Тұрсын ЖҰртбай «Ұраным алаш!»


Қаулы: Комиссияның ұсынысы бекітілсін



бет235/271
Дата22.12.2021
өлшемі10,61 Mb.
#440
түріБағдарламасы
1   ...   231   232   233   234   235   236   237   238   ...   271
Қаулы: Комиссияның ұсынысы бекітілсін.

1. Абайдың шығармашылығы туралы М.Әуезовтің еңбегіне іскер сын айтудың орынына кеңес жазушысы М.Әуезовке саяси қысым көрсетуге ұмтылған С.Нұрышевтің «Қазақ ССР Ғылым Академиясының Жаршысының» 1953 жылғы №4 санындағы жарияланымындағы ұстанған бағытының дұрыс емес екендігі туралы мақала жариялау «Литературная газетаға» тапсырылсын.

2. Әуезов пен Мұқанов жолдастарға: екеуі бірігіп республикалық баспасөзде ашық хат жариялау ұсынылсын, бұл хатта олар: екеуінің арасында қалыптасып отырған зиянды, қырғиқабақ қарым-қатынастың топшылдыққа алып келгендігін толық ашып көрсетсін.

М.О.Әуезов: Сіздердің шешімдеріңіз – ең жанашыр, ең парасатты, ең әділ шешім, мен мұны қабылдаймын. Партия ұйымы да мұны мағынасыз топшылдық деп баға берген. Біздің екеумізде – жауапты, барынша саналы адамдармыз. Сондықтан да мұны Мұқановқа да жолдастықпен, сендіре жеткізу керек».

Міне, егесе ырғасқан екі тұлғаның жеткен жері осы болды. Бұл қаулы екеуіне қажет пе еді? Иә, екеуіне де қажет еді. Өйткені жеке бастарын ғана емес, мұқым бір ұлттың зиялы қауымын екі жарған бұл жікшілдіктің тамыры, шын мағынасынан алғанда, түбінде бір қиылуы тиіс болатын.

Қай қылығы татиды сұм өмірдің,

Татуды араз, аразды жат қыларға, –

деп Абай айтқандай, мына өмірде екеуін араз қылатындай санат сыбағасы жоқ болатын.

Өзінің «мендерін» жеңе алмаған, «менікі» дегендері түптің түбінде кімді екеніне, кімнің мүддесіне қызмет ететініне сенгісі келмеген сананың сағымды сабылысы ақыры ұлттық рухани жіктелуіне әкеп соқты. Бірін бірі қиындыққа қиды. Тығырыққа тіреді.

Егерде Әуезов түрменің табалдырығын бүгін аттаса, ертеңінде Мұқанов оның есігін қағып тұратыны анық еді.

Ол мұны соңғы сәтте ғана түсінді. Сенген партиясы одан бетін теріс бұра бастағанын іштей сезді. Алайда біріккен ашық хат жарияланбай қалды. Әлде, Мұқанов оған бойсынғысы келмеді ме, әлде, екеуінің табысуын құзырлы мекемелер қош көрмеді ме, ол жағы әл-әзір бірге беймағлұм.

3.

Сонымен, СССР Жазушылар Одағы басқармасындағы талқылау байыпты өтті: Мұхтар Әуезовтің ұлтшылдығы дәлелденбеді, жергілікті жердің айыптаулары – негізсіз байбалам, орталықтың сыны жазушыға емес, сыншыларға арналған – деп шешті. Бұл жиналыстың шешімі КПСС Орталық комитетіне жіберілді.



М.Әуезов Алматыға қайтпай, Мәскеуде қалып, күзден бастап Москва университетінің профессоры қызметіне орналасатын боп ұйғарылды.

Бірақ «қалдырмасы» қалдырмады, тура сол күні «Казахстанская правда» газеті бұдан да сойқан «сый дайындап», «Абай» романын «халыққа жат шығарма, М.Әуезовті – ұлтшыл-буржуазияның, алашорданың идеологі деп жариялаған еді.

Таңертеңгі сағат онда басталған бұл мәжіліс өтіп жатқанда ол хабарды Әуезовтің естімеуі мүмкін еді.

Сол мәжіліске М.Әуезов «Менің қателерім жайында» атты «Литературная газетаға» арналған бұрынғы ашық хаттың мәтінін қайтадан өңдеп, оқуға дайындап апарды. Тағдырының қыл үстінде тұрғандығына анық көзі жеткен М.Әуезов бұл хатында «Абай» романының негізгі желілерінен бас тартуға дейін барды.



Бұл хаттағы пікірлер: өмірден түңілген, жанталаса жаныққан, рухы ұшып, сүлдері қалған пенденің алдыңғы сөздеріндегі ойлардың жаңғырығы, Мұхтар Әуезовтің ант мезгілі еді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   231   232   233   234   235   236   237   238   ...   271




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет