«Қорқыт ата» кітабы Қорқыт — VIII ғасырда Сыр бойында өмір сүрген батыр, атақты ақын, асқан күйші, аңыз кейіпкері. Оның теңдесі жоқ күйші – композитор болғандығын хаолық жадында сақталған “Қорқыт ата күйі”, “Қорқыт сарыны” т.б. музыкалық шағармалары дәлелдейді. Қазақ арасынан шыққан атақты күйші – бақсылар, ақын – жыраулар өздеріне Қорқыт атаны пір, ұстаз тұтқан. Қорқыт ата туралы сан – қилы аңыз әңгімелер қазақ арасында ерте кезден – ақ кеңінен тараған. Солардың бірі Қорқытты құрсағ,ында үш жыл бойы көтеріп жүріпті. Оны жылына бір рет толғақ қысып отырады екен Қорқыт туылар алдында күллі әлемді үш күн, үш түн бойы көзге түртсе көргіссіз қараңғылық басып тұрыпты. Сұрапыл қара дауыл соғып ел – жұртты қатты қорқыныш сезісі билейді. Сыр бойы мен Қаратау өңірінің аспаны да қараңғы тартып қарауытып кетіпті. Сондықтан бұл маңай “Қараспан” аталыпты. Ашық күн тастай қараңғы түнге айналған қорқынышты күні туылғаны үшін баланың атын Қорқыт деп қойған екен. Тағы бір аңызда Қорқыт өзінің жүйрік жел маясына мініп, халқына мәңгі жасайтын жерұйық іздеуші, өлімге қарсы күресуші ғажайып қайсар жан ретінде суреттеледі. Әйтсе де ол өмірінің соңында “өлмейтін нәрсе жоқ екен” деген пікірге келеді. Енді Қорқыт ата мәңгілік өмірді қобыз сарынынан іздейді. Қорқыт атаның басына тәу ету, бас ию сонау оғыз – қыпшақ заманынан басталады. Қорқыттың мазарын халық сан ғасырлар бойы қадірлеп, ардақтап келеді. “Қорқыт ата кітабы” біздің дәуірімізге дейін екі қолжазба нұсқасы сақталып келген.
1. Германиядаға Дрезден кітапханасында сақталған қолжазба.
2. Ватикандағы Аростолика кітапханасында сақталған қолжазба.
1815 жылы неміс ғалымы Г. Ф. Диц бұл шығарманы неміс тіліне аударып, баспасөзде жариялады. В. В. Вартолд бұл кітапты зерттеу, аудару ісімен біраз жыл айналысып 1922 жылы орыс тіліне аударды. В. М. Жирмунский, А. Н. Кононов, А. Н. Самойлович т. б. ғалымдарда ескерткішті зерттеуге мол үлес қосты. Көрнекті тюрколог Х. Г. Көроғлы ескерткішті әдеби, тарихи және тілдік тұрғыдан комплексті түрде зерттеген.
Қазақстан ғалымдарынан “Қорқыт ата кітабын” зерттеу, аудару, насихаттау ісіне академик Ә. Марғұлан, Ә. Қоңыратбаев, Б. Ысқақов белсене атсалысып келеді.
“Қорқыт ата кітабы” төмендегідей 12 жырдан тұрады: 1. Дерсе хан ұлы Бұқаш хан жыры; 2. Салор Қазанның үйінің шабылғаны туралы жыр; 3. Қам Бөрінің ұлы Бамсы Бейрек туралы жыр; 4. Қазан бектің ұлы Ораз бектің тұтқын болғаны туралы жыр; 5. Дұқа Қожа ұлы Делі Домрұл туралы жыр; 6. Қаңлы Қожа ұлы Қан Тұралы туралы жыр; 7. Қазылық Қожа ұлы Йегенек туралы жыр; 8. Бисаттың Төбекөзді өлтіргені туралы жыр; 9. Бегіл ұлы Әмірен туралы жыр; 10. Үшүн Қожа ұлы Секрек туралы жыр; 11. Салор Қазанның тұтқын болып, оны ұлы Ораздың құтқарып алғаны туралы жыр; 12. Іш Оғыздың Сырт Оғызға жау болып, Бейректің өлгені туралы жыр.
Дастанда туған жерін, елін, өз Отанын сыртқы жаудан қорғау үшін ажалға бас тігіп, қан майданға шыққан алыптардың ерлігі зор шабытпен жырланады. Шығарма қаһармандары қорқақтық пен опасыздыққа, әділетсіздікпен зұлымдыққа қарсы күреседі.“Қорқыт ата кітабында” өзінің философиялық, тәрбиелік мән – мағынасын жоймайтын, қайта уақыт өткен сайын құлпыра түсетін өсиет, нақыл сөздер мол кездеседі.