Орыс тілді жазушылар мен ақындар шығармашылығына тоқталыңыз.
Қазақстанның орыс тілді ақындары мен жазушылары жаңашылдыққа ұмтылып, ХХІ ғасырдың негізгі індеттері – жалғыздық, әйелдердің жеке бас проблемалары, сенімсіздік, ақпарат әлемінде өзін-өзі жоғалту секілді адамдардың бастан кешіп отырған жайсыздықтарын жүректерінен өткізіп, шығармаларына арқау етіп жүр.
Карина Сәрсенова – ақын, прозаик, сценарист
Карина Сәрсенова – көптеген халықаралық әдебиет сыйлықтарының жеңімпазы, Ресей жазушылар одағының мүшесі, «Еуразиялық шығармашылық одағының» президенті. Ол 19 кітаптың авторы. Қазақстан, Ресей мен Қытайға танымал ақынның продюсерлік орталығы да бар. Сәрсенованың «Песня сердца», «Навстречу», «Веселенная любви», «Взгляд сквозь небо», «Вдохновение жизнью» жыр жинақтары, «Жизнь для тебя» мистика-эзотерикалық шығармасы, «Хранители пути» романы, «Дыхание пустоты», «Всевластие пути» кітаптары жарық көрген. Сол сияқты «Алма и Арман: магия любви», «Обратная сторона сердца» және «Подпись» мюзиклдердің сценарийін жазған. Карина жаңа әдебиет жанры неоэзотерикалық фантастиканы қалыптастырды.
Аян Құдайқұлова – прозаик
Аянның алғашқы кітабы 2011 жылы жарық көрді. Ол 2013 жылы туындысы ең көп сатылған авторлардың біріне айналды. Құдайқұлованың жанры – өткір әлеуметтік және психологиялық проза. Оның шығармашылығында көп әйел алушылық, отбасы – ошақ қасындағы түйіні тарқатылмай жатқан мәселелер, ажырасу сынды көптеген бүгінгі күннің басты тақырыптары көтеріледі. Ол осы қоғамдағы әйелдің орнын іздейді. Қозғаған тақырыптарының салмақтылығына қарамай, автор оқырмандарды тез-ақ баурап әкететін жеңіл тілмен жазады. Оның көпке белгілі романдарының қатарына «Сумочка от Коко», «Колечко с сердоликом», «Эйфелева башня», «Садовник для одиноких дам» жатқызуға болады.
Ильмаз Нұрғалиев – фантаст
Ильмаз фантастика жанрында қалам тербеп жүрген жас жазушылардың бірегейі. Оны қалың оқырманға танымал еткен туындысы – «Дастан и Арман» сериясы. Мұндағы басты кейіпкер Дастан Арманай есімді қызды ұнатады. Оларды бала кезінде бір-біріне атастырып қойған. Десе де, қыздың әкесі жігітті сынау үшін қиын 7 тапсырма береді. Міне, кітаптың әр сериясы осы тапсырмаларға байланысты шығарылған. Дастан сол тапсырмалардың барлығын орындаса ғана сүйіктісіне қол жеткізе алады. Ильмаз Нұрғалиев миф пен аңыздардың желісінде тарихи тұлғалармен қатар, ертегідегі батырларды қатар алып жүреді. Қазақ әдебиетінде кездесетін аты көпке таныс кейпікерлердің барлығы бір кітаптан табылған. Айта кетерлігі елімізде осындай жанрды бұрын-соңды ешқандай автор қолға алмаған екен. Ильмаздың туындылары миф пен аңызды сүйіп оқитын өскелең ұрпақтың сүйікті кітаптарына айналып отыр (бір өкініштісі, кітаптың орфографиялық қателеріне ешкімнің мән бермегені).
Гүлбахрам Кургулина – прозаик
Гүлбахрам 2012 жылы заманауи әдебиетте есімі танылған автор. Оның сериялы романдары отбасындағы қиындықтар, қарым-қатынастың психологиясы, қос әйел алудағы мәселелерге арналған. «Байбише. Старшая жена», «Токал. Младшая жена», «Бессовестные снохи», «И свекровь бывает золотой» туындыларды қалың оқырманға ұсынған автордың басты кейіпкері – әйел. Әсіресе, қазақ әйелдерінің қиын өмірі, екінші әйел – «тоқалдың» мәселесі көтеріледі. Заманауи қазақ келіншектерінің махаббаты, бақытқа жету жолдағы көптеген қиындықтар мен отбасыдағы өзін-өзі танытуы секілді жайттар да шет қалмаған. Гүлбахрам Кургулина психологизм мен драмалық шиеленісті өз деңгейінде жаза алады.
Олжас Омарұлы Сүлейменов (1936) — орыс тілді қазақ ақыны, тілтанушы, саясаткер, ядролық қару-жарақтарды жаппай қолдануға қарсы тұрушы, Төтенше және Өкілетті Елші. Олжас Сүлейменовтың есімі үнемі поэзияның ең үздік үлгіліремін байланыстырылады. Оның бірінші ғарышкер Юрий Гагаринге арналған «Адамға табын жер енді!» поэмасын еске түрсек жеткілікті. Олжас Сүлейменов – тамаша публицист. Оған мысал оның «Социализм сыншыларының қателіктері туралы» пікір таласын тудыратын мақаласы. Осының артында ең жоғары азаматтық ерліктің адамы тұр. Сонымен қатар, бұл шындық пен әділеттіліктің жақтаушысы, оларды растау үшін Олжас Сүйлейменовте тосқауылдар болған жоқ.
Олжас тілтанушы ретінде көбінекей көне түркі тілін зерттеді, әсіресе шумерлер және шумер тілі туралы зерттеулері батыс ғалымдарының көне тілүнді-еуропа тілдерінен бастау алады дейтін қасаң теориясына пәрменді соққы берді.
Зерттеулері ретінде төмендегі бірнеше кітапті айтуға болады:
1975 ж. жарық көрген «Аз и Я» кітабі түркі және славян халықтарының ежелгі жазба ескерткіштеріне арналған. Тым-тым арғы, есте жоқ ескі замандағы ұлт пен ұлыстардың тілі, ғұрып-әдеті сөз болған бұл кітапті кейінгі зерттеушілердің тамаша қолғанаты, оқушылардың, қызығушылардың сүйп оқыр ғылымнамасы деуге болады. Әсіресе кітаптың Шумернама бөлімі оқырманды тың да, тілсім қиялдарға бастайды. Кітаптың соңы 1001 сөз атты этимологиялық сөздікке ұласып, бұрыңғыдан кемелдене түсті.
«1001 сөз» жазу мен таңбаның тарихы туралы шығарма, кітап әрқилы мәдениеттің кездейсоқ, жеке дара пайда болмастан бір-біріне тығыз байланыса отырып туылатынын, дамитынын осы 1001 сөзді дәйек ете отырып дәлелдеуге тырысады.
Ақындығы«Біз жаңаша өлең жазуды Олжастан үйрендік» дейді — Сергей Марков, бұл болса Олжас өлеңдерінің тынысы өзгешелігін әйгілегендей. 1961 жылғы тырнақ алды жинағы «Арғымақтар» кітабінан бері ол жиырма шақты жыр жинағына аутор болды. «Халықтың тарихы айналып келгенде ақынның үлесіне тиеді» - дейді А.С. Пушкин, оқып отырсаңыз Олжастың өлеңдері қазақ халқының талай ғасырлық мұңы мен қуанышын, сыры мен сипатын айтады, енді сіз бір ақынның жырын ғана емес бір ұлттың сан ғасырлық сәлихалы тарихын аралағандай боласыз. Олжас өлеңдері қазақ пен орыс арасында ғана емес, Еуропа елдері, Кіші Азия, Қытай, Америка елдері арасында өзінің асқақ қазақы үнін аспандата саңқылдатады.
Жыр жинақтары
«Арғымақтар», Қазақтың мемлекеттік көркем әдеби баспасы, Алматы, 1961 ж. «Олжас Сүлейменов жинағы», Жазушы, Алматы, 1967 ж. «Қыш кітап», Жазушы, Алматы, 1969 ж. «Атамекен», Жазушы, Алматы, 1972 ж. «Каждый день — утро», Правда, Москва, 1973 ж. т.б.
Достарыңызбен бөлісу: |