Байланысты: Түркі өркениеті және Ұлы Жібек жолы,СРО Тарих С.АЙДОС И-301
Қорытынды: Түркі жазбалары мен мәдениеті - тұрақты дамуға ұмтылған түрік этностарынын бай мәдениетінің көрінісі. Түркі халықтарының өркениеті, мәдениеті мен жазбалары бүгін әлем мәдениетінің ажырамас бір бөлшегі болып табылады. Осылайша, 2015 жылғы 15 мамырда түркі халықтарының жазбаларын мерекелеу карсанында Достық үйінің «Достык» концерттік залында түркі халықтарының жазбалары күніне орай концерттік бағдарлама болып өтті. Көрермендердің назарына түркі жазбаларының пайда болуы туралы деректі фильм, түркі тілдес этномәдени бірлестіктерінің бірегей кітап көрмесі шығармашылық ұжымдардың концертттік бағдарламасы ұсынылды. Аталмыш іс-шара этномәдени бірлестіктердің басшылары, жоғары оку орындарының ғалымдары, мәдени және білім беру саласынын өкілдері қатысты. Қазақстанның басты байлығы елімізді Отаным деп таныган - этникалык үндестікті, азаматтық бірлік пен ынтымастыкты қалыптастырған қоғам болып отыр. Қазақстандағы Түркі халықтары жазбалары күні түркі халқының дәстүрлі мерекесiнiн бiрiне айналды.