ТРИЗ технологиясының мектепке дейінгі тәрбиелеумен оқытудағы тиімділігі.
Құрастырғандар: Ұ.Мамекова №7 яслибақша меңгерушісі
Г.Манджекова №7 яслибақша әдіскері
Пікір жазған:
Х.Т. Наубаева - І.Жансүгіров атындағы Жетісу Мемлекеттік
Университетінің Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру
орталығының директоры,
психология ғылымының докторы.
Бала тәрбиесі әр уақытта үлкен мәселе болып саналады. Қазіргі жаңару кезеңінде біздің қоғамымыздың ілгерілеу үрдісінде адам факторы және оны жандандыру, ел өмірінің барлық жақтарын жаңарту бала тәрбиесінің мәні мен оның проблемаларын күрделендіріп отыр. Осыған байланысты тәрбие берудің тиімділігімен сапасын арттырудың негізгі бағыты – барлық тәрбиелік істе әрбір баланы жеке тұлға деп, танып біліп, жан-жақты қалыптастыру. Осы себептен білім ордасы балабақша, ал бала бақшаның жаны тәрбиеші болғандықтан ұстаздың алдында кәсіби шеберлікпен қатар оқытудың әдістерін зерттеп, нәтижеге жету мақсатында №7 ясли бақшасының іс-тәжірибесі көрсетілген « Мектепке дейінгі оқу тәрбие үрдісі барысында Триз ойындары арқылы баланы жан-жақты дамыту» тақырыбындағы әдістемелік құралын ұсынып отырмыз. Құралда балабақшаның таңдалынып алынған мәселесі бойынша теориялық негізі, балалармен өткізілген ой-дамыту жаттығулары, үлгі сабақтар ,жыл бойына тәрбиешілердің өткізген ашық сабақтары және триз технологиясының тиімділігін көрсететін диагностикалық даму картасы ұсынылған. Сонымен қатар балабақша педагогтарының ашық сабақтары мен мерекелік іс-шаралары көрініс тапқан.
Кіріспе.
Қазіргі таңда қоғамда болып жатқан ауқымды өзгерістер мен заманауи балабақшалар мен мектеп жасына дейінгі оқу мен тірбие мәселелеріне зор көңіл бөлуде. Атап айтқанда, болашақ жеткіншектерімізді мектепке дайындауда олардың ден саулығын нығайту,адамгершілік, имндылық қасиетін, эстетикалық талғамын дамыту, қоршаған ортыны тану,ондағы құбылыстарды байқау,математиканың қарапайым түсінігін, тіл байлығы мен ойлау қабілетін жетілдіру және оның сапасын арттыру көзделіп отыр.Осы орайда еліміздегі мектепке дейінгі ұйымдардың ненегзігі мақсаты және міндеттері бүгінгі қоғам мүддесіне лайықты, жан-жақты жетілген бойында ұлттық сана мен психология қалыптасқан парасатты адамзат тәрбиелеп өсіру. Замана қойған бұл міндеттерді өз мәнінде шешу үшін, мектепке дейінгі тәрбие мен білім беру мазмұнын түбегейлі жаңарту сұраныстарына сәйкес келетін қазіргі заманғы білім беру жүйесі қажет. Осы мақсаттарға жеткізетін сара жолдың бірі-балабақшада жаңаша оқу тәрбие жұмысын ұйымдастырып жүргізу. Ол кейінгі жылдары педагогика ғылымында жиі пайдалана бастаған жаңа ұғымдардың бірі иновациямен байланысты. Иновацияны жете түсініп иновациялық әдіс-тәсілдерін балабақша өмірінде кеңінен енгізу жеткіншек ұрпақтың саналы да сапалы білім алуының бірден-бір шарты болып табылады деп ойлаймын.
Тәрбие мен білім беруді жаңаша ұйымдастырудың қажеттілігіне көз жеткізе отырып, оның жаңаша әдіс-тәсілдерін үйрету және айту, құрудың негізгі жолдарын талдап зерттеу керек ететінін анық. Қазіргі заман талабына сай балабақшада оқу- тәрбие жұмысын жаңаша құруды қалап жүзеге асыруға болады. Әрине, ол мектепке дейінгі жастағы балалардың даму ерекшелігін ескеріп, шаршатпай ойната отырып, тәрбие мен білім беруді қажет етеді.
Неміс психологы В.Штерннің есептеуінше, бала сәби шағында «осыған керек болад-ау» деген ұғыммен білім мен тәрбие алмайды және шартты түрде ұмтылмайды. Үш жасқа дейін «өз жоспары» бойынша, бес –алты жасқа келгенде ғана үлкендердің қозғауымен жүретін есту процесіне саналы түрде қатысады. Ол кезде тәрбиелі жұмысты оның психикалық даму ерекшелігін ескере отырып жүргізілгені абзал.
Достарыңызбен бөлісу: |