Бекітемін:
|
Басшының оқу ісі жөніндегі орынбасары Ж.Қ.Тайтенова
|
Түркістан қаласының адами әлеуетті дамыту бөлімінің «Оқушылар сарайы» ШЖҚ МКҚК
|
Күні:
|
Үйірме атауы:
|
Үйірме жетекшісі аты-жөні:
|
Жұмабекова Мейрамкүл Батырбекқызы
|
Топ №
|
Үйірме сабақтың тақырыбы:
|
Өсімдіктердің таксономиясы бойынша негізгі терминдер анықтамасы
|
Үйірме сабақтың мақсаты:
| |
Сабақ барысы:
|
І.Сабақтың кезеңі/ уақыты
|
1.Ұйымдастыру кезеңі – 15мин.
Психологиялық ахуал қалыптастыру 2 мин.
Топқа бөлу 3 мин.
Үй жұмысын пысықтау 10 мин.
2.Сабақтың ортасы - 20 мин.
Жаңа сабақ түсіндіру 5 мин.
Топтар сайысы 5 мин.
Сергіту сәті 3 мин.
Өзіндік жұмыс. «Жұбын тап» әдісі 2 мин.
Біліміңді тексер. «Жеміс-жидектер» әдісі 5 мин.
3.Сабақтың соңы – 10 мин.
Сабақты бекіту, қорытынды бағалау 5 мин.
Үй жұмысы 1 мин.
Рефлексия. «SMS - хабарлама» әдісі 4 мин.
|
ІІ. Педагогтің әрекеті
|
1.Ұйымдастыру кезеңі.
Сәлемдесу. Оқушылардың сабаққа қызығушылығын арттыру үшін, алдымен сыныпта психологиялық ахуал туғызу.
Топқа бөлу. Оқушыларды интернет желілері арқылы топтарға біріктіруді ұйымдастыру.
1-топ. Өсімдіктер
2-топ. Ғалымдар
3-топ. Терминдер
Үй жұмысын пысықтау. «Поле чудес» ойыны арқылы өткен тақырыппен жаңа сабақты байланыстыру мақсатында ой қозғау сұрақтарын ұжымдық талқылау.
Оқушылар төмендегі сұрақтарға жауап береді.
Өсімдіктерге жалпы анықтама бер.
Өсімдіктер мен жануарлардың ортақ ерекшелігі?
Еңбек сіңірген ғалымдарды ата.
К.Линнейдің жүйелеуіне анықтама.
Өсімдік токсономиясының негізгі қызметі?
Жоғарғы және төменгі сатыдағы өсімдіктер ерекшелігі?
Өсімдіктердің эволюциялық өзгерісі дегеніміз?
Ботаника ғылымы нені зерттейді?
Сонымен қатар, ойында Бейне сұрақ, Джекпот, жасырын ұяшық және сыйлық ұяшықтары болады.
Мұғалім оқушыларды ынталандыру мақсатында «Лайк басу» әдісімен бағалайды.
|