Ынталандыру,
сезімді ояту
|
Шаттық шеңбер:
Армысың, ару күн!
Армысың, жер ана!
Армысың, жан досым,
Міне екі қолым бос ,
Жүрегіме жылу қос!
Енді, бір-бірімізге осы күннің шуағынан алған жылуымызды достарымызға алақан арқылы таратайық, қонақтарға да жіберейік!
|
Балалар шеңберге тұрып, мәтінді айта отырып, қимылдарын орындайды.
Балалар қонақтарға алақандағы жылуларынш шашады.
|
Ізденістер,
ұйымдастыру
|
-Балалар, сендер ертегі тыңдағанды ұнатасыңдар ма?Ендеше бәріміз ортада жатқан сиқырлы кілемнің үстіне отырып, ертегілер әлеміне саяхатқа ұшып барайық.
-Мінекей, ертегілер әлеміне де жеттік.Қараңдаршы балалар қандай ғажап жер екен.Бұл жерде көп ертегілердің кейіпкерлері де жүр.
-Қараңдаршы, мынау ертегілер қай ертегіден? /Бауырсақ, Шалқан/
-Ал мына сол жақтағы ертегілердің кейіпкерлерін таныдыңдар ма?
-Балалар ,қараңдаршы анау ағаштың түбінде біреу отырған секілді.Кім екен?/Көңілсіз тауық/
-Тауық саған не болды?Неге көңіл – күйің жоқ?
Тауық:-Сендер көп ертегі біледі екенсіңдер, ал мен туралы ертегі жоқ па?
-Жоқ тауықжан сен туралы ертегі бар, кел соны тамашылайық!
Қуыпшақ театры: Үлкендердің орындауында «Шұбар тауық» ертегісі.
Сөздік ойын: «Кім тез жауап береді?»/ертегі желісі бойынша сұрақтар беру/
-Қандай ертегі көрдіңдер?
Шұбар тауық кімдердің үйінде тұрады?
-Шұбар тауық ата мен әжеге қандай жұмыртқа тауып берді?
-Жұмыртқаны не жарды?
-Тышқан жұмыртқаны қалай жарды?
Тауық қыт-қыттап рахмет айтады.
-Балалар, сендер енді менімен ойын ойнайсыңдар ма?Егерде тапсырмамды дұрыс орындасаңдар, мына жұмыртқалар жарылып ішінен менің балапандарым шығады.
Дид/қ ойын: «Суреттерді құрастырып, әңгімеле» «Шұбар тауық» ертегісі бойынша бейнеленген суреттерді құрастырып/ретімен қойып/әңгімелеп береді.
-Жарайсыңдар, ал енді бәріміз бір сергіп алайық «Шөжелерім»биін билейік.
|
Сұрақтарға жауаптарын айтады.
Балалар кілемнің үстіне отырып ертегілер әлеміне аттанады
Тәрбиешіні мұқият тыңдап отырады.
Суреттерді қарастырады.
Балалар сұрақтарға жауаптарын айтады
Балалар қысқаша ертегі туралы білгендерін айтады.
Балалардың жауабы:
-Тауық
Балалар тауықты қарастырады.
Балалар тәрбиешіні мұқият тыңдайды
-Балалар ертегіні тамашалайды
Балалар сұрақтарға жауап береді
-Шұбар тауық
-Ата мен әженің үйінде тұрады
-Алтын жұмыртқа
-Тышқан
-Құйрығымен қағып кетті
Балалардың жауабы:
-Иә, ұнайды
Балалар ойын шартын бұзбай ойнап шығады, суреттерді құрастырып ретімен қояды, әңгімелейді.
Балалар биді билеп шығады
|
Қорытындылау
Өзін-өзі бағалау
|
-Балалар сендерге ертегі ұнады ма?
-Қай кейіпкер ұнады?
Балалардың жауаптарын тыңдап, толықтырып, мадақтайды.
Тауық қыт-қыттап, балаларға рахметін айтып, бәріне «Киндер-сюрприз береді»
|
Сұрақтарға жауаптарын айтады.
|