Ұлы жиылыс елдегі жалғыз ғана заңды орган деп жарияланды. Мұстафа Кемал бастаған жаңа үкімет құрылды. 1921—1922 жылдардағы Ресей — Түркия келісімдері. М. Кемал үкіметі 1920 жылғы мамырда Мәскеуге өкіл- дер жіберіп, келіссөзге кірісті. 1921 жылы 16 наурызда Кеңес — Түркия достық және өзара көмек туралы келісімге қол қойылды. Келісімге сәйкес, Кеңестік Ресей үкіметі революция- шыл Анкара тобына тегін 10 млн сомдық алтын, қару- жарақ, оқ-дәрі жеткізетін болды.