1939 жылы қыркүйек айында Мәскеуге келген Түрік деле- гациясы екі ел арасындағы өзара көмек келісіміне дайын екенін білдірді. Гитлерлік Германиямен жақындасқан сталиндік үкімет Түркия ұсынысын қабылдамады. Түркия Республикасының ұлттық мақтанышы — Айя-София храмы 63 1941 жылы 18 маусымда Түркия мен Германия арасын- да достық және өзара жауласпау шартына қол қойылды. 1941 жылы 25 маусымда Түркия үкіметі бейтараптық саясатты жақтайтынын жариялады. 1943 жылы Исмет Иненю Каир қаласында Рузвельтпен және Черчилльмен кездесіп, Англия — АҚШ одағымен жақындасудың жолын ашты. 1945 жылы 23 ақпанда Түркия Германияға соғыс жа- риялап, антигитлерлік одақ жағына ауысқанын білдірді. 1945 жылы 19 наурызда КСРО үкіметі 1925 жылғы Кеңес- Түрік бейтараптық келісімін жойғанын мәлімдеді. Кеңес үкіметінің бұл әрекеті көп жылдар бойы қалыптасқан Кеңес-Түрік достық қатынастарының бұзылуына себеп болды.