Тұрсын ЖҰртбай «Ұраным алаш!»



бет82/271
Дата22.12.2021
өлшемі10,61 Mb.
#440
түріБағдарламасы
1   ...   78   79   80   81   82   83   84   85   ...   271
Жақсыларға жанасып,

Жүз құбылып күнiне,

Жетерсiң әлi сен ақсақ,

Талайлардың түбiне.

Мен келермiн оралып,

Күндердiң бiр күнiнде

Сен өлерсiң жүзқара,

Қор болып түптiң түбiнде, –

деген сөз тасығыш жансыздар да жүрдi.

1938 жылы қаңтарда КБ(б)II Орталық комитетiнiң пленумы «Партия ұйымының коммунистердi партиядан шығарудағы қателiктерi, КБ(б)II-ден шығарылғандардың шағымдарына формальдi-бюрократтық көзқарас туралы және бұл кемшiлiктердi жою жөнiндегi шаралар туралы» қаулы қабылдады. Ежовтың iс-әрекетi, қылмысы әшкерелендi. Оның өзi халық жауы ретiнде ұсталды. Орнына Берия келдi. Ақиқат үстемдiк алатындай көрiнгенiмен, қатерлi құйын мүлдем басқа бүйiрден кеп килiктi. Ендi, «сол қателiкке жол бергендердiң» басына бұлт үйiрiлдi. Бұл – екiншi соққы едi. Үшiншi, ең шешушi соққы – 1938 жылы наурызда «ССР Одағының Прокуратурасының» Бухарин бастаған «оңшыл-троцкийшiл блогы туралы» шығарған үкiмi арқылы берiлдi. Әр толқынның өз құрбандары болды. Оларды туғызған құпия да қатал күштiң шығу тегiн, себеп-салдарын ашып беру – тарихшылардың еншiсiне тиесiлi. Мүмкiн парызы да болуы.

Оқыстан соққан қара дүлей жазушылардың да басына осал әңгiр таяқ ойнатқан жоқ. Тоғыз ай бойы зiркiлдеп, зықыларын да шығарды. Күйiнiші – ең аяулы бәйтеректердi отап әкеткенi. Аз ғана жұбаныш – бүгiн мен ертеңнiң арасын жалғастыра алатындай екi-үш тұлғаны арт жағында қалдырғаны.

Сол да үлкен медет. Оларға да зар болып қалуымыз әбден мүмкiн едi. Ендi, оны қайта қозғап жатудың өзi де артық.
5.
Табиғаттың тауқыметiн ерте тартқан қуатты емендер қашанда шыдамды, дауылға қарсы қасарысып тұрып алады. Сол сияқты Мұхтар да сан шайқалып барып қайта қалпына келдi. Бiрақ жапырағын желге тонатқан жапандағы жалғыз түп ағаштай айналасы үңiрейiп бос қалды. Қатарлас құрбы-құрдастарының сиреп қалғанына өкiнген Виктор Гюго:



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   78   79   80   81   82   83   84   85   ...   271




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет