Түркі өркениеті және Ұлы Жібек жолы



бет6/8
Дата26.11.2023
өлшемі83,28 Kb.
#193594
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
Түркі өркениеті және Ұлы Жібек жолы,СРО Тарих С.АЙДОС И-301


 3.1.Исламды қабылдаған түркілердің қайтадан Орталық Азияға оралуы Түркістан территориясында да түркі-ислам мемлекеттерінің пайда болуына себеп болды. Осы аймақта қарахандықтар мемлекетінің түркі тарихы тұрғысынан маңызы – олардың алғаш рет 940 жылы исламды қабылдап, Түркістанда да, сондай-ақ араб экспанснясы таралған барлық территорияда Каспий алабынан Анадолыға дейінгі аймақта да түркі-ислам синтезіндегі түркі мемлекеттерінің құрылуына бастама болғандығы еді. Ислам дінінің таралуына Қожа Ахмет Ясауидың сопылық ілімі де әсер етті. Қожа Ахмет Ясауи — ақын, ойшыл, ұстаз, бүкіл түркі жұртына имандылық нұрын шашқан діни қайраткер, ағартушы, жаңа сопылық ағымның ғұламасы, пірі.Орта ғасырда Ясауи оқуының пайда болуына бұрын дəуірлеп келген араб халифатының күйреуі мен əлсіреуі негізгі себеп болса керек. X–ХII ғасырларда ұлы араб халифатының батыс бетін Еуропа əмірлері билеп, шығыс бетін қытай, парсы, түрік билеушілері, кейін монғолдар өз ықпалына алады. Қарахан мемлекеті кезінде дəуірлеп келген мұсылманшылдық идея енді біраз əлсірей бастады. Оның болашағы тұйыққа тіреліп, мистика сарыны күшейе түседі. Бұрыннан айтысып келген діни ағымдар енді ашық тартысқа шығады. Осы бір дəуірдің қоғамдық санасының жемісі ретінде Қожа Ахмет Ясауи оқуы пайда болады. Оның 90 мыңдай шəкірт — мүриттері болған. Олар ұстазының ілімін Орта Азияға таратып əкеткен.
3.2.XIII–XV ғасырлар арасында Ясауи ілімі Хорезм, Мəуренаһр, Анадолыға дейін жеткен. Түрік жұртында Ясауиді құрметтеп, пір тұтқаны соншалық: «Мəдинада — Мұхаммед, Түркістанда — Қожа Ахмет», — деген. Тарих табалдырығын аттаған əрбір ұлы адам тек қана еселі еңбек қалдырмайды. Өзі де жұмбақ ғұмыр кешеді. Олардың əрқайсысы өздері өмір сүрген кезеңнің төл перзенті бола тұрып, бір мезгілде ғасырларды көктей алға озып кетуі де, бір мезгілде өзінен бұрын өтіп кеткен көне дəуірлермен іштей үндесіп жатуы да мүмкін.XII ғасырда Түркістан қаласының орнындағы Ясы атты кішкене қыстақтың Ясы шаһары деп даңқы шығуы Қожа Ахмет Ясауи əулие атымен тікелей байланысты. Өйткені Əзірет Сұлтанның көзі тірісінде-ақ оны киелі адам деп мойындаушылық көп болған. Бұған жұпыны киініп, сəн-салтанаттан аулақ өмір кешуі, ақын болуы, түрік тілінде жазған негізгі шығармасы «Диуани Хикмет» атты керемет кітабының жүрекке жылы тиетін, имандылыққа шақыратын жеке тараулары мен шумақтары, қалың бұқараның аузынан тастамайтын ғазалына айналуы үлкен себепші болған. Қожа Ахмет бабамыздың «Диуани Хикметін» кітап етіп шығарған, алғысөз жасаған М.Жармұхамедұлы, С.Дəуітұлы, М.Шафиғилар былай деп анықтама береді: «Жаңадан табылған бұл шежіреге («Нəсабнама») зер сала қарасақ, ақынның ұлы атасы Əзірет Ғали, одан Мұхаммед-Ханафия болып жалғаса келіп, оның жетінші атасы əйгілі Исхақ баб екенін көреміз. Сонда оған Мұхаммед- Ханафия он төртінші, ал Əзірет Ғали он бесінші Ата боп шығады».
4.1.Ұлы Жібек жолы туралы алғашқы мәлімет : 629-630 жылдары Будда діндары Сюань- Цзяннің деректерінен білеміз. Б.з.б 3-12ғ.ғ алғашқы сауда байланыстары жасалған
Жібек жолының басы : Қытай жеріндегі Хуанхэ өзенінің аңғарынан бастау алады. Ұлы Қытай қорғанының батыс шетінен бастау алып, Іле өзенімен Ыстықкөлге жетеді. Шығыспен батысты байланыстырып , Жерорта теңізінің Қытайға дейінгі Евразияны кесіп өткен керуен жолы .( ұзындығы 7 мың км астам)
. Саудадағы ең басты тауар – жібек ( Қытай жібегі – синапатто)
Жібек VІ ғасырда бүкіл Евразияға танымал болды.
2 мыңжыл жұмыс істеді. ХV ғасырда су жолы пайда болғасын өмір
сүруін тоқтатты.
Жетісу Ұлы Жібек жолының Шығысқа шығатын қақпасы.
Соғдылықтар Жібек өндіріп , Қытаймен бәсекеге түсті.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет