Түрлі нозологиялық топтағы мүгедектердің типтік ауытқуларының сипаттамасы


Интеллекттік бұзылуы Танымның бұзылуы



бет2/3
Дата08.12.2023
өлшемі1,36 Mb.
#195526
1   2   3
Байланысты:
14 дәріс
Ведение родильницы в амбулаторных условиях (копия), inbound5251875386762834164, Ситуациялық есеп 2 тақырып, ТФП - журек хаттама, Қуандық Нурила, Beige Scrapbook Geography Presentation, ????????, ????????, Бахытжан Азамат срс

Интеллекттік бұзылуы

Танымның бұзылуы.

Жүйке процестерінің күші мен қозғалғыштығының төмендеуі.

Дисплазия, аяқтың, омыртқаның өзгеруі, күйі, деформациясы.

Сенсорлық ауытқулар

Дене дамуының бұзылуы, қозғалыстардың үйлестімінің бұзылуы

Туа біткен жүрек ақаулары, ішкі ағзалардың аурулары, эндокриндік бұзылулар.

Олигофрения

  • Олигофрения (грек. olіgos – аз және phren – ақыл) – ақыл-ойдың кемдігі; іштен туа біткен не алғашқы 3 жыл өмірінде дамымай қалған психиканың әр түрлі формалары. Аурудың пайда болуына әр түрлі себептер: тұқым қуалайтын аурулар салдарынан организмдегі генетикалық ауытқулар; кейбір заттардың, мыс, амин қышқылдарының (фенилкетонурия), көмірсулардың (галактоземия) т.б. алмасу процесінің бұзылуынан болатын аурулар; жатырдағы ұрыққа не іштегі нәрестеге зақым келуі (ана бойындағы вирусты инфекция,токсоплазмоз, мерез) не сәбидің 3 жасқа дейінгі алған жарақаттары (мысалы, бас сүйек-ми зақымы, т.б.) әсер етеді.

Негізгі белгілері

  • Олигофренияның ең негізгі белгісі адамның танымдық әрекетінің, атап айтқанда, ойлау және сол ойды қорыту қабілетінің нашар дамуымен сипатталады. Сондай-ақ олигофрения кезінде адамның есі, назар аударуы, сөйлеуі, т.б. психика әрекеттерінде тежелу байқалады. Науқастардың көпшілігінде сезім органдарында, қимыл-қозғалысында, тіпті жекелеген мүшелерінде де ауытқулар (бойының өспеуі, дене бітімінің диспропорциясы, т.б.) болады.

Олигофрения түрлері

  • Идиотиялық
  • Имбециалық
  • Дебильдік

Дебилдік дәреже (миақы, қауқарсыздық) – (латын тілінен “debilis”- әлсіз, қуатсыз) олигофренияның жеңіл дәрежесі. Дебилдердің интеллектуалдық коэффициенті (IQ) 50-70-ті құрайды. Ересек дебилдердің психологиялық дамуы 8-12 жастағы баланың дамуына сәйкес келеді. Дебилдердің интеллектуалды дамуының зақымдалу деңгейіне байланысты: орташа, жеңіл және ауыр түрлері анықталған.
Имбецил (милау) (латын тілінен “imbecillus” – әлсіз, елеусіз) – бұл психикалық дамудың орташа зақымдануы. Ересек имбецилдің психикалық дамуы салыстырып қарағанда 3-7-жастағы қалыпты дамыған баланың деңгейіне сәйкес. Имбецилдердің барлық психикалық процестері баяу, селқос. Имбецилдер жұмысқа жарамсыз, тек 8 өздеріне қарапайым қызмет етеді, білім алуға қабілетсіз, бірақ жай сөздерді түсінеді, ал өздерінің сөздік қорлары аз, сөйлеу әрекеті нашар дамыған. Имбецил дәрежесіндегі кемақыл балалар үздіксіз қамқорлықпен арнайы бақылауды қажет етеді. Олар еркін өмір сүруге бейімделмеген. Жағдайдың аз-кем өзгеруі имбецилді тығырыққа тіреп, олар таныс емес жағдайда сасқалақтап, мүшкіл және өте жәрдемсіз болып қалады.
Идиотия (мәңгүрт, нақұрыс) – (латын тілінен „idiotea” – тұрпайылық) – олигофренияның ең ауыр дәрежесі, оның да ауыр және жеңілдеу түрлері болады. Интеллектуалды коэффициенті (IQ) 20-дан төмен. Идиотия дәрежесіндегі ересектердің психикалық дамуы 3 жасқа жетпеген баланың деңгейінде қалады, олар қорғансыз, көрсетілген көмекті қабылдай алмайды және үнемі бақылау мен күтімді қажет етеді. Идиотия дәрежесіндегі кемақылдар қоршаған ортаға, айналасына көңіл аудармайды, олар ыстықты суықтан, жейтінді жемейтіннен ажырата алмайды. Олар бәрін ауызға апарады және қандай болмасын қолына түскен затты шайнай бастайды.Идиотия дәрежесіндегі балалар жоғары, биік немесе аласа, төмен туралы түсініктері, қауіпті сезінбейді, сондықтан әр уақытта жарақаттанып жүреді


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет