Қазіргі қазақ повестеріндегі этнографиялық өрнектерге мысалдар келтіріңіз.
Қазақ фантастикасының мәселелері: Ақжан Машани, Жүніс Сахиев шығармаларына тоқталыңыз.
Фантастика — ғылымның әдебиеттегі айнасы. Фаруанадай құлпырып, әдебиет бағын гүлдендірген — Фантастика жанрының рағна шашағы дүниежүзілік әдебиеттану саласында өзге жанрларға қарағанда кеңірек тарап, жаңа заман тарихынан терең тамыр тартады. Әсілінде, фантастика жанрында қалам тартпаған жазушы кемде кем шығар. Қай әдебиетті сұрыптап қарастырсақ та, біз міндетті түрде фантастикалық нышандарды байқаймыз. Қазақ әдебиетінде де ғарыш әлемін баптап, фантастика сақшысы атанған жазушылар аз емес. Өткен ғасырда да, жаңа ғасырда да қазақстандық жазушылар фантастика жанрында қалам тартқан және әлі де тұғыры биік туындыларды жазып, еліміздің мәдениеті мен өркениетіне өзіндік үлестерін қосып келеді. Қиял қисындарынан өрнек тоқып, кесте тіккен қазақ жазушылары көп-ақ. Алайда, өкініштісі сол, қазақ фантастикасының жалауын көтерген ұлы қаламгерлердің есімін көпшілік біле бермейді. Қазақ фантаст жазушылары мен оқырмандары арасындағы қыл көпірдің үзілуінің басты себебі — шығармалардың дұрыс насихатталмауында деп ұғынамыз. Қазақ ғарышының гүлін суарып, ағашын түзу өсірген Абдул-Хамид Мархабаев, Жүніс Сахиев, Ақжан Машанов, Талап Сұлтанбеков, Медеу Сәрсекеев, Шоқан Әлімбаев, Раушанбек Бектібаев, Совет-Хан-Ғаббасов, Төлеш Сүлейменов, Нарбей Кенжегулова, Төлеу Шаханов пен Төлеш Шаханов сынды қарымды қаламгерлер бар. Сонымен қатар фэнтезиі мен ғылыми-фантастикасын дамытуға үлес қосып жүрген Зира Наурызбаева, Рүстем Сауытбай, Зәуре Төрехан, Мақсат Рамазанұлы сынды қарымды қаламгерлерімізге шексіз алғысымызды білдіреміз!
Дегенмен де елімізде белгілі жазушылар, қаламы қарымды қаламгерлер бола тұрып неге фантастика жанрында ауыз толтырып айтарлықтай дүниелер жоқ?! Менің ойымша, мұның себебі отбасындағы бала тәрбиесі деп ойлаймын. Отбасында ата-анасы баланың ұшқыр ойлау қабілетін дамытудан өте төмен деңгейде қателіктер жібереді.
Қазіргі қоғамда айтуға болады: бала тәрбиесінде баланың жадынысын дамыту былай тұрсын, бала тәрбиесімен айналысатын ата-аналар қарасының аздығы ішті қынжылтады.Меніңше, осы тұста былай айтқан жөн сияқты: қазақ ауыз әдебиетіне ауыздан-ауызға, құлақтан-құлаққа жеткен аңыз-ертегілерді мектеп бағдарламасына енгізу керек. Сол арқылы біз қазақ фантастика жанрын дамытатын боламыз.
Біріншіден, мына нәрсені айта кету керек:әлем әдебиетінде белгілі жазушы-қаламгерлер шығармалары және олардың дүниетанымдары мүлдем басқа. Әлем әдебиетінде ең көп танымал жазушылар қатарын ағылшын, Америка жазушылар құрайды. Олардың шығармаларында неліктен фантасиика жанры көп жазылған десеңіз, Америка халқының өмір сүру дағдысы жарқын және ерекше сезімталдық пен мифтік аңыздарға сену болғандықтан, әдеби әлемдік фантастика жанрынан ерекше орын алады. Мәселен, олардағы шығармаларға көз салатын болсақ, миллиондаған жыл бұрынғы сыры ашылмаған әлем, су түбінде ұйықтап жатқан дию, уақыт мәшинесі, уақытты жылжыту, кері айналдыру немесе дәл қазіргі сәттен болашаққа өту, тағы да басқасы сипатталады.
Достарыңызбен бөлісу: |