Суда, көлде суатты, Сурун тауда ойынды,
Тарак басты Май ене.
Алтай тауының маңындағы қорған бейіттерінің кілемінде тарақ басты Тәңір
бейнеленген, бұл сол бейнеде Ұмайды көруімізге себеп болады [4].
Көне түркілік дәстүрді алтай түркілері жалғаған. Ол жоғарғы әлемнің (Аспан) Тәңірінің (Йайачы,
Жайачы, Жайық) жұбайы ретінде сипатталады. Олардың қосылуы нәтижесінде жер бетінде тіршілік
пайда болды. Алтайлық шамандардың дұғасына назар салсақ:
Өре тұрған құдайым – Иайачым.
Кепке мени сылым пычарда Умай енеме
(Сен мені Ұмай анада көтеріп жүрген кезіңде).
Аңыз әңгімелерге сенетін болсақ, кей үңгірлер мен тастарда Ұмай ана жерге түскендегі іздері
сақталып қалған. Оны
Умай энеңдин тагы
(Ұмай ананың іздері) деп атайды. Қырғыз бақсылары мен
әйел босандыратын емшілер тудыру кезінде және емдеу кезінде мына дұғаны айтып, Ұмай анаға
жалынатын болған:
менин колум эмес, Умай эненин колу
(менің қолым емес, Ұмай ананың қолы).
Балаларды, тіпті үлкендерді бір сапарға аттандырғанда жасы үлкен әжелер былай деп ақ жол тілеген:
Умай энеге тапшырдым
(Ұмай анаға тапсырдым). Ерекше атап өтетін жайт Ұмай ананы жемісті және
жеңісті, бақытты күндерде жиі еске алатын болған. Астық пен мал басы мол болған кезде былай деп
айтатын болған:
Умай эненин эмчегинен сют агат
(Ұмай ананың емшегінен сүт ағады).
Ұмай адамдардың ішкі жан дүниесіне еніп, соңғы деміне дейін сонда сақталатын қасиетті нұр
шашқан Тәңір болған. Бұл шуақтар адамға өмірлік энергиясын сақтауға көмектескен. Нұр шуағы оны
аспанмен байланыстырып, көктен оның ұлылығы үшін жерге түскен. Егер нұр сәулесі сөнсе, адам өліп
қалатын болған.
Сәби туылған кезде Ұмай ер балалар үшін оқ, ал қыз балалар үшін жебе дайындап, қорғап жүрсін
деп оларды бесікке салатын болған. Сәбилерді сондай ақ киімдеріне тағылған шашақ баулар да қорғап
түратын.
Шорлық Май ичеге арналған символдық бейне сәбидің бесігінің үстіне ілініп қойылатын ағаш оғы
бар кішкене садақ.
Хакастарда сәбидің туылғанына жеті күн толғанда «Мейірімді Ұмай күні» «Ымай той» тойланатын
болған. Сондай ақ Ұмайдың құрметіне ауылдың сол жағына көк шүберектен тігілген, бала ауырып
қалған жағдайда ботқа арқылы тамақтандырылған қуыршақты ілу арқылы бейнелеген.
Бұларға қосымша ретінде мифоритуалды тәжірбиеде кездесетін Ұмай бейнесінің аспандық
компонентіне дәлел болатын көптеген жайттарды айтып өтуге болады. Хакастар "хуруг ымай"амулеті
өзіне "ашық аспандағы" Тәңірді тартып тұрады деп сенген. Ұмай символы ретінде алтын, күміс түстем,
ақ және жасыл түсіт жіптер қолданылған. Бұл жерде жіп тіршіліктің бастауы болып табылатын күн
шуақтарын елестеткен. Якут дәстүріндегі жіпті күн нұры ретінде қолдану бедеулікке қарсы ем болуы
әбден мүмкін.
Ұмайдың басты символы қанат (Саян Алтайдағы қазіргі түркі халықтары үшін Ұмай ертегідегі құс,
ол ауада қалықтап жүреді, көктен түскен әдемі әйел, құс ана және т.б.; алайда бұл халықтардың
түсінігіндегі құс тек ертегіде ғана бар, сол себепті Ұмайдың аспанда ұшып жүруі үшін қанаты болуы
керек деген ой туындайды; Тань Шань қырғыздарында да "ұмай" – ауада қалықтап жүретін ертегідегі
құс; хакастардың бір бөлігі Ұмайды сәбиге жан мен тән әкелетін ақ немесе көгілдір түсті құс ретінде
елестеткен; Ұмайдың қанатты ұрпақ жалғастурушы құс ретінде сипатталуы Еуразия халықтарының
түсінігіндегі дүниенің бір біріне қарама қарсы екі сферасымен (жоғарғы және төменгі әлем)
байланысты болуында деп айта аламыз).
Ұмай, Умайя, Ымай, Май – аналықтың, өміршеңдіктің, ұрпақ жалғастыру мен мейірімділіктің
ұштасқан көрінісі. Көне және қазіргі түркілердің діни санасында Ұмайдың жандануы тікелей сол
уақыттарда оларға келіп жеткен діндермен байланысты (христиандық, буддизм және оның түрлері), ол
зерттелуі енді ғана бастау алған ескі түркі мәдениетінің феномендерінің бірі.
8
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
1.
Абрамзон С.М. Рождение и детство киргизского ребенка// Сб. МАЭ. – 1949. – Т. 12. – С. 82.
2.
Бутанаев В.Я. Культ богини Умай у хакасов.// Этнография народов Сибири. Новосибирск: 1984. С. 93-105.
3.
Кляшторный С.Г. Мифологические сюжеты в древнетюркских памятниках//Тюркологический
сборник. 1977. – М., 1981. – С. 133.
4.
https://qamba.info/site/book/online/serikbl-qndybai-v