Түркі Мифологиясы: Типологиялық Сипаты, Ортақ Мотивтер Және Кейіпкерлер
Türk Dünyası 43. Sayı
36
Кельт мифтерінің ирландық мәдени жадтағы аралдық кеңістігін
мекен еткен ілкі «тұрғынның» аңсары «уақыт тоқтап тұратын» ерекше
бір аралға ауады. Ол арал – Аваллон. Кельттерден бриттерге жалғасқан
мәдени танымда қалыптастқан мифтік түсінік бойынша «Аваллон – ауыр
жараланған Артур корольді апарған мифтік арал» (Широкова 2005: 127).
Ол әлі күнге дейін сонда деп аңыз айтылатынын білеміз.
Кельттер өздерінің мифтерінде «өткеннің және болашақтың» даңқты
королі деп таныған Артурды «Аваллонда» ұйқыда жатыр, халық қашан
керек еткенде қайта оралады деп сенеді. «Аволлон» – валли сөзі: авал-
алма; лон-арал дегенді білдіреді. Кельттер түсінігі бойынша адамдар о
дүниеде тұрақтайтын өзге әлем. Бұл құпия әлемге әйгілі жауынгерлер,
ақындар, билеушілер тірі кезінде де бара алады деп сенген. Аваллон
алғаш рет Гальфрид Монмутскийдің «Бриттер тарихы және даңқты
король Артурдың шайқасынан кейін» («Британия корольдерінің
тарихы») кітабында аталады. «Галфридтің сипаттауы бойынша,
бақтардағы барлық ағаш бір мезгілде гүлдеп, жеміс беретін, алқапты
суарудың еш қажеті болмайтын бұл ғажап аралда барлығы да өздігінен
өсіп-өнеді. Мұнда мол егін, жүзімдер бар, Адамдар жүз, тіпті одан да көп
жасайды. Аваллон – сондай-ақ Моргана әмір жүргізетін тоғыз апалы-
сіңілілі феялардың аралы. Моргана емшілік өнерін жетік меңгерген, өз
бейнесін өзгертуге және «ауаны қанаттарымен тілгілеп» ұшу қабілетіне
ие (Аваллон). Сондай-ақ «Донның үйі», Бақытты Арал да рухтың тұрағы
деп біледі.
Ежелгі мифтік түсінікте Жерұйық саналатын ғажайып арал қарапайым
адамдарға көрінбейді, ол тұманмен тұмшаланған немесе судың астында
орналасқан. Бұл аралды жеті жылда бір рет көруге мүмкіндік бар, егер
оған от тисе ол қайта жоғалмайды және тірілер үшін жердегі жұмаққа
айналады деп сенген.
Кельттер мифологиясында ғажайып мекен қатарында айтылатын
мекеннің біреуі – Донның үйі дедік. Мифтік таным бойынша «Донның
үйі» – аралда орналасқан о дүниеліктер мекені. Ол төбелермен қоршалған.
Дон – осы кеңістіктің патшасы. Ең алғаш о дүниеге кеткен адам.
Тир Тайнгер немесе Тир Тойнгире (Хай-Бразил) – Хай-Бразил
тұрақтаған жер дегенді білдіреді. Бұл да ғажайып мекеннің бір атауы.
Кельт мифтерінен белгілі Мананнан Мак Лир (“Теңіз ұлы”) –
ғажайып мекеннің королі. Ғажайып арбамен саяхаттайды. Үстіндегі
жасыл жамылғысы жарықта түсін өзгерте алады. Екінші аты – Кернун
(латынша «мүйізді» деген мағынаны береді). «Лирдің (теңіздің) ұлы
Маннан құдай – су әлемімен байланысты о дүниедегі Тир Тоингир елінің
Жанат АЙМҰХАМБЕТ (Zhanat AİMUKHAMBET)
37
Türk Dünyası 43. Sayı
әміршісі – жерде де де, суда да атқа мініп, яки арбамен жүретін болып
бейнеленеді» (Широкова 2005: 55).
Кельттерде ғажайып мекеннің негізгі тұрғындары – сидалар, яғни
құдай тектес тіршілік иелері. Бір нұсқа бойынша олардың шығу тегі
Туатха де Дананн деген құдаймен байланыстырылады. Бұларды бриттар
мен гэлдер мифологиясында феялар деп атайды. Бір қызық болжам –
мифтанушы С.Қоңдыбай «Tuatha de Danann», яғни Дану тәңірияның
ұрпақтары деп саналатын Ирландияны жаулап алушы нәсілер туралы
«tuatha»сөзі «тайпалар, рулар, ұрпақтар» дегенді білдіреді, бұл мағынаны
қазақ тіліндегі «тұқым», «тұқыл», «түп-тұқиян», «түбір», «тек», «тұяқ»
сияқты сөздерге, сондай-ақ «туу», «туған», «туыс», «тумақ», «туажат»
сияқты сөздер...» деген тұжырымға тоқталады (Қоңдыбай 2004: 427).
Түркілік Жерұйық – қазақ фольклорында Асан қайғының атымен
байланыстыра айтылады. Халқына жайлы қоныс іздеген Асан абыздың
саяхатының астарында қандай тұспал бар? Асан қайғы туралы баяндарда
барынша реалды өмірге жақындаған Жерұйық – әу бастағы Рухани
тұрақ. Жоғарыда айтқанымыздай, мифтік танымның трансформациясы
нәтижесінде адам баласы тірідей көре алатын қоныс Жерұйыққа
айналады.
Түркілер дүниетанымындағы ғажайып мекен қазақ әпсаналарында
«Жерұйық», «Өтүкен», «Үш қиян», «Сарыарқа», «Жиделі-Байсын»
сипатында көрініс береді. Бұл мекендер құтты қоныс болумен қатар,
елдікті, егемендікті, киелілікті танытатын символдық атауларға
айналған. Жерұйық ұғымына түркілік танымдағы тәуелсіздік тығыз
байланыстырылады. Рух мәңгі тұрақ табар мекен, яғни адамзат баласы
үшін мәңгілік тұрақ мифтік танымда ғажайып мекен ретінде сипатталады.
Сондықтан да оның нақты қай жерде орналасқандығы белгісіз. Адам
баласы өзінің тірлігінде осы мекенді іздеп, соны бір көруді аңсаумен
жүреді.
Өмірдің бастауы, қайнар көзі – жердің кіндігі осы Жерұйықта деген
сенім адамзатқа ортақ мәңгілік өмірдің нысаны болып табылатын Әлем
ағашының орналасқан орны да сонда деген баянға жалғасады. Әлем ағашы
түркі мифологиясы мотивтерінен қазақ фольклорына Бәйтерек түрінде
келді. «Ол – мәңгілік өмірдің бастауы және кепілі. Шекті мен шексіздің,
жарық пен қараңғылықтың, фәни мен бақидың, аспан мен жердің, тірі
мен өлінің, тылсым мен тірліктің құдыретті де киелі дәнекері» дейді
ғалым Т.Жұртбай (Жұртбай 2014: 6). Жеті қат жер астынан тамыр алатын
Бәйтеректің ұшар басы тылсым көкке барып сіңеді. Сөйтіп ол мифтік
танымдағы үш әлемді бір-бірімен жалғап тұратын дің болып табылмақ.
Қазақ ертегілерінде Бәйтеректің басында ұя салған Самұрық, яки Алып
|