Түркі мифологиясы: типологиялық сипаты, ортақ мотивтер және кейіпкерлер



Pdf көрінісі
бет6/12
Дата07.02.2022
өлшемі336,07 Kb.
#95556
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
Байланысты:
, [#409480]-446963 (1)

Жанат АЙМҰХАМБЕТ (Zhanat AİMUKHAMBET)
31
Türk Dünyası 43. Sayı
Тәңірінің әмірімен хұн тәңірқұтының қыздарының бірі қасқырдан ұл 
туады. Көк бөрі туралы аңыздар б.д.д. Ү-ІҮ ғасырларда көшпелі жұрттың 
арасына кеңінен таралып, киелі аң ретінде санаға әбден сіңіскен. Белгілі 
ғалым-тарихшы, түркілер әлемін зерттеуші Л.Н.Гумилев өз еңбектерінде 
түркілердің діни нанымдары туралы айта келіп, көк бөрі мифіне ерекше 
тоқталады (Гумилев 1994: 78). Көк бөрі Көк Тәңірімен байланыста 
түсіндіріледі. Ол – Тәңірі жердегі пендені құтқару үшін жіберген киелі аң 
болып қабылданады. Х ғасыр ескерткіші болып саналатын «Оғыз қаған» 
эпосындағы мифологиялық желі – Оғызды жорыққа көк бөрінің бастап 
жүруі. Эпос оқиғасына тоқталсақ, ұйықтап жатқан батырдың шатырына 
көктен нұр сәуле түседі. Сол көкшіл сөуледен көк жалды арлан каскыр 
шығып, Оғыз кағанга тіл қатады:
«О, Оғыз! Сен Үрімге аттанып барасың,
О, Оғыз! Мен сені бастап жүрейін”, -
дейді. Сөйтіп, Оғыздың жеңісті жорықтарына ылғи осы көк бөрі 
жол бастайды. Үнемі қаған әсерінің алдында жүреді. Бұл әдеби 
жәдігерлік түркілердің көк бөріні ерекше құрмет тұтып, киетек ретінде 
танығандығына айқын мысал болады. 
Адам тағдырының болжамы түсте аян беру арқылы білінеді деп ұғыну 
да түркілер дүниетанымынан кеңінен орын алған. Мифологиялық ойлау 
кезеңінде туған бұл сенім халық санасында күні бүгінге дейін сақталып 
келеді. Психоаналитикалық бағыттың өкілі З.Фрейд өз еңбектерінде түс 
көруді мифологиямен ұштастырғаны белгілі. 
Түркі халықтары фольклорында түс көрудің орны айрықша. Қазақ, 
өзбек, ноғай, т.б. түркі халықтарына ортақ “Алпамыс батыр” жырында 
Тайшық хан Алпамысты түсінде көріп, өзінің ажалы сол баладан 
болатынын біліп, алдын-ала әрекет жасайды. Бәрібір түсінде көргені 
өңінде келеді. Ендігі кезекте түс көру Алпамысқа ауысады. Ол түс көріп, 
соңында қалған елінің, отбасының ауыр халін сезеді. Түс Тайшық ханға 
болатын оқиғаны анық көрсетсе, Алпамысқа ишара түрінде көрінеді:
Алпамыс батыр түс көрді, 
Түсінде жаман іс көрді
Төсегінің үстінде
Бір күшіген құс көрді.
…Алдағы болар Алпамыс әрекеті де түсте аян етіледі. Жанына 
жақын ет бауыр адамдардың жаманшылыққа ұшырауы түс арқылы баян 
етілетініне “Қыз Жібек” жырынан мысал келтіруге болады:
Мен бүгін түс көрдім, 
Түсімде жаман іс көрдім, 


Түркі Мифологиясы: Типологиялық Сипаты, Ортақ Мотивтер Және Кейіпкерлер
Türk Dünyası 43. Sayı
32
Төлеген мінген көк жорға ат 
Ер тоқымсыз бос көрдім…
…Қолымдағы тұйғынның 
Заулап келіп аспаннан
Желкесін қиды бидайық.
Эпостық жырлардағы түс – болар оқиғаны бұлжытпай көрсететін 
маңызды процесс. Бұдан халық сенімінде түс үлкен орын алатынын 
аңғарамыз. Көрген түсті жорудың да маңызы зор. “Түс жорудың қазақтар 
арасында үлкен мәні бар, ел ішінде арнайы мамандар – түс жорушылар 
да ұшырасады. Бұрынғылардың айтуынша, түс жору Перғауынның түсін 
болжаған Жүсіп пайғамбардан басталады” деп жазады Х.Досмұхамедов 
(Досмұхамедов 1991: 25). Діни аңыздарда Жүсіп пайғамбарға Алла-
тағала түс жору ілімін қондырған делінеді. “Қобыланды батыр”, “Қозы 
Көрпеш – Баян сұлу” жырларында да түс көру мен оны жору айрықша 
мәнге ие. Қобыланды батырға таң алдында түсінде аян беретін – жеті 
кәміл бабасы:
Көк есегі астында,
Ақ сәлдесі басында,
Сырлы асасы қолында,
Өзі хақтың жолында,
Жеті кәміл бабасы 
Келді жетіп қасына.
Жеті кәміл бабасы Қобыландыға елінің қазіргі жайын баяндап, реніш 
білдіреді. 
Түркі халықтарына кеңінен таралған тағы бір эпос – “Қозы Көрпеш 
– Баян сұлу” жырында Сарыбайдың ханымы:
Мен шошыдым түсімнен бүгінгі күн, – 
деп, алдағы болар қасіретті сезеді. Сарыбай өлімін естіртуші тазша:
Мен түсімнен шошыдым бүгінгі күн, 
Менің сәлдем басымнан жерге түсті, – 
дегенде, оны Сарыбайдың ханымы жақсылыққа бұра жориды. Тазша 
түсінде көрген сияқты қылып:
Қолымнан жібек баулы сұңқар қашты
… Түсімде бір тұңғиық суға кеттім, -
деп, Сарыбай өлімін тіке айтпай, түсті тілге тиек етіп, жанамалай айтады. 
Қазақ, қарақалпақ, татар, ноғай, т.б халықтардың ортақ мұрасы - 
“Едіге батыр” жырында да Едігенің көрген түсі қаһарманның алдағы 
тағдырын болжайды:


Жанат АЙМҰХАМБЕТ (Zhanat AİMUKHAMBET)
33
Türk Dünyası 43. Sayı
Мен бүгінгі түсімде
Алтынды ер, Ақ боз ат
Жалынан тартып мініппін
Ақ сұңқар құс болыппын
Көкке таман ұшыппын,
Көкте жүрген періште
Оларға барып сөйлесіп,
Онан да ары ұшыппын
Төбедегі қоңыр қаз
Көк жүзінде іліппін,
“Тор” тауына қоныппын,
Төс етіне тойыппын.
“Бұл түс – Едігенің ұлы жеңісінің, қаһармандық даңқының алдын-
ала ишара етілген нышаны”(Р.Бердібаев). Адам тағдыры Жаратушы 
иенің қолында, оны пенделеріне түс арқылы аңдатып отырады деп түсіну 
мифтік санаға тән. Неміс психологы В.Вунд еңбектерінде түс көру және 
аффективті халдің миф генезисімен тығыз байланыстылығы ерекше 
көрсетіледі. Түс – жаратылыс тылсымдарының бірі. Бағзы адамдардың 
түсінігінше, адам ұйықтағанда оның рухы “жаны” денесінен бөлініп, 
аспан әлеміне ұшады. Періштелерге жолығып, тағдырынан хабар алады. 
Жоруға болатын түстің белгілері – таң алдында көрінеді, белгілі бір оқиға 
аян етіледі. Түс жорушылар мұндай анық түсті періштелер көрсететін 
түс дейді. 
Фольклордың басқасалаларында да түске ерекше мән беріледі. Бізге 
жеткен аңыздарда Абылай ханның түсі, оны Бұхар жыраудың жорығаны 
айтылады. Абылай сол түсінің жоруы арқылы бір ұрпағының батыр 
(Кенесары), бір ұрпағының ғалым (Шоқан) болып, тарихта аттары 
қалатынын біліпті-мыс. Яғни, түске сену, оны жоруға мән беру халық 
сенімінде ерекше мәнге ие. 
Ғалым, фольклортанушы Б.Абылқасымов қазақтың көне наным-
сенімдеріне байланысты ғұрыптық фольклорына ырым, арбау өлеңдері, 
бәдік, бақсы сарындарын жатқыза келе, бұл аталғандарды (ырымнан 
басқасын) “магиялық поэзия” деп айтады. “Магиялық поэзия – әр түрлі 
құбылыстарға табиғаттан тыс күштер арқылы әсер етуге болады дейтін 
наным-сенімнен туған сиқырлау, дуалау мақсатымен айтылатын ғұрып 
өлеңдері” (Абылқасымов 1994: 23).
Осы аталғандардың ішінде ырымға ерекше тоқталған жөн. Ырым-
жоралғылар табиғаттың тылсым күштеріне, заттар мен құбылыстарғды 
тылсым сырлы, құпияға толы рух деп қараған мифтік түсінік негізінде 
туындаған. Аң-құстардың кейбіреулерін киелі санап, өлтіруге тыйым 


Түркі Мифологиясы: Типологиялық Сипаты, Ортақ Мотивтер Және Кейіпкерлер
Türk Dünyası 43. Sayı
34
салады. Төлдегелі жүрген аңды ату – жаман ырым. “Қозы Көрпеш – Баян 
сұлу” жырында Қарабайдың айтуымен буаз маралды атқан Сарыбай сол 
жерде мерт болады. Ырым-жоралғылар өз алдына жүйеленіп те айтылады, 
ауыз әдебиетінің барлық үлгілерінен бой көрсетеді. Кей аңды киелі 
санап, оларды атуға тыйым салудың негізгі бастауы жан-жануарларды, 
жалпы жаратылыс атаулыны қастерлеген түркілік дүниетанымда жатыр.
Түркі мифологиясы – Грек, Рим, Мысыр, Қытай, Үнді мифологиясы 
сияқты өз алдына тұтас жүйе құрайтын, байырғы түркі халықтарының 
дүниетанымын кеңінен танытатын үлкен бір әлем. Оның құрылымы мен 
кезеңдері, қалыптасу негіздерін тану үшін терең де жүйелі зерттеулер 
қажет. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет