Түркі тілдеріндегі «Ұмай» мифонимі а. Күзенбаева



Pdf көрінісі
бет2/7
Дата31.12.2021
өлшемі436,55 Kb.
#107214
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
А.Күзенбаева

Summary 

The article analyzes the historical levels of Turkic dialect development in different periods, the history of the Turkic 

syncretism, the history of its formation, and the complexity of the problems that have not yet been resolved in Turkic 

languages. 

 

Жалпы түркі тілдерінде, соның ішінде қазақ тілінде, сөздерді сөз таптарына жіктеу мәселесі осы 



күнге шейін  лайықты шешімін  таппай,  талас  тудырып  отырған  проблемалардың  бірі.  Ал,  сөздердің 

тапқа бөліну тарихы тым әріде, яғни ежелгі замандар қойнауында жатқаны бәрімізге белгілі. 

Қазіргі  грамматикалық  концепциялардың  барлығы  –  терминдер  мен  ұғымдар  антикалық:  ежелгі 

гректік, содан кейін ежелгі римдіктерден тараған “сөз таптары” термині де ежелгі грек тілінен (mere 

tou  loqou)  немесе  латын  тілінен  (partes  orations)  калька  арқылы  аударылған.  Сөз  таптары  туралы 

ғылымның  алғашқы  негіздері  антикалық  тіл  теориясының  грамматика  дәуіріне  дейінгі  кезеңін 

қамтитын риторика мен логикаға арналған шығармаларда кездеседі. 

Белгілі бір лексикалық-грамматикалық категориялар ретінде сөздердің айырым белгілерін анықтау, 

яғни  оларды  әртүрлі  сөз  таптарына  саралау  біршама  қиындықтар  туғызары  мәлім.  Өйткені,  ол  сол 

тілдің зерттелу деңгейіне де тікелей байланысты. Жоғарыда тоқталып өткендей, сөздің белгілі бір сөз 

табына жатқызылуы оңың тек бір ғана белгісі бойынша емес, барлық морфологиялық, синтаксистік 

және семантикалық қасиеттерінің бірлігімен шешіледі. Жалпы әр тілде сөз таптары қалай пайда болған, 

оларды классификациялауда  қандай  т.б.  принциптерге  сүйенген деген  мәселелерді  шешу  мүмкін  де 

емес. 


Түркі  тілдеріндегі  сөзжасам  тарихын  зерттеу  нәтижелеріне  қарағанда  лексиканың  эволюциялық 

өрбу қарқыны түркі тілдеріндегі грамматикалық категориялардың даму деңгейімен белгілі дәрежедегі 

сәйкестікте және іштей өзара байланыста болғанын байқаймыз. Ал грамматикалық дамудың лексикаға 

қатысты  деңгейі  сөз  таптарының  жіктелу  сипатымен  анықталғаны  мәлім.  Басқаша  айтқанда  сөз 

таптарының  әртүрлі  қалпы  сөзжасамның  әртүрлі  тәсілдеріне  сәйкес  келеді,  яғни  керісінше  алғанда, 

сөзжасам қалпының әр алуан сипатынан түркі тілдеріндегі сөз таптары дамуының түрлі кезеңдердегі 

тарихи деңгейлерін көруге болады [1, 51-60 б. ]. 

Түркі  тілдері  құрылымы  жағынан  жалғамалы  тіл  бола  тұрса  да,  оның  бойынан  аморфты- 

синтетикалық  тілдерге  тән  полисемантизм  сарқыншақтары  да  кездеседі.  Мысалы: 

той-

әрі  есім  әрі 

етістік; 

көш-

есім, 


көш-

етістік. Мұндағы екі сөз табының түбірі бір негізді екені даусыз. Ал, оған қоса 

сөйлемдегі орнына қарай олардың мағынасы да өзгеріп отыратынын ескерсек, ерте замандарда тілдегі 

сөздердің  қызметі  жағынан  сараланбай,  бірінің  орнына  бірі  қолданыла  бергендігін  байқаймыз. 

Жоғарыда  келтірілген  мысалдардағы  бір  сөздің  әрі  есім,  әрі  етістік  қызметінде  жұмсалуы,  Э.В. 

Севортян  атап  өткендей,  сөзжасамның  ерте  дәуірлердегі  алғашқы  аналитикалиқ  тәсілдерінен  хабар 

береді [1, 51-60 б. ]. 

Қ. Жұбанов өз дәрістерінде “Бұрын тіл грамматика категорияларына бөлінбеген, ым тілі мен сөз 

тілі аралас болған. Есім аталған, етістік ымдалған. Есім болмаса, етістік де болмас еді. Бірлік, көптік те 

солай. Коллектив меншігінен соң есімде жіктеу пайда болған, етістікте де жіктеу пайда болуы содан. 

Етістік  қосымша  арқылы  қалыптасқан”,  –  деп көрсетеді  [2,  97б.].  Ғылымда  агглютинация  теориясы 

бойынша көптеген формативтер әуелдегі толық мағыналы жеке сөздерден пайда болғандығы туралы 




көптен-ақ айтылып келеді. Қазіргі зерттеулерден де осыған ұқсас пікірлерді жиі ұшыратамыз. Мұндай 

деректердің ең алғашқы атаулар адамдарды қоршаған заттар мен құбылыстардың аттары, яғни тура 

мағыналы номинатив атаулар болған деген болжамды растай түсері даусыз. Демек, бұдан да біз есімнің 

алғашқылығын, етістік тұлғалардың оған тетелесе қалыптасқанын аңғарамыз. 

Сонымен,  осы  айтылғандардан  түркі  синкретизмінің  табиғаты  түркі  тілдері  грамматикасының 

негізгі салаларының бірі – сөз таптарының тарихымен, оның қалыптасу барысымен байланысты екенін 

анықтаймыз. Бірақ сөздерді таптастыру принциптері зерттеу еңбектерде қаншама жан-жақты талданып 



жатқанымен, бұл мәселе түркі тілдерінде әлі де шешімін таппаған күрделі проблемалардың бірі болып 

қалды деуге болады. Себебі көп жағдайда бірін-бірі қайталаушылық пен Үнді-Еуропалық лингвистика 

салып  берген  сүрлеу  жолға  түсіп  кетушілік  басымдау.  Бірақ  әр  алуан  мағыналарды  бір  ғана 

грамматикалық тұлға арқылы беру әр тілдің өзине тән қасиеттері мен нысанадағы категориялардың ол 

тілде қаншалықты дәрежеде зерттелуіне, кездесу жиілігіне әрқилы түсініліп, қабылдануы да мүмкін. 

Cондықтан біз әр уақыт “ана тіліне сүйену қажет” деген қағиданы негізге аламыз [1, 51-60 б. ]. 

Сөз  –  атау  тілде  әртүрлі  тұлғалар  мен  категорияларға  ие  болады.  Сөздерді  нақты  бір  сөйлеу 

актісінде  қолданғанда  біз  заттарды  әр  тұрғыдан  (сапасы  мен  қасиеті)  бейнелейтін  тұлғаларды 

пайдаланамыз. Мысалы, қазіргі қазақ тілінде көптеген 



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет