ІІ.БАЙҚАУДЫҢ МАҚСАТЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ
2.1. Байқаудың мақсаты - облыс педагогтерінің шығармашылық және
кәсіби өсуін ынталандыру, озық тәжірибелерін жинақтау және тарату.
2.2. Байқаудың міндеттері:
- педагогтердің кәсіби шеберлігін арттыру;
- озық педагогикалық тәжірибелерді анықтау және тарату;
- білім беру кеңістігін әдістемелік қамтамасыз етуді жетілдіру.
ІІІ.БАЙҚАУДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ КОМИТЕТІНІҢ МІНДЕТТЕРІ
3.1. Байқауға дайындық, оны өткізу бойынша ұйымдастыру жұмыстарын үйлестіру және жүзеге асыру үшін облыстық әдістемелік орталық директоры бұйрығы негізінде ұйымдастыру комитеті құрылады. Облыстық ұйымдастыру комитетінің құрамына әдістемелік орталық директоры, директор орынбасары және бөлім басшысы, әдіскерлері енеді.
3.2.Облыстық әдістемелік орталық директоры облыстық ұйымдастыру комитетінің төрағасы болып табылады.
3.3. Облыстық ұйымдастыру комитеті:
- байқаудың барлық кезеңдерін өткізу тәртібін анықтайды;
- байқауды тікелей басқаруды жүзеге асырады;
- байқаудың жоғары деңгейде өтуі үшін пәндер бойынша қазылар алқасы
құрамын анықтайды;
- пәндер бойынша қазылар алқасы жұмысын ұйымдастырады;
- облыстық байқаудың қорытындысына талдау жасайды және жинақтайды, есеп
береді.
Достарыңызбен бөлісу: |