Түркі тілдеріндегі «Ұмай» мифонимі а. Күзенбаева



Pdf көрінісі
бет6/7
Дата31.12.2021
өлшемі436,55 Kb.
#107214
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
А.Күзенбаева
www.zharar.com-test-9-synyp, www.zharar.com-test-9-synyp, www.zharar.com-test-9-synyp, www.zharar.com-test-9-synyp, www.zharar.com-test-9-synyp, www.zharar.com-test-9-synyp, соч 4 8, Реферат Балгожин А. Хетт, АКТ-ны және жаңа технологияларды пайдалану, Қорқыт ата дана, ҚМЖ 5 сынып, ҚМЖ 5 сынып, сцен, ҚМЖ 5 сынып, Менің панорамалық сабағым
Key words: 

Umay, linguoculturology, Turkic people, onym 

 

 

 



Ұмай Тәңірінің бейнесі көне түркілердің діни сана сезімінде үлкен орын алған. Бұл Құдай ананың 

үш бөлімді түркілік пантеонда ерекше орынға ие болғандығын оның есімінің бірнеше мәрте руникалық 

мәтіндерде кездесуінен, сондай ақ қазіргі Сібір және Орта Азиядағы түркітілдес халықтардың дәстүрлі 

дүниетанымын зерттеу нәтижелерінен байқалады, атап айтқанда Barthold W. (1897); Radloff W. (1897); 

Мелиоранский   П.  (1899);   Анохин   А.В.  (1924);   Анохин   А.В.   (1929),  Дыренкова   Н.П.   (1928), 

Каруновская Л.Э. (1935), Потапов Л.П. (1973), Абрамзон С.М. (1990);  Баскаков Н.А. (1973), Алексеев 

Н.А.  (1980);  Алексеев  Н.А.  (1984);  Валеев  Ф.Т.  (1980);  Бутанаев  В.Я.  (1984),  Бутанаев  В.Я.  (1986), 

Бутанаев В.Я. (1988), Львова Э.Л., Октябрьская И.В., Сагалаев А.М., Усманова М.С. (1988) еңбектері]. 

Сонымен қатар әлі күнге дейін зерттеушілер арасында көне түркілердің Ұмай бейнесін қандай бейнеде 

сипаттағаны жөнінде ортақ бір пікір жоқ. 

Ұмай термині качин диалектінде Омай және Ымай деп айтылады, ал сағай диалектінде Ұмай және 

Ымай. Әдеби хакас тілінде Ымай формасы қолданылады. 

Көне Тәңіршенің бейнесін және оның есімін қырғыз мұсылмандары исламда ерекше құрметтелетін 

әйел аттарымен байланыстырады: Фатима және Зухра (соңғысын айтқан кезде екеуін біріктіріп Батма 

Зуура немесе Сурра деп айтады). 

Қырғыздардың  көне  діни  культтарына  Ұмай  ана  (Ұмай  эне)  культі  де  жатады



Бұл  культті 

қарастырмас бұрын оның көп құрылымды түркілердің діни жүйесінің бір бөлшегі екендігін ескерген 

жөн. Бұл ұғымның зерттеу негіздері Л.Н. Гумилевке тиесілі. 

Ұмай  мен  үңгірдің  ара  қатынасы  бұрындары  түрлі  түркі  халықтары  үшін  маңызды  болғанға 

ұқсайды.  Жергілікті  тұрғындар Чар  тауындағы  (Нарын  қаласының  маңы) үңгірде  Ұмай  мекен  етеді 

және  оған  қарапайым адам  кіре  алмайды  деп  сенген

*

.  Сүлеймен  тауы  (Ош  қаласы)  бұрынғы  кезден 



перзент сүйе алмай жүрген әйелдердің ем іздеп баратын жері болып табылады. 


Үңгірге  қатысты  мұндай  көзқарас  Хакасия  мен  Бурятияда  да  қалыптасқан.  Ұмай  үңгірінде 

сакральді орталыққа сай барлық сипаттамалар бар. Алайда оның тауда болуы Ұмайдың хтоникалық 

кейіпкер екендігіне дәлел бола алмайды, себебі «тауда хтоникалық сипаттамалар болса да, онда аспанға 

дейін созылған жердегі орталық вертикальділік пікірі бар» [1, 82]. 

Ұмай ананың хакасша аты Ымай идже. Хакастардың пікірінше, ол адамдардың көзіне көрінбейді 

және үнемі аспанда ақ бұлттарың арасында сәбилердің дүниеге келуін, олардың аурудан аулақ болуын 

қадағалап отырады. Егер емізулі сәби құлап қалатын болса, оған ештеңе болмайды, себебі оны Ұмай 

ана қорғап жүреді деп сенген. Сондай ақ сәби ұйықтап жатқанда күлсе, Ұмай ана оны ойнатып жатыр, 

ал егер жылайтын болса, оны қорқытып жатыр деген сенім болған. Егер сәби жылайтын болса, Ымай 

иджені «хурай, хурай» деп тыныштандырып, Ұмай ана мейірлене түссін және қарнын тойдырсын леп 

сәбидің аузын маймен сылаған. Хакастардың сенуінше, Ұмай ана Ымай тасхыл тауындағы өзінің 

«қоймасында» сақтаулы  сәби жандарының қорғаушысы болған. Ымай иджені ақ шашты, адамдарға 

жаны ашып тұратын мейірімді жасы үлкен әйел бейнесінде елестеткен. Бәлкім сол себепті де сағайлар 

оны Пай идже, яғни ауқатты, мейірімді ана немесе Улуг ах ине (Ұлы ақ ана) деп атаған болар [2, 93- 

105].  Ал  түрік  мифологиясында  Ұмай  Омаджи  деген  балаларды  қорқытатын  рух  ретінде 

трансформацияланған. 

Хакасияда Ұмай (Ымай) деп Тәңіршеден басқа сәбидің туғаннан бастап, жүргенге дейінгі жанын 

атаған. Сәбилердің нендей жағдайы болмасын бәрін Ұмай анамен байланыстырған. Егер сәби күлсе, 

оынмен  Ұмай  тілдесіп  жатыр,  егер  жыласа,  Ұмайдың  қарауынсыз  қалғанда  оны  зұлым  рухтар 

қорқытып жатыр деген сенім болған. Сәбидің ауыруы Ұмайдың жоқ екендігінің нақты белгісі болған. 

Мұндай жағдайда сәбиді бақсыға (шаманға) апарған. Ол түрлі дәстүрлері арқылы сәбидің жанынын 

зұлым  күштер ұрлап  кеткенін  немесе  оның орнында  екенін  анықтаған.  Егер  сәби жаны ұрланса, ол 

сәбидің өліміне әкеліп соғуы мүмкін еді. 

Шорлар  Ұмай  ананы  (Май  иче)  сәбилердің  қорғаушысы  деп  құрметтеген,  сонымен  бірге 

балалардың ауруы мен өлімін Қара Ұмай деген зұлым күшпен байланыстырған. Шорлардың Ұмайға 

(Май иче) арнап жасайтын дәстүрлері мынадай:бесікке тағылатын кішкене садақ пен оқ, оқ қадалған 

(ер  балалар  үшін)  немесе  жебе  қадалған  (қыз  балалар  үшін)  қайыңнан  жасалған  ойыншық,  бесікке 

салып  қоятын  ағаш  оқ.  Телеуіттер  Май  энені  аспаннан  кемпікрқосақ  арқылы  жеге  түсіп,  алтын 

садақпен балаларды қорғайтын күміс түстес шашы бар жас әйел бейнесінде елестеткен. Қырғыздар 

Ұмай  энеге  сәби  туылғанда  немесе ауырып  қалғанда жолығатын  болған.  Құмандар  Ұмай  эне  судан 

қорқады деп сенген (әйел бейнесіндегі от Құдайы секілді). 

Отбасын қорғап жүретін рухтар мен күштер пантеонында сәбилердің қорғаушысы Ұмайдың немесе 

Ұмай  иченің  орны  ерекше  еді.  Ұмай  анаға  табынушылық  Саян  Алтайдағы  түркітілдес  халықтар 

арасында  кеңінен  тараған,  бұл  сенім  көне  түркілік  кезеңде  пайда  болғанға  ұқсайды.  Шорлардың 

дүниетанымы  бойынша, Ұмай  бір  уақытта жоғарғы  әлемде және жерде, сәбилердің  жанында  мекен 

етеді. 


Мрастық шорлардың Ұмаймен қатысты басқа да дәстүрлері болған. Ол қоянның терісі төселген, оқ 

(ер  балалар  үшін)  немесе  жебе  (қыз  балалар  үшін)  қадалған,  киіз  үйдің  қабырғасына  бекітілген 

қайыңнан жасалған бесік. Сәбиді қорғайтын қарапайым бұйым ретінде бесіктің аяқ жағына қойылатын 

басы темір оқты қолданған. 

Егер  отбасында  сәби  ауырып  қалса  немесе  өлетін  болса,  анасы  бақсыны  (шаманды)  көмекке 

шақырған, ал бақсы жасырын түрде оған шүберектен «пала куду начах» деген қуыршақ тіктірген, ол 

дегеніміз  сәбиге  ұқсас  кішкене  баланың  жаны.  «Ұмай  тытарга»  деп  аталатын  бұл  дәстүр  жасырын 

түрде  соңғы  қайтыс  болған  сәбидің  өліміне  бір  жыл  болғанда  қараңғы  түнде  жасалған.  Шаманның 

айтуы бойынша, әйел адам өзенге бесікті лақтырып, сол бесікпен өліліре патшалығына Қара Ұмай да 

кетіп  қалсын  деп  ырымдаған.  Осы  дәстүрді  орындағанда  әйел  адам  баласын  ұстап  тұрғандай 

қуыршақты көкірегіне жақын тұтқан. 

Ұмай  (Ымай,  Майзне,  Байана,  Пайана)  «биографиясын»  көне  түркілік  дереккөздерден 

кездестіретін Тәңір болып табылады. Көне түркілік жазба ескерткіштерде оның аты жиі аталмаса да, 

үлкен маңызға ие болған. С.Г.Кляшторный Күлтегінге арналған жазба ескерткіште «Тәңір мен Ұмай 

атты  қос  Құдай  жұбына  арналған  мифке  сілтеме  бар,  ал  жерде  бұл  жұптың  баламасы  қағанның 

жұбайымен құрған жұп» деп есептеген [3, 133].Сәйкесінше, көне түркілік жазба ескерткіштерде аты 

аталатын Ұмай ана VII—VIII ғасырларда көктегі Тәңір мен жер су Құдайы jar sub пе қатар айтылады. 

Сол арқылы бізді көне замандағы ұрпақ жалғастыру дәстүрімен және күнге табынушылық дәстүрімен 

қаншалықты  байланысты  екендігімен  таныстырады.  Бұл  қазіргі  қырғыздардың  көне  түркі 

тайпаларымен  және  конфедерацияларымен  тығыз  байланысты  екендігін,  олардың  арасында 

этногенетикалық байланыс бар екендігін дәлелдеуде көмекке келеді. 

Күлтегінге арналған жазба ескерткіште П.М. Мелиоранскийдің аудармасы мен транскрипциясы 

арқылы берілген мынадай жолдар кездеседі: «Умај-тäг öгäм катун кутына інім кÿl-тäгiн äр ат болды», 



аудармасы:  «Менің  Ұмай  секілді  Ұлы  мәртебелі  анам  катун  үшін  (қуанышқа  орай)  менің  кіші  інім 

Күлтегін оның жары атанды». Аудармаға П.М. Мелиоранский мынадай анықтама береді: «Аудармада 

мен  „құт,  бақыт“  сөздерін  бір  мәртебе  деп  түсіндім...  грамматикалық  тұрғыда  „матери  анамның 

қуанышына орай“ және т.б. деп аударуға да болатын еді, „Ұмай“ Алтайдағы шамандардың әлі күнге 

құрмет тұтатын Тәңірі (В. Радлов пен В. Вербицкийдің сөздері)». 

Ұмайдың  өзін  антропоморфтық  түрде  ақ  қайыңнан  жасалған  шаштары  жылқының  ақ  жалынан 

жасалатын қуыршақтар (сағайларда қарасорадан жасалған), шүберектен жасалған садағы мен оғы бар 

қуыршақ (мысалы, качиндіктерде), сондай ақ ақ шүберек немесе қуыршақ сәбиі бар қайыңнан жасалған 

бесік (телеуіттерде немесе шорларда), бірге тігілген екі түлкі терісі немесе моншақтардың біріктірілген 

түрі (хакастардың басым көпшілігінде), ақ қоян терісі (қыпшақ тектес алтайлықтарда Дьайык Ұмай 

бейнеленген), кейде жай ғана садақ пен оқ сипатында (Хакасия маңайын мекендейтін шорлар сияқты) 

немесе бір ғана оқ бейнесінде (көптеген шорлардағы сияқты) де бейнелеген. 

Алтайлықтарда фольклорлық өлең жолдары сақталған: 



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет