Сынып сағаты 1 сынып
Тақырыбы:Салауатты өмір сүру деген не?
Мақсаты: оқушыларға «салауатты өмір салты»ұғымы туралы түсінік беру;оларды СӨС сақтауға баулып,спортқа деген қызығушылығын ояту тамақтану гигиенасы мен күн тәртібін сақтауға баулу.
Түрі: ойын мен әңгіме.
көрнекіліктер: медиапроектор, компьютер, экран,
Барысы:
Ұйымдастыру кезеңі
Тақырыппен таныстыру
-бүгінгі сынып сағатымызда салауатты өмір салтының не екендігімен танысамыз.Ол үшін қазір ғажайып алаң ойынын ойнаймыз.Ал сендер СӨС не екені туралы ойлана отырып,ой түйетін болыңдар
Слайд 1 ойын «Ғажайып алаң»
-бұл ойында қатысушылар сыйлықтар мен ақшалар алады,ал біз біліммен қаруланамыз.Ол біз үшін өте қажет.(ойларын ортаға салу)
Слайд 2 сынып 4 топқа бөлінеді.Жеребие алған топ ойынды бастайды. Тапсырмаларды таңдап жауап береді,ал жауап бере алмаса келесі топқа өтеді.Сөзді әріптеп,тұтас сөзбен шешуге болады. Ұпай саны тақтаға жазылады.
Ойын тапсырмалары
Категория «күн тәртібі» (слайд 6):
Бізге келіп , ертегі әлеміне әкетеді
Бірақ күн шыққанда , өзі қашып кетеді. (ұйқы)
-күн тәртібінде ұйқыдан басқа не бар?
Категория «тазалық 1» (слайд 3):
Сүйекті арқа,
Қатты қыл,
Пастамен дос,
Қызметін тос. (тіс щеткасы)
- тазалық заттарын ата
Категория «тазалық 2» (слайд 4):
Кішкентаймын,жұмсақпын,
Жуған қолды жұмсарттым.
Көбікпен доспын,
Су жоқта боспын. (сабын)
Категория «тазалық 3» (слайд 5):
Бұдырлымын.жолақпын
Шашақтымын,жұмсақпын(сүлгі)
Категория «Спорт 1» (слайд 7):
Гимнастикалық жаттығу орындау(музыкамен билеу)
Адам денсаулығына зиян әдеттер нелер?темекі,насыбай…(сұрақ-жауап)
Категория «Спорт 2» (слайд 10):
Екі атқа кезек-кезек міндім (шаңғы)
- денсаулығыңды жақсарту үшін қандай спорт түрлерімен шұғылданасың?
Категория «тамақтану 1» (слайд 8):
Бұл зат адамға өте қажет.Ол болмаса адам аурушаң келеді .(дәрумен)
Категория «тамақтану 2» (слайд 9):
Бақтың сәні не?(жеміс)
Дәруменге бай қандай тағамдарды білесіңдер?
-қандай тағамдар денсаулыққа зиян?(кока-кола)
«Салауатты өмір салты»тақырыбының мағынасын ашу.(пікірлерін сұрау)
5.Қорытынды.Рефлексия.
-СӨС сақтау үшін еңбек пен демалысты дұрыс қалыптастыру.спортпен айналысу,дұрыс тамақтану,шынығу,зиянды әдеттен аулақ болу.
6.СӨС тақырыбына сурет салу.
Достарыңызбен бөлісу: |