Ұйымдастыру
Өзін-өзі тексеру
Өткен білімді еске түсіру
|
БЫМ. Слайдтағы суреттер туралы оқушылардың не білетіндігі жайлы сұрау, қайдан көруі мүмкін екендігін анықтау.
Оқушылардың ықтимал жауаптары:
Қызыл ту, жалау, орақ пен балға, қызыл жұлдыз кеңестік кезеңнің символдары болып табылады. Кеңестік заманда осы символдар аса танымал, көпшілік жерлерде ілінетін, қолданылатын.
Орақ пен балға символы туралы қосымша оқушыларға айтып кетуге болады:оның авторы Е.И.Камзолкин болып табылады, жұмысшылар мен шаруалардың бірлігін білдіреді, оны алғаш рет 1918 жылы шілде айында пайдалана бастайды.
2) Сабақ тақырыбы, мақсатымен таныстыру.
|
Оқушылар өз ойларын ортаға салады.
Оқушылар жауаптары арқылы жаңа тақырыпқа көшу
|
мадақтау
|
|
Жаңа білім
|
Тақырыпқа шолу.
Өткен тақырыппен байланыс орнату, естеріне түсіру үшін төмендегі сұрақтарды қою:
- Қос үкімет қашан орнады?
- Неліктен кеңестер Уақытша үкіметке қарсы болды?
- Қазақ даласында Ақпан революциясынан кейін қандай саяси жағдайлар орын алып еді?
Зерттеу мен талдау
1-тапсырма. Қазан революциясының орнауы туралы бейнероликті көріп, кеңестердің ұрандарының қайсысықазақтарға тиімді және маңыздырақ болғанын түсіндіріп үлгіге сәйкес кестеге жазыңыз.
|