Тұрсын ЖҰртбай «Ұраным алаш!»


«Өзіңіз де сырқатсыз ғой»



бет261/271
Дата22.12.2021
өлшемі10,61 Mb.
#440
түріБағдарламасы
1   ...   257   258   259   260   261   262   263   264   ...   271
«Өзіңіз де сырқатсыз ғой»,дегенімде: «Бәлі, Жұмағалиға қарағанда мен сау адаммын ғой, түрегеліп жүрмін, бір жұмадан кейін Москваға барып емделіп, ар жағында Англияға ұшып кеткелі отырмын (ағылшын қоғам қайраткері, 1956 жылы үйінде қонақта болып кеткен Хьюлетт Джонсонның шақыруы бойынша – Т.Ж.), мені не қыласың, Жұмағали жарымжан ғой, артта әлі жетіп үлгермеген балалары қалып барады»,– деп барлық жанашырлық қамқорлығын айтып отырды.

Мұхаң майдың аяқ кезінде ауруханадан шықты. Екі-үш күннен кейін өзінің сырқаты туралы дәрігерлердің қорытындысы айтылды. Мен сол кеште үйінде болып едім, Мұхаң көңілсіз екен. «Ұлтабарда бір нәрсе бар екен, айтуларына қарағанда өзі сүйел сияқты, соны Кремль ауруханасында емделіп жазу керек немесе операция жасап алдыртып тастау қажет көрінеді», дегенді айтты. Осы сырқаттың артында үлкен зіл жатқандығы да, осыған өзі іштей қынжылатындығы да Мұхаңның әрбір сөзінен байқалып отырды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   257   258   259   260   261   262   263   264   ...   271




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет