Түрі: тренинг Әдісі: сұрақ-жауап, топтық, жеке. Көрнекілігі



Дата02.07.2018
өлшемі200 Kb.
#45529
Ел денсаулығы-мемлекет болашағы

Мақсаты: Денсаулықты күту, оның адам өмірі үшін маңызын оқушыларға түсіндіру.

Ел үшін маңызы бар Олимпиада ойындарының тарихы,Лондон олимпиадасы туралы түсінік беру.

Оқушылардың жеке қабілеттерін, тілін, есте сақтау қабілеттерін дамыту.

Түрі: тренинг

Әдісі: сұрақ-жауап, топтық, жеке.

Көрнекілігі: Денсаулыққа байланысты нақыл сөздер, спортшылар сурет

Жүру-барысы:

І. Ей, болашақ ұланым!

Болашағы қазағымның,

Сендерсің деп білемін

Балғынды жас болашақ

Мен сендерге сенемін!

Елбасымыздың жолдауында атап өткеніндей "адам елдің басты байлығы", осы адамдардың денсаулығының жақсы, жаман болуына өздерінің іс-әрекеттерінің әсері мол. Еліміздің болашағы жастардың қолында. Сондықтанда әр жас ұрпақ өз денсаулығын ойлауы керек!

Құрметті оқушылар!



Ел денсаулығы-мемлекет болашағы-атты сынып сағатымызды бастауға рұқсат етіңіздер.
Сабағымызды бастамас бұрын келісім шарт қабылдаймыз және осы келісімді әрқашан еске ұстаймыз.

1. ҚОЛ КӨТЕРУ ЗАҢЫ: кезекпен сөйлеу, біреу сөйлеген кезде қалғандары үнсіз тыңдайды. Сөз алғысы келсе, ҚОЛ КӨТЕРЕДІ.

2.БАҒА БЕРМЕУ ЗАҢЫ: әр түрлі пікірлер тыңдалуға, қабылдануға құқылы, ешкім ешкімді бағалап, сынап -мінеуіне болмайды.

3.СЫР АШПАУ ЗАҢЫ: болған оқиғалар тек топ мүшелерінің ортасында ғана қалады, сыртқа жарияланбайды.

4.БЕЛСЕНДІЛІК ЗАҢЫ: тәрбиелік шараның белсенділік көрсеткендерге жай отырғандарға қарағанда берері мол.

ІІ.Сабағымызды бастаймыз.



Миға шабуыл

-Деніміз сау болу үшін не істеуіміз қажет?

-Спорттың, қимыл-қозғалыстың пайдасы бар ма?

(әр оқушы қол көтеріп өз ойларын айтады)

-2011 жылы Қазақстанда қандай дүбірлі дода өтті?

-2012 жылы Лондонда қандай дүбірлі дода өтті?



Шағын лекция

Олимпиада ойындары ежелгі адамзат баласының өткен тарихының дамуымен байланыстырады. Осы күнге дейін ойынның пайда болу мерзімі нақты айтылмаған. Олимпиада ойындарының пайда болу себебі нақты болмаса да, олимпиада ойындарының пайда болуы жайында эллиндерде бірнеше қызықты аңыздар бар. Алғашқы ойындар Зевс құдайының құрметіне б.з.д. 776 жылдан бастап төрт жылда бір рет Олимпия қаласында өткізілетін. Кейін б.з. 394 жылы Византия императоры Федосий І-нің бұйрығы бойынша тоқтатылды. Бұл ойындарда әскери дайындық, дене шынықтыру өнерін көрсету байқаулары, дәстүрге айналған ақындар мен шешендер айтысы, әр түрлі өнер көрмелері ұйымдастырылған. Олимпиада ойындары кезінде соғыстар тоқтатылып, қасиетті тыныштық орнайтын дәстүр қалыптасқан. 

19 ғасырдың орта кезінде Грекияда олимпиада ойындарды қайта жандандыру мақсатында біраз әрекеттер жасалды. Сөйтіп, 185918701875 және 1889 жылдары Афинада грек спортшыларының қатысуымен секіружүгірудискнайза лақтыругимнастика сияқты спорт түрлерінен жарыстар өтті. Олимпиада ойындары бүкіл Грекияны біріктіретін, жалпы ұлттық оқиғаға айналды. Біраз уақыттан кейін гректерге олимпиада ойындардың бірыңғай күнтізбесін бекіту идеясы келді. Алғашында ойын өтуі бір күнге созылса, кейінірек ойынның ұзықтығы бір айға дейін жетті. Ойынды әр төрт жылда астық пен жүзім жинау арасында үнемі өткізіп тұру туралы шешім шығарды. Қоғам қайраткері - Пьер де Кубертеннің олимпиялық ойындар өткізу жөніндегі ұсынысын қабыл алғанФранцияның оқу ағарту министрі оған дене тәрбиесін дамыту жөніндегі халықаралық конгресс шақыруды табыстады. Содан 1894 жылы маусым айында 12 елдің қатысуымен конгресс өз жұмысын өткізді. Оған қатысушылар Пьер де Кубертэннің баяндамасын талқылап1896 жылы 1-олимпиялық ойындарын Афина қаласында өткізу жөнінде шешім қабылдады. Халықаралық олимпиада комитетінің тұңғыш басшысы болып грек Деметриус Викелас сайланды. Сонымен қазіргі заманғы алғашқы олимпиада ойындары 1896 жылы сәуір айының 6 – 15 аралығында Афинада өтіп, оған 13 елден 311 спортшы қатысты.

Қазақстан барлығы 5 жазғы және 5 қысқы Олимпиада ойындарына қатысты. Алғашқы 4 жазғы Олимпиадаға қарағанда 2012 жылғы Лондонда өткен кезекті Олимпиадада қазақ спортшылары сәтті өнер көрсетті деуге болады. Лондонда Қазақстан 7 алтын 1 күміс, 5 қола медаль алып, медаль саны бойынша жалпы есепте 204 ел арасында 12-ші орынды иеленді.[1]

Қазақстанның ұлттық Олимпиада комитеті 1990 жылы құрылып, 1993 жылы Халықаралық Олимпиада комитетіне мүше болды.

Қазақстан Олимпиада ойындарында барлығы 58 медальға ие болды: олардың 52-сі жазғы және алтауы қысқы Олимпиада кезінде. 2012 жылы Лондонда өткен XXX жазғы Олимпиада ойындары Қазақстан үшін алдыңғы ойындарға қарағанда ең сәтті болды. Лондонда Қазақстан 7 алтын 1 күміс, 5 қола медаль алып, медаль саны бойынша жалпы есепте 204 ел арасында 12-ші орынға тұрақтады. Мұнда Серік Сәпиев (бокс), Илья Ильин (ауыр атлетика), Александр Винокуров (велоспорт), Зүлфия Чиншанло (ауыр атлетика), Майя Манеза (ауыр атлетика), Светлана Подобедова (ауыр атлетика), Ольга Рыпакова (жеңіл атлетика) алтын,Әділбек Ниязымбетов (бокс) күміс, Ақжүрек Таңатаров (еркін күрес), Гузель Манюрова (еркін күрес), Даниял Гаджиев (грек-рим күресі), Марина Вольнова (бокс), Иван Дычко (бокс) қола жүлдені иемденді.

Лондон қаласында 2012 жылы 27 шілде мен 12 тамыз аралығында өткен Жазғы Олимпиада ойындарына қатысқан Қазақстан спортшыларының жарыс нәтижелері. Бұл Қазақстанның Олимпиада ойындарына 5-ші рет қатысуы. Жарысқа Қазақстаннан 25 спорт түрінен 115 спортшы қатысты.



Спорт бойынша медальдар



Алтын 

Күміс 

Қола 

Барлығы







Ауыр атлетика

4

0

0

4







Велоспорт

1

0

0

1







Жеңіл атлетика

1

0

0

1







Күрес

0

0

3

3







Бокс

1

1

2

4







Барлығы

7

1

5

13










Медаль

Иесі

Спорт түрі

Тәртібі

Уақыт

Алтын

Александр Винокуров

Велоспорт

топтық шоссей жарысы (ерлер)

28 шілде

Алтын

Зүлфия Чиншанло

 Ауыр атлетика

53 кг дейін (әйелдер)

29 шілде

Алтын

Майя Манеза

 Ауыр атлетика

63 кг дейін (әйелдер)

31 шілде

Алтын

Светлана Подобедова

 Ауыр атлетика

75 кг дейін (әйелдер)

3 тамыз

Алтын

Илья Ильин

 Ауыр атлетика

94 кг дейін (ерлер)

4 тамыз

Алтын

Ольга Рыпакова

 Жеңіл атлетика

Үш қарғып секіру (әйелдер)

5 тамыз

Алтын

Серік Сәпиев

 Бокс

69 кг жоғары (ерлер)

12 тамыз

Күміс

Әділбек Ниязымбетов

 Бокс

81 кг жоғары (ерлер)

12 тамыз

Қола

Даниял Гаджиев

 Грек-рим күресі

84 кг дейін (ерлер)

6 тамыз

Қола

Марина Вольнова

 Бокс

75 кг дейін (әйелдер)

8 тамыз

Қола

Гузель Манюрова

 Еркін күрес

72 кг дейін (әйелдер)

9 тамыз

Қола

Иван Дычко

 Бокс

91 кг жоғары (ерлер)

10 тамыз

Қола

Ақжүрек Таңатаров

 Еркін күрес

66 кг дейін (ерлер)

12 тамыз

Жалпы сұрақ

-БОКС туралы не білесіңдер?

Бокс бұл арнайы қолғап киіп айқасатын екі адамның жекпе-жегі. Бокстық жекпе-жек әрқайсысы 3 минутқа созылатын 3 сайыстан тұрады. Бокс чемпиондары ЕРМАХАН, БЕКЗАТ, МҰХТАРХАН

-КҮРЕС туралы не білесіңдер?

Күрес спорттың байырғы түрі. Күрестің классикалық күрес (қарсыласының жауырынын жерге тигізу немесе ұпай санымен жеңу, еркін күрес, дзюдо, самбо.



Не білдік? Нелер үйрендік? (әр ойыншы өзін-өзі тексереді, бағалайды)

Қорытынды сұрақтар қою.

1. Аңыз бойынша алғашқы Олимпиада ойындары қашан және қай жерде өткізілді? (Олимпияда,776 ж. б.з.б.)

2. Алғашқы Олимпиада ойындары кімнің бұйрығымен тоқтатылды? (Византия императоры Федосий-1 бұйрығымен)

3. Қазіргі Олимпиада ойындары қай жылы жандандырылды? (1896 ж.)

4. Қазақстан барлығы неше Олимпиада ойындарына қатысты? (10,оның ішінде 5 жазғы, 5 қысқы)

5.Жалпы алғанда Қазақстан Олимпиада ойындарында барлығы неше медальге ие болды? (58,оның ішінде 52 жазғы,6 қысқы ойындарда)

6. Қазақстанның ұлттық Олимпиада комитеті қай жылы құрылды? (1990 ж.)

7. Қай жылы Қазақстан Халықаралық Олимпиада комитетіне мүше болды? (1993 ж.)

8. Биыл Лондонда нешінші Олимпиада ойындары өткізілді? ( жазғы XXX Олимпиада ойындары)

9. 2012 ж. Лондон Олимпиада ойындарында Қазақстан спортшылары қанша медаль алды? (13,оның ішінде 7 алтын,5 қола)


Ж а р а й с ы ң д а р!

Тілек айту.

Қорытынды.

"Денсаулық-зор байлық", "Басты байлық-денсаулық"дейміз. Олай болса жаман әдеттерден аулақ болып, спортпен шұғылдан! Спортты сүй! Өз тағдырың мен денсаулығыңа немқұрайлықпен қарама! Қысқы Азия ойындарында өз спортшыларымызға қолдау білдір!

Абылай ханның сөзімен айтқанда: " Білекке сенген заманда, жауға есе бермедік, білімдіге сенген заманда, қапы қалып жүрмелік."

Отан үшін отқа түсетін, ел мерейін өсірер саналы да, дені сау азамат болыңдар!




Сынып сағаты

Тақырыбы: Ел денсаулығы-мемлекет болашағы.

Сыныбы: 5 «А»



Мұғалімі:Досимбекова А.С.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет