Тұрсын ЖҰртбай «Ұраным алаш!»


) Егерде Әуезовтің осы тақырыпқа орай айтылған пікірі дұрыс боса, онда бұл дастанның халықтығы туралы дискуссияны бастаудың қандай қажеті бар?



бет220/271
Дата22.12.2021
өлшемі10,61 Mb.
#440
түріБағдарламасы
1   ...   216   217   218   219   220   221   222   223   ...   271
1) Егерде Әуезовтің осы тақырыпқа орай айтылған пікірі дұрыс боса, онда бұл дастанның халықтығы туралы дискуссияны бастаудың қандай қажеті бар?

2) Егерде М.Әуезовтің қателіктері болса, онда баяндамашы ол туралы неге үндемейді?

3) Егерде автордың өзіндік көзқарасы болмаса, онда осыншама көлемді баяндаманы жазудың не қажеттілігі бар, ол кімге керек?

... Баяндамашы өзінің назарын тек талас тудыратын мәселеге ғана аударып, біздің дискуссиямызға қажетті талас пікір тудыратын көзқарасын білдіруі тиіс, ал талас тудырмайтын жөндемі баяндамамен дискуссияның бетін бүркемелеуі керек».

Сөздің ауқымы мен астарының кілт өзгергенін осы пікірлерде бір де бір рет «ұлтшыл», «буржуазияшыл», «реакцияшыл», «алашордашыл», «саяси, идеологиялық өрескел қате», «өрескел бұрмалаушылық» деген сөздердің қолданылмауынан-ақ байқауға болады. Тіпті М.Ақынжанов өзінің баяндамасында Маркс пен Лениннің, партияның атын атамауы да Сталиннің марқұм болуынан кейін туған дүбара толқу. Әйтпесе, онсыз баяндама жасаудың өзі «саяси қате» болар еді. М.Әуезовтің де сыналмауында екеуінің нағашы, жиендігінде, құдандалығында емес, уақыттың өз үкімін осылай білдіртпей орындатуында.

Н.Сауранбаев: «Баяндаманың мазмұнынан және ол туралы Мұсабаев жолдастың хабарламасынан біз баяндаманың негізгі идеясын, яғни, дастанның қай нұсқасының қай кезеңде туғанын анықтай алмай отырмыз. Екінші, біз осы мәселені шеше алатындай жағдайдамыз ба, жоқ па? Шешуі қиын мәселе.

Әуезов: Өте қиын.

Н.Сауранбаев: Екінші, қай нұсқасы халықтық, қай нұсқасы феодалдық? Ол туралы қандай қате пікірлер айтылды, қайсысы дұрыс, қайсысы бұрыс, соған маркстік-лениндік ілім тұрғысынан баға беруге тиіспіз. Сондықтан негізгі бағытымыз әр нұсқаның шығу тегін анықтау. Сөйлеушілер де осыны ұстанғаны жөн.

Мұқанов: біздің міндетіміз – осындай күн тәртібі қойып отырған маңызды мәселе жөнінде саяси сауатты, әдеби әрі ғылыми, терең мағыналы баяндама жасауға көмектесу. Өйткені бұған қатысатын аудиторияның өресі жоғары. Олардың алдында жерге қарап қалмас үшін бес қаруымызды сай ұстап, баяндаманы тарихи және әдеби көзқарас тұрғысынан әділ сынға құруымыз қажет. Біз қазір: баяндаманы жырдың нұсқалары жөніндегі академиялық құрылымға негіздейміз бе, әлде, саяси жағы өткір сынға құрамыз ба, соны шешіп алуымыз керек. Мен соңғысын жақтаймын. Өйткені өмірдің барлық құбылысына маркстік көзқарас тұрғысынан қарауға тиіспіз. Демек, Ақынжановтың баяндамасының бағытын өзгерту керек.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   216   217   218   219   220   221   222   223   ...   271




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет