1-тапсырма.
«Болжау» әдісі.
Жеке жұмыс
Тақтаға бірнеше суреттер ілінеді.
Бүгінгі сабақтың тақырыбы қандай болады деп ойлайсыздар?
Сабақтың тақырыбын оқушылар өз болжамдары бойынша табады.
Сабақтың тақырыбы, мақсаты, жетістік критерийі таныстырылады.
Тақтаға тыңдалымда кездесетін бірнеше тірек сөздер жазылады. Тыңдалымда кездесетін тірек сөздердің мағынасы ашу арқылы оқушылар бір-біріне сұрақтар қояды.
Мұғалім жасалған жұмысқа кері байланыс беріп отырады.
2-тапсырма. «Ойлан, жұптас, бөліс» әдісі.
Жұптық жұмыс
Тақырыбы: Қазақстан мәңгілік ел.
Болжам бойынша сұрақтарға жауап беру.
Қалай ойлайсыңдар, қазақ елінің басты арманы не және ол орындалды ма?
Ата – бабамыздың сан мың жылдан бергі арманы орындалу үшін қандай үлес қосар қосар едіңіз?
Тыңдалым мәтіні мен сұрақтарға өзіндік ойларын білдіреді.
Берілген тапсырма бойынша әрбір оқушы жеке жұмыс жасау арқылы өз ойын қорытып, көрші оқушымен жұптасып пікірлерімен бөліседі, бүкіл талқылауға ұласады. Мұғалім жасалған жұмысқа кері байланыс беріп отырады.
|