Түркі мифологиясы: типологиялық сипаты, ортақ мотивтер және кейіпкерлер


Түркі және кельт мифтерінің ұқсас қаһармандары – бақсылар



Pdf көрінісі
бет10/12
Дата07.02.2022
өлшемі336,07 Kb.
#95556
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12
Байланысты:
, [#409480]-446963 (1)

Түркі және кельт мифтерінің ұқсас қаһармандары – бақсылар 
мен друидтер
. Мифтанушы ғалымдардың бірі И.Г.Садовская зерттеу 
еңбектерге сүйене отырып: «Друид – «друс» деген сөзден шыққан
еменнің, яғни, барлық Еуропа халықтары, оның ішінде кельттер үшін 
киелі болып саналатын ағаштың ежелгі атауы. Осы киелі ағашпен өзінің 
қызметін, әрекетін байланыстырған жандарды «друидтер» деп атаған» 
деген пікірді келтіреді (Садовская 2006: 273). Кейбір зерттеушілер 
бұл пікірді теріске шығарады. Себебі – «друс» грек сөзі. Ал, кельттер 
өздерінің ерекше құрмет тұтар қасиетті адамдарын, яғни абыздарын грек 
сөзімен атауы мүмкін бола қоймас. Бірсыпыра зерттеушілер тарапынан 
ұсынылатын пікір мынадай: «друид» сөзі үндіеуропалықтарға тән, екі 
бөліктен тұрады: күшейтпелі мән үстейтін 
«дрю»
және 
«вид»
(«білу»), 
сонда «терең білуші», «бәрін білуші» мағынасында. Бұл туралы В. 
Широкова өз еңбегінде айтып өтеді (Широкова 2005: 16). 
Томас Роллестонның сипаттауынша, друидтер «құдай мен адам 
арасындағы бірден бір делдал, оның қатысуынсыз ешкім құрбандық 
рәсімін атқара алмайды» (Роллестон 2004: 14). Ол, сондай-ақ друидтер 
туралы философиялық, діни, ғылыми ақпараттарға Цезардің ерекше 
құрметпен қарағанын атап көрсетеді.
Друидтердің міндеті мен көп сипаттыәрекетінің«маг» сөзімен 
сәйкестігі мифологияға қатысты зерттеу еңбектерінде көп айтылады.
Мұндай сипат түркі мифтеріндегі бақсы тұлғасын еске түсіреді. 
Кельтмифтеріндегі баяндауларға сүйенсек, алғашқы друидтер жерге 
Туатха де Даннан құдаймен көкт әлемінен келген, яғни аспаннан түскен 
жандар деп есептеледі. Друидтер – өзінің ерекше күшіне табиғат пен 
адамды тәуелді ететін, өзінің бейнесін өзгерту қабілетіне және тылсым 
күшке ие жандар. Олардың болмысы қарапайым пенделерден мүлде 
бөлек.
Кельт мифологиясындағы друидтердің қызметін атап көрсетер 
болсақ, олар:
– тылсым жаратылыспен рухтар әлемін адамдармен байланыстыратын 
ерекше қасиетке ие жандар;
– олар түрлі ритуалдық рәсімдерді, ғұрыптарды орындаушы;


Жанат АЙМҰХАМБЕТ (Zhanat AİMUKHAMBET)
41
Türk Dünyası 43. Sayı
– олардың бойында болашақты болжайтын көріпкелдік қасиет бар, 
сондай-ақ олар ел билеу ісіне еркін т араласады;
– майдан даласындада өзінің тылсым күштермен байланыса отырып, 
дұшпанға ең ауыр, ақырғы сәттегіауыр соққыны беруші.
Түркі халықтары мифологиясында басты қаһармандардың бірі – 
бақсылардың табиғаты, жаратылысы,іс-әрекеті друидтермен барынша 
жақын. 
– о дүние мен бұ дүниені жалғастырушы, адамзатқа жұмбақ тылсым 
күш иелерімен тілдесе алатын, көк пен жерді «байланыстырушы» тұлға;
– данышпан абыз, көреген, асқан күйші әрі жырау;
– болашақты болжай алатын, барлық құпияны білетін көріпкел.
«Қазақтардағы барлық көреген, сәуегейді бақсы дейді... Бақсылар 
сәуегейлігін өздерінің жындары атынан айтады» деп жазады 
Ш.Уәлиханов (Уәлиханов 2001a: 183). Түркі тектілер түсінігінде 
«Тәңірмен тікелей жалғасып жатқан бақсының біржола өлуі мүмкін емес, 
– дейді фольклортанушы ғалым Ш.Ыбыраев, – өлген бақсының аруағы 
тіршілігіндегі жағдайынан асып түспесе кем түспейді. Керісінше, өлген 
бақсы құдайларға жақындайды, жердегі бақсылардың нағыз желеп-
жебеушісіне, иесіне айналады. Атақты бақсылар о дүниеге кеткенде 
«пір», «ата», «киелі күш», «аруақ» деген ұғымдарға көшеді» (Ыбыраев 
1999: 584). Бақсының не өлі, не тірі емес делінетін болмысы, екі дүниеге 
де тән болуы ұғымы осы сенімнен бастау алады. Бақсылармен «туыс» 
друидтер туралы Франсуаза Лерудің еңбегінде жан-жақты айтылған 
(Леру 2000: 99).
Бақсы мен друид – екеуі де Е.Мелетинский өз еңбегінде атап 
көрсеткен ілкі ата немесе мәдени қаһарман болып табылады. Ілі кейіпкер 
немесе мәдени қаһарман – ең әуелгі рухани баба. Олардың ажал табуы 
өте сирек. Тіпті өлді деген күнде де уақытша басқа жаққа кетіп, кейіннен 
қайта оралады деген сенім болған (Мелетинский 1986: 24).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет