлар және индустар құрайды. Азиялық иммигранттарға байланысты австралияның үкімет өткізген «Ақ Австралия» политикасымен байланысты көп уакытқа дейін қиын болды.
2. Континеттің барлық халқы жатқан австралиялық жабайылар метистермен мемлекет халкының 1 %-ын құрайды 1150 адам көлемінде. Антропологиялық қатынаста олар австролитік үлкен нәсілдің, ерекше Tүpi болып көрінеді Аборигендер жабайылар орташа немесе биік орташа бойлы қара xepмі, оларда қара толқынды шаштар, жиі өсетін сақал жиі мұрттарымен кең, танаулы, қалың eрінді, ұзын басты алдыға қарай шығыңқы жақтары бар. Сәйкес австралиялық нәсілдік ерекшелік қатты шығьңкы қабақтары Батыс Еуропалық және улкен таулардың маңайында тұратын, этникалық орналасуы қазіргі кезде анықталмаған. Олар қандай да біp тайпаларға жатпайды, өздерінің туған тілдерін ұмытқан және тек қана ағылшынша сөйлейді Кейбір ғалымдар олар бір халыққа айнала бастады деп ойлады.
Австралияның, аборигенді халқы өте көп болмаса да олар саны бойынша мемлекеттің жарытысын құрайтын территорияны басып озады. Адамдардың өміp cypyінe аз жарамды солтүстік орталық, және сирегірек батыс аудандарда (осы барлық облыстарда халықтың тығыздығы өте төмен). Австралиялық, аборигендерден басқа, австралияның санағы Торресов аралының халықтарын ерекшелейді(олар он мыңнан астам саналады). Бұл халық, тобы этно - тілді орналасуында біp текті емес. Батыс тұрғындары кейінгі австралиялық тілге жақьш тілде сөйлейді. Шығыс аралдардың тұрғындары папуастық тілдер жанұясына жататын мирлам тілінде сөйлейді.
3. Австралияның мемлекеттік тілі ағылшын тілі болып саналады. Бірақта ағылшын австралиялықтардың, ағылшын тілдерінде аборигендердің тілдерінен ұқсастықтар аз емес. Ағылшын тілі мемлекеттің көп халқы үшін өте жақын. Оны басқа мемлекеттерден келген австралияда орналасқандардың көп бөліп бөледі. Таулы жерлерде және миссионерлік станцияларда тұратын аборигендер белгілі біp дәрежеде ағылшынды біледі. Көшпенділер сыртқы аудандағылар бәрі тілді білмейді
Австралияның халқының басым көп бөлігі християндыққа сенеді. Австралиялық, християндықтардың көп бөлігі- протестанттар, аз бөлігі -католиктер. Сонымен біpгe салыстырмалы провославиялары бар. Протестанттар арасында англикам және Австралияның «шіркеу біpігуі» деп аталатын жақтаушылар көп. Австралияның халқының басым көп бөлігі християндыққа сенеді. Австралиялык, християндардың көп бөлігі-протестанттар, аз бөлігі - католиктер . Сонымен біpгe салыстырмалы провославныйлары бар. Протестанттар арасында англикан және австралияның «шіркеу біpігyi» деп аталатын жаңалықтар көп.
4.Австралияньң халқының жастық құрамы басқа европалык мемлекеттердің жастық құрамымен ұқсас. Бұл жерде 65 жастан үлкен адамдардың салмағы өте көп (9% жалпы халықтың санынан), бұл биік орташа өмірдің ұзақтырымен байланысты (кейінгі басылған мәліметтерге байланысты, еркектерде-68 жас, ш әйелдерде-74 жас). Әлемнің барлық жеріндегі сияқты халықтың негізгі бөлігін орташа және жас адамдар құрайды: 15 пен 64 жас аралығына 64% халық жатады; 14 жасқа дейінгі балалар 24% құрайды.
Австралиялық, халықтың жастық пирамидасы көптеген европалық мемлекеттердің жас пирамидасынан ерекшеленеді және бәрінен бұрын екінші дуние жузілік соғыста көп адам жоғалтқандарда австралиялық жастар пирамидасында жастардың «тарылуы» қатты көрінбейді, солай болса да соғысқа байланысты (1976 жылы 40 жас 44 жас, 20-24 жас және 5 жасқа дейінгі топтарда аздаған тарылулар болды).
Халықтың өз бетімен жұмыс істейтін өте үлкен тобы өңдеу шаруашылығында істейді (1,2 млн адам). өңдеу шаруашылығына қолдары бос еместер сату шаруашылығы орын береді, сонымен қатар қызмет көрсету ортасы (0,8 млн адам) ауылшаруашылығында 0,4млн адам істейді.
Басқа да капиталиста мемлекеттер сияқты австралия үшін де оқыс кластың қатпарлану тән. Барлық эканомикалық белсенді халықтардың 87% жұмыскерлержәне кызметкерлер құрайды; 70% басқалардың еңбегін керек етпейтін шағын шаруашылықтар; 5% жұмыс берушілер және 0,6% төленбейтін Австралияның кейбір шөлейт жерлерінде халық тіптен жоқ. Кейінгі онжылдықтарда мемлекет халқының орналасуында алға басушылық болды. Австралияның солтүстігінде, батысында және оңтүстігінде басқа аудандардағы орын ауыстырушыларды қызықтыратын жаңа тау-кен аудандары пайда бола бастады.
Австралияның үкіметі халықтың әлі аз игерілген аудандарына көшкендерін қол дай ды.
Австралия урбанизация дәрежесі бойынша, әлем бойынша алдыңғы қатарлардың бірін алады, кейіні он жылдықта урбанизация өте өсіп кетті. Қалаларда халықтьң 86% орналасқан. Басынан бастап континенті игеруде британиялық отарлаушылар жағалауда орналасқан жерлерде «отырған» осы жерлерде тұрғызылған порттық қалалар арқылы калониялардың метрополиямен байланысы болған, ауылшаруашыльқ және тау-кен өндірісінің өнімдері шығарылды және өндіріс заттары және басқа да тауарлар кіргізілді.
Қaзіpгі уақытта австралиялық қалалардың тұрғын саны шет елден келушілерермен ғана емес, сонымен қатар ауылдық жерлерден және басқа қалалардан одан да үлкенірек жерлерге көшуімен және табиғи өсу нәтижесіне байланысты өсті.
Австралияда қала болып 1 мың , кейде одан да аз адамдар саны бар жергілікті жерлер саналады. Мемлекеттің ipi қалалары (Сидней, Мельбюурн, Брисбен және басқалар) өздерінің аресайы басшылық шектеулерімен «аттап» және көрші ұсақ қалалармен үлкен қалалык аглумерация құрып бірікті.
Кeйінгі басылған мәліметтер бойынша біp австралиялық қала ( нақтылағанда, қалалық аглумерация) халқы 3 млн адамнан асатындай болады, біpeyі -3 млн аясында, 3-500 мың аралығында 1 млн дейін, 5-100 ден 500 мьңға дейін 5-50 ден 100 мьңға дейін, 20-20 дан 50 мыңга дейін, 38-10 нан 20 мыңға дейін . Мемлекеттің халқының 2/3 бөлгіне жуығы 100 мың тұрғынындай саналатын қалаларда тұрады.
Австралияның ірі қалалары: Сидней (Змлн адамнан астам), Мельбурн (3 млн аясында), Бриспен (1 млн аясында), Аделаида (900 мыңнан астам), Перт (800 мыңнан астам), Ньюся (400 мыңдай),Вуллонгон (200 мыңнан жоғары), Канберра (200мыңдай), Хобарт (200 мыңнан төмен), Джилонг (100 мыңнан жоғары). Аталынған қалалардың көп бөлігі штаттардың басты орталығы , олардың ішіне Нокася, Вуллонгонг және Джилонг, Австралияның астанасы канберра кірмейді.
Австралиялық қалалар сәйкесінше жас. Tіпті ең көне қалалары әлі 200 жылға жеткен жоқ. Австралияның қалалардың кейбір бас кезде отарлаудың ошағы болған, содан кейін штаттаррдың астанасы болды. Басқа кезеңдерде негізінде басшылық және саудалық функцияны орындаса, уақыт өте келе олар маңызды өндіріс және мәдениет орталықтарына айналды. Австралияның жас қалалар қатары жаңа эканомикалық аудандарда туған.
Мемлекеттің, көптеген калалары шығыс және оңтүстік- батыс жағалауларда немесе оларға жақын орналасқан. Ірі қалалардың көбісі (500 мың тұрғындардан жоғары) порттар.
Бұл жерде Австралия қалаларының негізгі түрлерін айта кетейік.Бірінші түпкі мемлекеттің штаттарының басшылық орталықтарына жатады. Екінші тип-саудалық функциясын қоса аткаратын көптеген орталық орталықтары ; олардың ең ірілері Ньюкася, Вуллонгонг және Джейлонг. Енді тағы біp тип-ауылдық аудандарда ұйымдастырушы және сауда орталықтарының ролін ойнайтын қалалар. Қалаларда әдетте ауылшаруашылық өнімдерінің алғашқы өңдеуіне шоғырланады. Бұл ереже сияқты өте көп емес тұрғылықты жерлер.
№16 дәріс тақырыбы: Қазақстанның тұрғын халықтар географиясы
Сабақтың жоспары:
1.Қазақстанның қазіргі демографиялық хал-ахуал жағдайы
2.Жастық-жыныстық, ұлттық және діни құрамы
3.Көші-қон үрдістері: себептері мен сардарлары
1. Қазақстанның тарихи дамуын халықтың өсуі мен орналасуының “айнасы” деп қарауға болады. Объективтіктарихи себептерге байланысты 1897 ж. Санаққа дейінгі халықтың өсу қарқыны жайында мәліметтерді талдауда қиыншылықтар кездеседі. Дегенмен, белгілі қазақтың демограф М. Тәтәмовтың деректеріне және ғылыми жұмыстарына сүйене отырып, халықтың өсіп - өну динамикасына талдау жасауға болады.
Қазақстан Республикасында 1999 жылы жүргізілген халық санағы егемендік алған алғашқы жылдардың демографиялық нәтижелерінің нашарлығын көрсетті. Туудың күрт азаюы, үздіксіз миграциялық ағын халық санының едәуір төмендеуіне әкеп соқты.
1999-2005 жылдары 1989-1999 жылдармен салыстырғанда, қала және ауыл халқының санының динамикасында өзгерістер орын алды. Егер ХХ ғасырдың 90-жылдары қала халқының саны ауыл халқымен салыстырғанда, қарқынды түрде азайса, 1999-2005 жылдары қала халқының саны артқан, ал ауыл халқының саны азайған. ХХ ғасыр бойында Қазақстан халқының құралуы көбіне көп негізін орыс халқы құрайтын сыртқы миграцияға байланысты болды. Негізгі этностар шоғырланған аймақтар пайда болды: қазақтардың басым бөлігі оңтүстікте (қазіргі Алматы, Жамбыл, Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан облыстарында) және батыста (Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан, Маңғыстау облыстарында); ал орыстар солтүстікте (Ақмола, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстарында) және орталықта (Қарағанды облысында) мекен еткен. ХХ ғасырдың 80-жылдарының соңында орыс халқының негізгі бөлігі қалаларға қоныс тепкен (1989 жылғы санақ бойынша 77 %). Осының нәтижесінде халық санының динамикасы егемендіктің алғашқы онжылдығында аймақтық айқын этникалық факторлардан көрініс берген. Өткен ғасырдың соңғы онжылдығындағы миграциялық ағын мен туу кезіндегі этникалық айырмашылықтар Қазақстан халқының этникалық құрамының айқын өзгерістеріне алып келді.
2. Халықтың жастық және жыныстық құрылымын зерттеу елдің экономикалық, әлеуметтік, демографиялық проблемаларын шешу үшін қажетті көрсеткіштердің бірі болып есептеледі. 1926 ж. халық санағынан бастап бұл көрсеткіштерге қарасақ, 1939 ж. санаққа дейін еркектер үлесі басым болса (52%), 1959 ж. санақтан бастап әйелдер үлесі басым бола бастады.
1939 ж. санақ байынша еркектердің үлесінің аздап ұлғайғанын көруге болады. Бұл жылдары репрессия, Ресей мен Украинадан ықтиярсыз зорлықпен көшіру қалалар мен жұмысшы поселкелерде еркектердің санын көбейтті. 1959 ж. еркектер мен әйелдердің ара қатынасының өзгеруі Ұлы Отан соғысының зардаптарынан деуге болады. 1939-1959 жж. барлық халықтық санында еркектердің үлесі 47,5%, оның ішінде қалада – 47,3, ауылда 47,7% болды. Ұлы Отан соғысының әсерінен кеміген еркектердің санын тың және тыңайған жерлерді игеруге байланысты көшіп келген жастар толтыра алмады. 1989-1999 жж. санақтың мәліметтері бойынша, олардың ара қатынасы тұрақтала бастады. Әйелдер үлесінің біршама артық болуы мынандай себептерге байланысты:
- әйелдердің орташа өмір сүру ұзақтығы еркектерден біршама жоғары болуы;
- еңбекке жарамды орта және қарттық жастағы еркектер өлімінің абсолюттік және салыстырмалы көрсеткіші әйелдерден жоғары болуы;
- 0 – 14 жасқа дейінгі жастық құрылымда ер балалардың артықтығы, одан жоғарғы жастық құрылымда теңеле бастайды.
Қазақстан аймақтарын жыныстық құрылысы бойынша топтастырсақ, біріншіден, барлық облыстарда әйелдердің үлесі артық. Алматы қаласында әйелдер – 54,5%, еркектер – 45,6, Қызылорда облысында осыған сәйкес -50,1 және 49,9%. Яғни 1000 әйелге шаққандағы еркектердің орташа саны – 929, Қызылорда облысында – 989, Қарағанды да – 907-ге тең келеді. Алматы қаласында бұл көрсеткіш – 833, Астанада 868-ге тең.
30 жастан бастап әйелдердің саны еркектердің санынан аса бастайды. Мысалы, 2000 жылғы мәлімет бойынша, 0-14 жасқа дейін 1000 әйелге 1037 еркек, 30 жастан жоғары 1000 әйелге 842 еркек келеді.
Қазақстанда, 2002 ж. көрсеткіш бойынша, 7704200 (51,8 пайыз) әйелдер, 7158300 (48,2 пайыз) еркектер тұрады. 2002 ж. 526 мың қыз және 554 мың ер бала туды. 42 мың әйел және 11 мың еркек 85 жасқа келеді. Өмір сүру ұзақтығы әйелдерде – 71,4 жас, еркектерде 60,6 жас болды. Әйелдердің тұрмысқа шығу орта жасы – 23,6 жас, еркектер – 26,6 жас. Қазақстанның жанұясының орташа саны – 4 адам.
Халықтың жастық және жыныстық құрылымының территориялық ерекшеліктерін талдау арқылы М.Х.Асылбеков, В.В.Козина 1989 ж. көрсеткіштер бойынша мынандай топтарға бөледі: еңбекке жарамды халықтың басым көпшілігіОңтүстік және Батыс Қазақстан экономикалық аудандарында шоғырланған (орта есеппен 27 жасқа дейін). Екінші орынды Солтүстік және Шығыс Қазақстан (30 жасқа дейін) аудандары алады
3. Халық миграциясы: этносаясат факторының ролінің жойылуы ХХ ғасырда, әсіресе, оның бірінші жартысында Қазақстан халқының қалыптасуы негізінен сыртқы миграцияға байланысты болды. КСРО-ның құлауы, егемендік алу ондаған жылдар бойы қалыптасқан ауқымды иммиграциялық массивтің жылдам сыйымды нақты эмиграциялық кеңістікке айналуына әкелді. Қазақстанның әлеуметтік-демографиялық күйі бұрынғыдай сыртқы факторларға байланысты болып қалды.
ХХ ғасырдың 90-жылдары эмиграция қазақ этносы, әсіресе, ауыл халқының үлес салмағы басым аймақтарда айқын көрініс берді. Одан әлсіздеу еуропалық халықтар көп шоғырланған аймақтардан байқалды. Мысалы, эмиграция нәтижесінде 1989-1999 жылдары орыстар, украиндықтар, немістер тәрізді этностардың саны жиынтығында 31,8% азайды, оның ішінде оңтүстік-батыс Қазақстанда 42,2%, солтүстік-шығыс Қазақстанда – 29,2% кеміген. Сыртқы миграция нәтижесінде 1992-2004 жылдары Қазақстаннан 2077,9 мың адам кеткен. Бұл нәтижені негізінен орыстардың – 1302,5 мың адам (62,7% кетуі) және немістердің – 625,3 мың адам (30,1% кетуі) миграциялық ағыны айқындады. Қазақтардың жағымды миграциялық сальдосы (240,7 мың адам) тұжырымды нәтижеге байыпты ықпалын тигізе алмады. Егемендік кезеңінде миграция қарқындылығы бірдей болмағанын айта кеткен жөн. 1992-1998 жылдары жоғары белсенділік байқалса (миграцияның барлық жағымсыз сальдосының 81,4%), одан соң процесс баяулап, жыл өткен сайын мұндай баяулау айқындала түсті. Сонымен, 2004 жылы елге келушілер саны ҚР кетушілердің санынан артық болды. Бұған қазақтардың иммиграциясының арта түсуі мен орыстардың, немістердің, украиндықтардың және басқа да этникалық топтардың эмиграциясының азаюы себеп болды.1999 жылғы халық санағынан кейін “миграциялық тербеліс” амплитудасы айтарлықтай төмендеді. Негізінен ол сыртқы миграцияның орыстар санының динамикасына ықпалының азаюынан туындады. Екінші жағынан, ол қазақ этносының демографиялық процестерін анықтай түседі. Мәселен, егер 1999 жылы қазақтар санының 97,2 % өсуі табиғи өсу және 2,8% өсуі – жағымды миграциялық сальдо есебінен жүзеге асырылса, онда 2004 жылы сәйкесінше ол 75,1% және 24,9% құрады. Орыстардың азаюын 1999 жылы 75,7% миграцияның жағымсыз сальдосы мен 24,3% - жағымсыз табиғи өсу қамтамасыз етті. Ол сәйкесінше 2004 жылы 58,7% бен 41,3% құрады. Сыртқы миграцияның жағымсыз сальдосы негізінен Ресейдің Германиямен миграциялық қарым-қатынастарынан құралды, көбіне-көп оның орны Өзбекстан иммиграциясы арқылы толтырылды (5-кесте мен 17-сурет). 2002 жылдан бастап Ресей мен Германиядан миграция қарқынының бәсеңдеуі мен Өзбекстаннан миграцияның күшеюі айқын байқала бастады. Соның нәтижесінде көптеген жылдар ішінде алғаш рет (1968 жылдан бастап) Қазақстанда 2004 жылы сыртқы миграцияның жағымды сальдосы қалыптасты. Эмиграциялық және иммиграциялық ағындар бұрынғыдай этникалық айқын болып қалды: негізінен орыстар (жалпы еуропалықтар) эмиграцияланып, қазақтар иммиграцияланды. ХХІ ғасыр басында Қазақстанның батыс (бірінші кезекте Ресей) тарапынан миграциялық ықпалға тәуелділігі кеми түскені байқалып отыр. Сөйте тұра, Шығыспен миграциялық байланыстарды нығайту беталысы айқын байқалуда (бірінші кезекте Өзбекстанмен).
Н.4.07-04
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университеті
География және экология кафедрасы
«5В011600 - География» мамандығының студенттері үшін
«Тұрғындар географиясы» пәні бойынша
практикалық жұмыстарға арналған
ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАРЫ
Оқыту түрі - күндізгі
Көкшетау, 2013ж.
Студенттерге арналған пән бағдарламасы (силлабус) 5В011600 -география мамандығы бойынша Қазақстан Республикасының Мемлекеттік жалпыға білім беру стандарты (2009) негізінде құрылды.
Пән бағдарламасын құрастырған география және экология кафедрасының аға оқытушысы, экология магистрі Есенжолова Г.Р., Есенжолов Б.Х.
География және экология кафедрасының отырысында қарастырылған
« 20 » 06 2012 ж. хаттама № 10
Кафедра меңгерушісі _ Заңдыбай А.
Жаратылыстану-педагогикалық факультетінің оқу-әдістемелік комиссиясымен мақұлданған
« 23 » 06 2012 ж. хаттама № 10
ОӘК төрағасы ___ ___ Сыздыкова Б.Р.
Достарыңызбен бөлісу: |