Триз технологиясының мектепке дейінгі тәрбиелеумен оқытудағы тиімділігі



бет47/79
Дата04.01.2022
өлшемі3,48 Mb.
#10542
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   79
Әрекеттің

кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Ұйымдастырушы

лық-оятушылық



Шаттық шеңбері:

Армысың,ару күн!

Армысың,жер ана!

Армысың,жан досым,

Мінеки қолым бос,

Жүрегіме жылу қос!

Енді,бір-бірімізге осы күннің шуағынан алған жылуымызды достарымызға алақан арқылы таратайық,қонақтарға да жіберейік!

Балалар сендерсаяхатққа барғанды ұнатасыңдар ма?

Олай болса барлығымыз ортада жатқан сыйқырлы кілемнің үстіне отырып, орманға саяхатқа ұшып барайық.(Музыка әуені ойнайды).

Мінеки,біз орманға да жеттік.



Шеңбер бойымен тұрады.

Өлең жолдарына сәйкес қимылдар жасайды.

Иә,ұнатамыз

Сыйқырлы кілемнің үстіне отырып,көздерін жұмып қиялдайды.



Ұйымдастырушы

лық-ізденушілік



-Бұл жай орман емес,

ғажайып,жұмбағы көп ертегіге толы орман.Ал енді бәріміз орнымызға отырайық.

-Балалар,қараңдаршы,бізге біреу келе жатыр.

-Орманшы ағай келеді.

-Орманшы:Балалар, сендер мені танисыңдар ма?

-Мен Орманшы ағамын.Мен сендерге орманда не істеуге болмайтыны жайында айтып,белгілермен таныстырғалы келдім.(Ережелер,белгілермен таныстырады.Таныстырып болған соң қоштасып кетіп қалады).

-Тәрбиеші:Балалар сендер ертегі тыңдағанды ұнатасыңдар ма?

-Мен сендерге бір ғажайып ертегі айтып берейін.Ертегі "Жануарлар патшалығы мен өсімдіктер патшалығы" деп аталады.

Ерте,ерте,ертеде ... Өте тату тұратын бір-бірінсіз өмір сүре алмайтын,екі патшалық болыпты.Олар бір-бірімен ешқашан жауласпапты.Оларға өзен де,жер де,көл де ортақ екен.Өсімдіктер патшалығы жерді тыңайтады және жануарлар патшалығын да асырайды.Ал өз кезегінде жануарлар өсімдіктерді аурудан және зиянкестерден қорғайды.Осылай ең қиын жағдайда да бір-біріне көмектесіп,тату-тәтті тұрыпты.Өйткені олар бір жер шарында өмір сүріп жатыр екен.

-Қане,айтыңдаршы,балалар,ертегі сендерге ұнады ма?

-Ертегіде қандай патшалықтар туралы айтылған?

-Екі патшалық бір- бірімен жауласқан ба,әлде тату тұрған ба?

Балаларға кітап көрсету.Бұл жай кітап емес - "Қызыл кітап".Бұл кітапқа жер бетінде саны аз қалған немесе мүлдем жойылып кету қауіпі бар жануарлар мен өсімдіктер,құстар мен балықтар,жәндіктер енген.Қызыл түс - тыйым салу белгісі.Қызыл кітапқа енген аң -құстарды,өсімдіктерді сындыруға,аулауға,атуға тыйым салынған.

Енді осы аң-құстар туралы бейне көріністі тамашалайық.(Бейнекөрініс көрсету)

Балалардан "Қызыл кітапқа" енген аң-құстар,өсімдіктер туралы не білетіндерін сұрау.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   79




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет