Түркістан облысы, Төлеби ауданы, №1 мектеп-гимназия Иманкулова Дильназ Фариддинқызы 9-сынып Тақырыбы: «Алтын қима»



бет6/19
Дата07.02.2022
өлшемі1,05 Mb.
#94371
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19
Байланысты:
Алтын қима

6

Кіріспе
Ғылыми жұмыс өмірдің мазмұны мен мақсатына айналғанда ғана жемісті болмақ. А.Ф.Иоффе
Қазақстанның орта білім жүйесінің алдында бүкіл адамзаттың құндылық тұғырнамасында қалыптасқан, тәні және жаны сұлу, өзіне-өзі сенімді, ғылыми-тоериялық білімділігі мен тәжірибелік қабілеттері арқылы күрделі әлемдік, өмірлік әрі әлеуметтік кеңістікке еркін ене алатын қасиеттерге ие дарынды тұлға тәрбиелеу міндеті қойылып отыр. Соның ішінде ғылыми зерттеу жұмысы – қазіргі заман біліміне сай ғылым болмақ.
Республикамыздың тұңғыш президенті Н. Назарбаев өзінің жолдауында әлемдегі ең озық 50 елдің қатарына кірігу стратегиясын айқындаған болатын. Қазақстанның әлемдік экономикаға ойдағыдай кіруі бағытындағы басты міндеттерінің бірі- ғылым мен білім, жаңа технологиялар бәсекелестіктің шешуші факторы екендігін атап көрсетті.
Ғылыми зерттеу табандылықты, шыдамдылықты, көп ойлануды, сондай-ақ еңбекқорлықты талап етеді. Ғылыми зерттеу әрбір оқушыда сапалы және терең білім іскерліктің болуын, олардың шығармашылықпен жұмыс істеуін, ойлауға қабілетті болуын талап етеді. Оқушылардың өз бетімен жұмысын қалыптастыру оқушының ғылымға деген қызығушылығынан және қажеттілігінен туады. Сондай-ақ өз қызығушылығымнан туындаған «Алтын қима» тақырыбын зерделеу, оның қыр-сырларын ашып, ғылым негізінің бір жолына шығару мақсатым болмақ. «Талаптыға нұр жауар» демекші, қажымас қайрат, таусылмас талап болса, зерттеулердің көптеген сырларын аша алатынымызды естен шығармауымыз керек.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет