Трикотаж іш киімнің түржиыны, қолданған шикізат және өңдеу материалдары


Шеңберлі іш киім жаймалары өндірістегі технологиялық кезеңдері



бет2/2
Дата29.11.2022
өлшемі99,97 Kb.
#160387
1   2
Байланысты:
Сапр 11-12 (2)

Шеңберлі іш киім жаймалары өндірістегі технологиялық кезеңдері
Шеңберлі тоқымалы машинасында іш киім жаймаларын шығару үшін келесі технологиялық кезеңдерді қарастырады:
тегіс жалаң жайма өндірісінде – шикізаттың сапасын бақылау, оны бөлшектеп өлшеу, иірімжіпті тоқуға дайындау, іліптоқу және жайманы жамау, оны сұрыптау (сорттау), таңбалау, бояу не ағарту, жайманы кептіру, іріктеп сапасын тексеру және жайманы каландрлеу.
Сұлба түрінде үдерісті былай көрсетуге болады:

Шикізаттың сапасын бақылау ¯

Бөлшектеп өлшеу
¯

Иірімжіпті тоқуға дайындау
¯

Іліптоқу және жамау
¯

Сұрыптау (сорттау)
¯

Таңбалау
¯

Бояу не ағарту
¯

Кептіру
¯

Іріктеп сапасын тексеру
¯

Каландрлеу

ластикті және интерлокты жаймалар өндірісінде – шикізаттың сапасын бақылау, оны бөлшектеп өлшеу, иірімжіпті тоқуға дайындау, жайманы іліптоқу, сұрыптау (сорттау), таңбалау, жайманың оң жағын жамау, жайманы айналдыру, жайманың теріс жағын жамау, оны айналдыру, жамалған жайманы сұрыптау (сорттау), бояу не ағарту, жайманы кептіру, оны іріктеп сапасын тексеру және каландрлеу.
Сұлба түрінде технологиялық кезеңдерді былай көрсетуге болады:

Шикізаттың сапасын бақылау 
¯

Бөлшектеп өлшеу
¯

Иірімжіпті тоқуға дайындау
¯

Іліптоқу
¯

Сұрыптау (сорттау)
¯

Таңбалау
¯

Жайманың оң жағын жамау
¯

Жайманы айналдыру
¯

Жайманың теріс жағын жамау
¯

Айналдыру
¯

Жамалған жайманы сұрыптау

Бояу не ағарту
¯

Кептіру
¯

Іріктеп сапасын тексеру
¯

Каландрлеу

ұйпалы (түктіжайма өндірісінде – шикізаттың сапасын бақылау, оны бөлшектеп өлшеу, иірімжіпті тоқуға дайындау, жайманы іліптоқу, оны айналдыру, сұрыптау (сорттау), таңбалау, жайманы жамау, жамалған жайманы сұрыптау, бояу не ағарту, сығу, оны кептіру, іріктеп сапасын тексеру, кесу (кейінгі өңдеу кезінде кептіру-керу машинасында), жайманы айналдыру, оны түктеу және қайтадан айналдыру, каландрлеу және жайманы кептіру-керу машинасында өңдеу.
Сұлба түрінде технологиялық кезеңдерді былайкөрсетуге болады:

Шикізаттың сапасын бақылау 
¯

Бөлшектеп өлшеу
¯

Иірімжіпті тоқуға дайындау
¯

Іліптоқу
¯

Айналдыру
¯

Сұрыптау (сорттау)
¯

Таңбалау
¯

Жайманы жамау
¯

Жамалған жайманы сұрыптау
¯

Бояу не ағарту
¯

Сығу
¯

Кептіру
¯

Іріктеп сапасын тексеру
¯

Кесу
¯

Жайманы айналдыру
¯

Түктеу және қайтадан айналдыру
¯

Каландрлеу
¯

Кептіру-керу машинасында өңдеу

Фабрика қоймасына келіп түскен шикізатты партиялап сұрыптайды, лабораторияда физико-механикалық көрсеткіштерін МЕМСТ және ТШ талаптарына сай іріктептексереді. 
Сынаудан кейін шикізатты керектігіне қарай цех қоймасына тасымалдайды, қайда оны партиялап талшықтардың түрі мен түсіне байланысты бөлшектеп өлшейді.
Бөлшектеп өлшеу кезінде анықталған орама ақауы бар иіршіктерді не патрондарды қайта орау үшін кеінге қалдырады. 
Шикізаттың анықталған ақауы немесе тоқу кезінде орама ақауының саны жайманың сапасына қаупті болса, онда қоймада партияның кемінде10% шешілмеген шикізатты рекламация және шикізат жеткізушіге ашып көрсету үшін қалдырады.
Ораманың жоғары сапасын қамту үшін, орау машиналары парафиндеуге қажетті құралдармен, бақылау пышақтары және түйіндегішпен жабдықталу қажет.
Орау цехындағы ауаның температурасы 22-230С, ал салыстырмалы ылғалдылығы 65 ± 3% болу қажет, яғни бірқалыпты климаттық жағдайлар қамтылады.
Шеңберлі трикотаж жаймасын тоқу кезінде, тоқымашы машинада қызмет жасап мына операцияларды атқарады
- иіршіктерді алмастыру; 
- жіпті сабақтау; 
- инені ауыстыру;
- инені түзету; 
- жайманы инеге кигізу;
- сөгілген ілмекті көтеру;
- машинаны іске қосу және тоқтату; 
- жайманың тығыздығын бақылау; 
- тоқылған жайманың кесегін түсіру;
- машинаны тазалау және майлау.
Жайманың сұрыптауын (сорттауын) сұрыптауш (сапасын тексеретін) машинасында МЕМСТ (мемлекеттік стандарт) және ТШ (техникалық шарттар) талаптарына сай, инструкция бойынша жасайды. Сорттаушы жайманың сортын анықтап оған жамаудың қажеттілігін белгілейді.
Ластикті және интерлокты жаймалардың жамауын оң және теріс жағында жасайды. Жамау оң жағында жасалғаннан кейін, жайманың кесегі айналдыратын машинаға келіп түседі, қайда ол басқа жағына аударылады. 
Жайманы сұрыптағаннан кейін таңбалайды. Таңбаны штамппен не бояулы қарандашпен немесе кесте арқылы орындайды және мына мәліметтерді көрсетедіжайманың артикулы, кесектің массасы, оның нөмері, машинаның диаметрі және тоқымашының нөмері. 
Егер жайманы басқа фабрикаға жіберетін болса, таңбада тағы фабрика-жіберушінің аталуы көрсетіледі. Барлық осы мәліметтер кесектің ұшында қойылады. 
Кәсіпорындардың көпшілігінде сұрып жайманың (10-15%) іріктеп бақылауы еңгізілген, соның нәтижесінде жайманы сұрыптау кездегі еңбек шығыны едәуір қысқартылады және тоқу үдерісінде жеткілікті бақылау деңгейіне мүмкіндік береді.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет