Тұрсын ЖҰртбай «Ұраным алаш!»


«Литературная газетаның» редакциясына ашық хат



бет236/271
Дата22.12.2021
өлшемі10,61 Mb.
#440
түріБағдарламасы
1   ...   232   233   234   235   236   237   238   239   ...   271
«Литературная газетаның» редакциясына ашық хат

Қалың қауымның дана ұстазы мен тәрбиешісі Ленин-Сталин партиясы біздің өміріміздегі кез-келген саласында, ешкімнің бет-жүзіне қарамастан барлық қызметкерлердің арасында сын мен өзара сынды жан-жақты өрістете отырып, кеңес халқын социализм мен коммунизмге қарсы және оған жат пиғылдармен ымырасыз тұрақты түрде күресуге баулып келеді. Дәл осындай сынның менің бүкіл өміріме тигізген әсері зор болғандықтан да, мен оны өте жоғары бағалаймын. Менің жазушы ретінде, қайраткер ретінде қалыптасуыма Кеңестік Отанның және коммунистік партияның тәрбиелік әсерінің игі ықпал еткеніне жандүниеммен де, өміріммен де қарыздармын деп есептеймін.

Жоғарыдағы айтқандарымның айғағы есебінде, «Правда» да жарияланған «Сынау орнына мадақтау» атты мақаланы, ондағы көтерілген нақты мәселелермен менің творчествома қатысты айтылған сынның шеңберінде ғана ой қорытқам жоқ, сонымен қатар мақалада сыналған жайларды ойша тағы бір сүзіп шыға отырып, өз шығармаларымда жіберген басқа да қателіктерімді санамда саралап шықтым.

Менің атыма қатысты жекелеген әдеби деректерді, идеялық бұрмалаушылықтарды өзім үшін де, оқырман үшін де өзімнің бойымдағы барлық іріп-шіріген керітартпалық, зиянды қасиеттерімді айыптап, сыртқа лақтырып, өзімді өзім жазғырамын.

Өткендегі өзімнің қателіктерімді осы бас тартуым арқылы кеңес оқырмандарының алдындағы бұдан былайғы жауапкершілігімді бұрынғыдан да терең сезінуге және социалистік қоғамның игілігіне қызмет етіп келген ілгері еңбектеріме қоса тың дүниелер беру арқылы кеңес жазушысының Отан алдындағы қасиетті борышын өтеуге тырысамын.

Сондай ойдың түйінді ұшығы есебінде мен «Правданың» мақаласында сыналған З.Кедринаның мен туралы кітабына тоқталамын. Бұл кітап «Правданың» мақалада әділ атап өтілгеніндей ең басты көкейтесті мәселеге жауап бере алмайды. Барлық кеңес жазушылары сияқты, М.Әуезов те мадақтау мен сылап-сипауды дәме етпейді, керісінше, табысы мен кемшілігін қатар көрсететін принципті және әділ сынды күтеді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   232   233   234   235   236   237   238   239   ...   271




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет