Түркі қағанаты дәуіріндегі әдебиеттің өзгешелігі туралы баяндаңыз


Екіншіден,ағылшындық жазушылардың жазу стилі мүлдем ерекше. Шығармаларында орын алатын оқиға орны да, ішіндегі кейіпкерлер де ерекше. Үшіншіден



бет123/129
Дата10.11.2023
өлшемі0,97 Mb.
#190653
1   ...   119   120   121   122   123   124   125   126   ...   129
Байланысты:
Ii блок түркі қағанаты дәуіріндегі әдебиеттің өзгешелігі туралы -emirsaba.org

Екіншіден,ағылшындық жазушылардың жазу стилі мүлдем ерекше. Шығармаларында орын алатын оқиға орны да, ішіндегі кейіпкерлер де ерекше.
Үшіншіден, мүмкін ағылшын әлем әдебиетіндегі фантастика жанрының дамуына үлкен үлес қосатын олардың өмір сүру дағдысы, салт-дәстүрі,әдет-ғұрыптары деп ойлаймын.
Біздегі халық ауыз әдебиетінде ауыз толтырып айтарлықтай дүниелер болса да, біздің құнттамайтындығымыз,алаңдамайтындығымыз – біздегі қазақ фантастикасының дамымайтындығына кедергі болып тұрған шығар.
Фантастиканың қандай елде дамуы былай тұрсын,оның дамуына себеп болатын бірден-бір фактор – сол халықтың тұрмыс-тіршілігі,өмір сүру дағдысы деп ойлаймын. Сол себептен де,біздегі өмір сүру дағдысын өзгертуіміз тиіс. Қазіргі таңда нағыз болашақтың гүлденіп,даму заманы болғандығына қарамастан, қазақ халқында өмір сүру әдеттері күнделікті күйбең тіршілікпен, жұмысбастылықпен жалғасып жатыр десем де болады. Міне, не себепті қазақ әдебиетінің фантастика жанрының алға баспай жатқандығының көрінісі.
Фантастиканың дамуы – сол елдің болашағының жарқын болуы. Болашаққа бастайтын қадамдар алдында мемлекеттің дамуына үлес қосатын фактор осы болса, "қазақ халық ауыз әдебиеті үлкен белестерге көтеріледі" деп ауыз толтырып, сенімді айтуға болады.
Қазақ әдебиетіндегі алғашқы фантастикалық туынды – А. Машанидің 1957 жылы жарық көрген "Жер астына саяхат" кітабы.Әлбетте, адамдар үшін жердің асты, аспанның үсті құпия. Жердің қандай қабаттан тұратыны, үстіңгі қабаты, жұқа қыртысы, терең қабатының құрамы жаңа туған сәбидей әрнәрсеге қызыққыш келетін адамзат баласы үшін – беймәлім дүние. Осы бір мәнде жазылған Ақжан Машанидің "Жер астына саяхат кітабы" – геологиялық тақырыптағы оқырманды өзіне елітіп, қазақ әдебиетіндегі ғылыми фантастикалық туындыларға жол ашқан алғашқы кітап. Аты айтып тұрғандай, кітап бастан аяқ жер астындағы оқиғалар туралы суреттеледі. Автордың өзі сол саланың адамы болған соң, мантия мен ядро туралы сыр шертеді. Жер астындағы саяхаттың көрінісін, ғылыми-фантастикалық түрде әдемі жеткізеді.
Жүніс Сахиевтің шығармашылығы жай фантастика, ойдан шығарылған қиял-ғажайып оқиға емес, қай еңбегі де ғылыммен тығыз байланысты. Жазушының «Жаңбыр жауғанда» ғылыми-фантастикалық романындағы кемеммен ауа райын өзгерте алу идеясы қазіргі кезде шындыққа айналды. Мәселен, қазір әуе кемелері арқылы бұлттарды ыдыратуға болатынын көзімізбен көріп жүрміз. «Шолпанға көшкен ауыл» романындағы негізгі мазмұн тіріні де, затты да жарық сәулесімен өзге орынға көшіруге болатыны туралы еді. Бұл идеяны кейін Австралия университетінің ғалымдары қандай да бір затты лазер сәулесімен бөлшектеп жіберіп, секундтың бір бөлігіндей ғана уақыттың ішінде екінші жерге көшіріп, қайта қалпына келтіруге болатынын тәжірибемен жүзеге асырды.
Сахиев Жүніс 1971 жылдан бастап Қазақстанда тұңғыш болып "Кеңістік көшпенділері" деп жалпы айдар қойған сериялы ғылыми-фантастикалық романдар жазып келеді.
Бүгінгі күнге дейін оның 60 ғылыми-фантастикалық романдарының жетеуі жарық көрді. Олар: "Тіршілік ұясы" (1983), "Борыш" (1987), "Шеңбердің түйісуі" (1991), "Әдеби сыйлық", (1994), "Көктен келген көшпенділер" (1999), "Марстан шыққан жаңғырық" (2002), "Қимайтын элем" ғылыми-фантастикалық романының журналдық нұсқасы чех, ағылшын тілдерінде Прагадан шығатын "Немезида" ғылыми-көпшілік журналында жарияланды.Сахиев Жүніс қазақ және әлем ғылыми-фантастикасы жөніндегі ондаған танымдық мақалалардың авторы.





        1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   119   120   121   122   123   124   125   126   ...   129




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет