Ү. БАЙҚАУ КЕЗЕҢДЕРІ, ҚАТЫСУШЫЛАР ЖӘНЕ ОНЫ ӨТКІЗУ ТӘРТІБІ
5.1.Байқау кезеңдері:
-І кезең – аудандық, қалалық.
-ІІ кезең – облыстық.
5.2.Байқау келесі бағыттар бойынша өткізіледі:
- химия;
- биология;
- география;
- математика;
- физика;
- тарих;
- информатика;
- көркем еңбек.
5.3. Байқауға әдістемелік әзірлемелердің келесі түрлері қабылданады:
оқу-әдістемелік құрал (көлемі 5 баспа беттен кем болмауы керек (1 баспа бет 16 бет) - оқыту пәнін, оның тарауын, бөлігін оқыту және меңгеру әдістемелері бойынша материалдарды қамтитын оқу басылымының түрі;
әдістемелік нұсқаулық (көлемі 1 баспа беттен 3 баспа бетке дейін) – қандай да бір жұмыстың орындалу әдістемесіне баса назар аударатын құрал;
- оқу-әдістемелік жинақ (көлемі 3 баспа беттен жоғары) бірқатар жұмыс түрлерінің (бағдарламалар, жиынтық бағалау тапсырмалары, түрлі бағыттағы (олимипиада тапсырмаларының жинағы, зертханалық және сарамандық жұмыстар жинағы, құзыреттілікке бағытталған тапсырмалар жинағы.т.с.с,) жиынтығын қамтитын әдістемелік басылым.