Негізгі бағыттар
|
оқу тәрбие процесін жетілдіруге, педагогтерге, білім беру ұйымдарына көмек көрсетуге бағытталған білім беру қызметкерлерінің кәсіби біліктілігін арттыру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру және өткізу (консультациялар, сабақтарды талдау, дәрістер, мастер-кластар, семинарлар, ғылыми-практикалық конференцияларды, педагогикалық оқулар, педагогикалық шеберлік мектептері, кәсіби шеберлік конкурстары т.б.)
білім беру сапасын қамтамасыз ету бойынша оқу-әдістемелік жұмыс мазмұнын жетілдіру жөніндегі ұсынымдаманы, әдістемелік құралды әзірлеуді ұйымдастыру
педагогикалық қызметті зерделеу, талдау және бағалау, тәрбиеленушілер мен оқушылардың білім беру жетістіктерін мониторингілеу, жұмыс тәжірибесін жинақтауды және жүйелендіруді қамтамасыз ету, тиімді нысандар және олардың нәтижелілігі туралы деректер банкін құру
білім беру ұйымдарына және жекелеген педагогтерге инновациялық қызметте қолдау көрсету, тәжірибелік-эксперименттік және зерттеу жұмыстарын жүргізу
педагогтерді мемлекеттік білім беру саясатының негізгі үрдістерімен уақытылы танысу, оқытудың, сыныптан тыс, мектептен тыс және тәрбие жұмыстарының инновациялық нысандары мен әдістерін зерделеу
педагогтерді балалар мен ересектерді оқыту, тәрбиелеу және дамыту проблемалары бойынша оқулықтар мен оқу-әдістемелік әдебиеттер туралы қажетті ақпараттармен қамтамасыз ету, ақпараттық-библиографиялық жұмысты өткізу, бейне-медиатека жасау
білім алушыларға білім беру мен оларды тәрбиелеуге қатысатын білім беру ұйымдары, мемлекеттік және үкіметтік емес құрылымдардың ЖОО ғалымдарымен өзара іс-қимылы мен ынтымақтастығын қалалық, аудандық, облыстық, республикалық және халықаралық деңгейлерде ұйымдастыру
жетекші мамандарды тарта отырып, оқу-әдістемелік материалдарды сараптау, оқу-әдістемелік және сарапшылар кеңестерінің, уақытша ғылыми-зерттеу және шығармашылық топтардың қызметін үйлестіру
біліктілікті арттыру ұйымдарымен бірлесіп, педагог және басшы қызметкерлердің біліктіліктерін арттыруды болжау, жоспарлау және ұйымдастыру, педагогтерге үздіксіз білім беру жүйесінде ұйымдастыру-әдістемелік көмек көрсету
|