Басы 2 мин
8 мин
|
«Сендерге тілейтінім» (Шаттық шеңбері). (Музыкалық сүйемелдеумен шеңберге тұру).
Мұғалімнің қолында доп. Ол допты басқаларға береді. Балалар допты бір-біріне беру кезінде тілек білдіруі керек. Сөйлемді «Менің саған тілейтінім...» деп бастау керек.
Мұғалім балаларға бір-бірінің қолдарынан ұстауды ұсынады.
Жылулықты сезіндіңдер ме? Бір-біріңе күлімсіреңдер.
Сабақтың басында алған фишкалардың түсі бойынша топтарға жіктеу. Сабақтың ұранын айтады:
Біз ақылдымыз!
Біз ынтымақтымыз! Біз зейіндіміз!
Біз ынталымыз!
Біз өте жақсы оқимыз!
Біздің қолымыздан барлығы келеді!
(К) Қозғалысқа келтіру – тапсырмасы.
«Біздің мектеп» бейнекөрінісін тамашалау. Сендер көрген көрініс не жайлы?
Балалар, өтінемін парақтың ортасына біздің
тақырыбымыздың кілттік сөзін жазыңдар. Ол, әрине,
«мектеп» сөзі. Ал сөздің жан-жағына мектеппен
байланысты, ойларыңа түскен сөздерді жазыңдар. Оқушылар «мектеп» түсінігін ашатын сөздерді атайды.
Екінші қатарға және қаламның басқа түсімен мектептер қандай болатынын жазыңдар.
Бұл оқу мекемелерінің барлығын не біріктіреді? Біздің елде мектептің көптеген түрлері бар: орта жалпы білім беретін, бастауыш, негізгі, қандай да бір пәнді тереңдетіп оқытатын мектептер, гимназиялар, дамыта
оқытатын мектептер, бірақ бұл мектептердің барлығы бір міндетті атқарады – балаларға білім береді.
|
Шаттық шеңберінде тұрып күлімдейді.
Түрлі түсті фишкаларды таңдап, топқа бөлінеді.
Сабақтың ұранын айтады.
Бейнекөрініс тамашалап, сұраққа жауап береді.
Мектеппен байланысты сөздер тізбегін жазады.
Мектеп сөзін ашатын сөздерді атайды.
Тапсырманы орындайды.
|
«Бас бармақ» әдісі арқылы бағалайды.
|
Мұғалім үшін: компьютер, экран, мультимедиалық проектор,
дыбыстық колонкалар, электронды қосымша,
кестелер мен мазмұнды
суреттер.
Оқушы үшін: оқулық, оқушы дәптері (№1, №2).
«Менің саған тілейтінім...» жүрекше. Түрлі түсті қағаздар.
Парақтар, қалам, сызғыш
|