1918-1923 жылдардағы Түркия халқының ұлт-азаттық күресі
Түрік халқының ұлт-азаттық күресінің басталуы. Түркия халқының ұлт-азаттық күресі алғышарттарының пісіп-жетілуі Бірінші дүниежүзілік соғыс жылдарындағы шаруашылық күйзелісімен тығыз байланысты. Соғыста жеңілген Түркия жеріне Антанта тобының әс- кері енгізіліп, маңызды аймақтарды басып алды. Англия, Франция, Италия және Грекия әскерлері басып алған аймақтарында жергілікті халыққа зорлық-зомбылық көрсетті. Англия мен Францияның соғыс кемелері Босфор және Дарданелл бұғаздарын, Батыс Анадолы аймақтарын басып алды. 59 А н т а н т а б а с қ ы н ш ы л а р ы н ы ң зорлық-зомбылығы, Ресейдегі ре- волюциялық өзгерістер Түркия халқының наразылығын күшейте түсіп, елдің тәуелсіздігі үшін күреске жұмылдырды. Ұлт-азаттық күрес тү- рік халқы біртұтас топтасқан аймақ — Анадолы түбегінде басталды. Құқық қорғау ұйымдарын құру. 1918—1923 жылдардағы ұлт-азаттық қозғалыстың басшылығында Құқық қорғау ұйымдары атты буржуазия- лық-патриоттық қоғамдар болды. Осы аттас ұйымдар Түркияның көптеген аудандарында құрылды. Бытыраңқы ұйымдардың басын қосып, жалпыұлттық ұйым құру жұмысын 1919 жылы мамырда Анадолыға келген генерал Мұстафа Кемал паша өз қолына алды.