Түркітану ғылымының қалыптасуы мен дамуы туралы баяндаңыздар



Дата04.11.2022
өлшемі33,07 Kb.
#156580
Байланысты:
Тауекел Ажар


Әл-Фараби атындағы қазақ ұлттық университеті
Филология факультеті

СӨЖ
Түркітану ғылымының қалыптасуы мен дамуы туралы баяндаңыздар.

6В01701 – Қазақ тілі мен әдебиеті
Орындаған:Тауекел Ажар
Тексерген:Сағындық Н. Б.
ЖОСПАР:
I.Кіріспе…
II.Негізгі бөлім
2.1. Түркітануғылымына жалпы шолу…
2.2. Тастағы жазудың тарихы…
2.3. Көне түркі жазба ескерткіштері…

I. Түркі филологиясының, яғни ежелгі жазба мәдениетінің құпиясын енгізу. Басқа түркі халықтары сияқты, жазу тарихы әр түрлі жазудан басталады. Соңғы елу бес жыл ішінде Қазақстанда түркі эпиграфикасы саласында - Ертіс, Шу, Іле, Талас, Сыр, Орал өзендері бойынша көне руникалық жазудың болуы елеулі жетістік екені анықталды және оны зерделеу нәтижелер бере бастады. Жазбаша ескерткіштерді зерттеу тіл тарихы мен әлеуметтік рухани мәдениетті терең білуге ықпал етеді. Біздің елімізде және шет елдерде түркітану дамуының негізгі кезеңдері бірқатар көрнекті түркітанушы ғалымдардан тұрады (М.Қашқари, Ш. Уәлиханов, в. Радлов, В. Томсен, в. Банг, П. Мелиоранский, Ф. Корш, А. Самойлович, с. Малов, H. Дмитриев, в. Насилов, Ә. Марғұлан және т. б.). Мысалы, В. В. Радловтың ғылыми еңбектерінің маңызы зор. Оның ғылыми жолының үлкен мысалы: 1) Батыс Сібір тайпаларының тілі, ауыз әдебиеті мен этнографиясы бойынша бай материалдар жинау; 2) қазандағы ғылыми - педагогикалық еңбек; 3) Петербургте "түркі тілдерінің сөздік тәжірибесін"жариялау. Олардың ішіндегі ең маңыздылары-қазіргі түркология мен түркі филологиясының негіздері. Менің жұмысымның негізгі бөлімінде сіз жалпы түркология ғылымының дамуы және қалыптасуымен танысасыз, ежелгі түркі тайпаларының ежелгі жәдігерлері туралы білесіз. Сіз ежелгі түркілер, олардың батырлық дастандары мен тарихи тұлғалары туралы біле аласыз. "Ежелгі түркі жазба ескерткіштері" бөлімінде Түркі қағанаты, Орхон жазбалары, ежелгі этностар туралы деректер, осы мәселелер бойынша соңғы жылдары жарық көрген зерттеулер туралы айтылады.


II. Негізгі бөлім 2.1. түркі тілдес жазба ескерткіштерге шолу жасау ғылыми-зерттеу жұмысы қоғамның тарихын, рухани мәдениетінің тілін терең және байыпты тануға жол ашады. Осы тұрғыдан алғанда түркітанудың аса өнімді салаларының бірі - түркі филологиясы дербес пәнге айналды. Оның зерттеу нысаны тілдік, графикалық ерекшеліктерді анықтау, әртүрлі түркі жазба мәтіндерінің мәдени, әдеби және тарихи маңызы мен мазмұнын олардың алғашқы нұсқаларында көрсету болып табылады. Көне түркі жазба ескерткіштері-бұл, ең алдымен, түркі халықтарының көпғасырлық жазу дәстүрлері мен жазба тілдерінің тарихы туралы сөз болғанда тіл болып табылады. Ежелгі түркі руникалық (Орхон - Енсей) алфавиті графикалық дәйектілікке және жетілген жазуға Бай болды. Руникалық жазба ескерткіштерінің кең ауқымы-оңтүстік Сібір, Моңғолия, Қазақстан және Қырғызстанның кең далалары мен тау шатқалдары. Қарастырылып отырған жазудың екі жүзден астам нұсқасы тасқа ойылып, ондаған түрлі қорымдардан табылған металл, күйдірілген саздан жасалған бұйымдарда, сондай - ақ сирек жағдайларда ағаш пен сүйек сияқты заттар қолданылған. VII-IX ғасырларда ежелгі түркі тайпалары руникалық жазуды кеңінен қолданған.

2.2. Тастағы жазудың тарихы…
Бірнеше мың жыл бұрын өмір сүрген адамдар үңгірлеріне өмірдің маңызды аспектілерімен кірді. Бұл ең алдымен ұрпақтарға арналған әдіс. Біз бұл суреттерді қарап, бұрынғы адамдардың қалай өмір сүргенін, не істегендерін біле аламыз. Мұндай суреттер әлемнің түкпір-түкпірінде, тіпті қазақ даласында да бар. Біз олардың кейбіреулері туралы сөйлесетін боламыз.

Одан қала берді қазақ жері – таңбалы тастардың отаны. Жетісу жеріндегі «Таңбалы» петроглифтер кешені. Іленің бойындағы әлемдік ғылым айналымына алғаш Шоқан қосқан Таңбалы тас­ шатқалы. Таңбалы Нұра. Басқа да­ өрнекті, оюлы, шимайлы жартас­тар. Бұларда ғасырлар бойы қазақ даласын қоныстанған тайпалардың мыңдаған таңбалары, ұрандары, тасқа ойып түсірген әдемі өрнектер, «қошқар мүйіз», «түйе табан», «кісінің ізі», «аттың ізі», т.б. белгі-бе­дерлер көптеп кездеседі. Ғалымдар айтса айтқандай, олар – «тарихтың зор куәлігі». Ай­талық, Таңбалы Нұра жартасындағы таңбалар ХІ-ХІХ ғасырлар аралығын қамтиды. Бұл арада 1710 жылы жоңғарға қарсы соғыста үш жүздің басын қосқан үлкен жиын өткен. Халқымыз қасиеттеп кие тұтқан таңбалы тастар сыры осындай.

Ежелгі Отырардың орнындағы қамал мен қорған қирандылары, Арыстан баб пен Әзірет Сұлтан кесенелері, Қозы Көрпеш-Баян сұлу мен Айша бибі мазарлары да бабаларымыздың таспен жазған тарихы. Қазақ елі әлі тастан сомдап талай ғажайып тарихтар жасауға жазсын!
2.3. Көне түркі жазба ескерткіштері…

Ұрпақтан-ұрпакқа мұра болған руникалық жазба ескерткіштер (VIII іт.) қазақ және өзге түркі халықтарыньщ көне дәуірде мәдени деңгейінің өте жоғары болғандығын дәлелдейтін баға жетпес асыл қазына. Бүкіл әлемге танылған түркі руникалық жазбалары атақгы Егапет перғауындарының қорғандарынан табылған шумер жазуларымен дәуірлес болып келеді.

Ұлттық ғылым тәуелсіздік алған 10 жыл ішінде түркітану бағытында біршама жетістіктерге жетті. Қазақ және өзге де түркі халықтарының этносы мен мемлекетігін, тілі мен графикалық жүйесін (жазбаларын), тарихи-мәдени және этносаяси жағдайын ғылыми түрде жан-жақты әрі жүйелі зерттеу түркі тілдес халықгар үшін, оның келешек ұрпағы үшін құнды қазына болып табылады.

Қазақстан мен Орталық Азия және Онтүстік Сібір жерлерін мекендеген түркі тілдес ру-тайпалар бірігіп, VI ғасырдың, орта шенінде "Түрік кағанаты" деген атпен өз алдына мемлекет қүрғаны тарихтан белгілі. Осы кағанаттың құрамына енген тайпалык, одақтар бір кездерде өз елі мен жерінің бостандығы, тәуелсіздігі үшін алапат қақтығыстар мен жойқын соғыстарды басынан кешті. Тұс-тұстан қаумалаған дұшпандардың шапқыншылығынан қорғанған түркі ру-тайпаларының жорықтары қол бастаған ержүрек, дана іскер басшылардың ерлік істерімен, оған тіреу болар ел бірлігімен жүзеге асты. Ұрпаққа өнеге болар атақты Күлтегін, Тоныкөк, Білге, Бумын кағандар әрі тарихи, әрі әдеби дастан жырлардың кейіпкерлеріне, сомды тұлғаларына айналды. Ардақты есімдерді ел жадында сақтау үшін сол заманның данагөй білімдарлары өркениеттің белгісі болып табылатын түркілік сына жазумен тас бетіне түсірді.

Түркі тайпаларынан қалған бұл ескерткішттер көне дәуірдің қоғамдық-мәдени, әрі әдеби тұрмыс-салт өмірлерінен хабар беретін жәдігер қазына ретінде бүгінгі күні барлық түркі тектес халықгарға ортақ мұраға айналды. Түркінің сар даласының ішкі сырын бойына сіңірген таңбалы тастар қас батырдың ерлігіндей сан ғасырларды аттап, өз заманының шындығы мен қайгы-қасіретін, амал-әрекетін бейнелеп, еш өзгерместен күні бүгінге жетіп отыр.

Болашақ ұрпақка мұра етіп калдырылған көне түркілік жазба ескерткіштер кең байтақ Қазақстанның барлық аймақтарынан табылып, ескерткіштер саны жыл санап өсіп жатыр. Бірак, осы көне көз жәдігерлерге үлкен сезіммен қарап, оның ішкі мазмүны мен сырын ұғыну, қазақ халқы үшін құндылығының қаншалықты екендігін анықтау соңғы жылдары баяулап кеткені белгілі. Осы бағытта М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті жанынан түркі халықтарының ортак, казақ халқының төл мұрасы саналатын руникалық көне түркі жазбаларын зерттейтін, оларды іздестіріп өз ұрпағымен табыс ететін орталық кұру көзделіп отыр. Себебі, университет орналасқан Тараз каласы ежелгі мәдениетті келешек ұрпақпен сабақтастыратын көне қазынаның алтын діңгегі болып табылады. Оның үстіне түркі тайпалық одақтарының жиі қоныстанған, мәңгілік мекен еткен жері және ежелден калған мәдени ошақтардың негізгі тұғыры екендігі тарихтан белгілі. Түркітану ғылымы көне түркі жазба ескерткіштерін географиялық, мазмұндық әрі дәуірлік мәніне қарап, Орхон, Енисей және Талас деп үлкен үш топқа бөледі. Соның ішіндегі Талас жазбалары Қазакстанның оңтүстік аймақтарынан табылған ескерткіштер қатарын құрайды және де аталған жазба ескерткіштердің тікелей жалғасы болып табылатын орта ғасырлык мұралар мен тарихи орындар осы таулы-қыратты, өзеңді аймақтарда орналаскан. Сондықтан да казақ және өзге түркі тілдес елдердің тарихын, көне мәдениетін, өркениеті мен мемлекеттігін, тілі мен діліне қатысты құнды деректерді осы өңірлерден іздестірудің кажетгі екендігін байқауға болады.

Біртұтас мемлекет тарихын бейнелейтін түркілік руникалық жазуларды тілдік, әдеби, тарихи және саяси-этникалық жақтан жан-жақты зерттеу үшін көне мұралардың географиялық жағдайын жетік меңгеруіміз керек. Сонымен қатар, қазақ халқының көне мәдени ошақтары мен тарихи орындарын анықгау, оның мәні мен мағынасын, құпиялы ішкі сырын білу тек жекелеген зерттеуші ғалымдардың ғана емес, ол мемлекеттің алдында болашақ ұрпағы үшін міндетті түрде шешімін табатын проблема болуы керек.

Қазақстанның орталық және оңтүстік өңірлерінен табылған тарихи жазба мұралар казіргі уақытта облыстық мұражайлар мен арнайы тарихи ескерткіштерді сақтау, қорғау орындарында мүлдем жоқтың қасы. Ал соңғы жылдары Талас өзені аңғарлары мен сол аймақтағы таулы-қыратты жерлерге экспедициялар ұйымдастыру мәселесі мүлдем назардан тыс қалып қойған. Қазіргі Тараз қаласы мен оның оңтүстігіне, Алатау мен Каратау бөктерлеріне, Орталық Қазақстандағы Ұлытау мен Болаттау аймақтарына арнайы зерттеу жұмыстарын жүргізетін шағын экспедициялық топ құрып, көне жазбаларды іздестірсе, ұрпақ білсін деген ниетпен ата-бабаларымыз қалдырып кеткен жазу-сызулардың каншасы табылар еді. Бұған айқын мысал ретінде XIX ғасырдың екінші жартысынан бастап XX ғасырдың 70-ші жылдарына дейінгі аралықта іздестіру нәтижесінде табылған жазбаларды айтуға болады.



Сан жылдар бойы іздестірудің барысында Орталық Азия территориясынан ағаш тақтайшаға ойылып жазылған көне жазу табылды. Бұл жазу жүйесі өзінің құрылымы және тақтайға ойылғанымен басқа тас жазулардан ерекшеленеді. Іле-шала Ертіс өзені бойынан қола айнадағы жазу, ал 70-ші жылдары Іле өзені бойынан (Есік қорғанынан) күміс тостағаңдағы жазу табылды. Мұңдай тарихи мәні зор жазулардың бүгінде Қазақстанның ..кез-келген өңірінде өз сырын ішіне бүгіп, жасырып жатқаны бізге беймәлім.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет