Тұрсын ЖҰртбай «Ұраным алаш!»


г) Қыпшақ пен иран арасындағы шайқасты ғасырлар бойы жалғасып келе жатқан дұшпандық ретінде көрсетілуінің қажеттігі жоқ деп есептейді



бет114/271
Дата22.12.2021
өлшемі10,61 Mb.
#440
түріБағдарламасы
1   ...   110   111   112   113   114   115   116   117   ...   271
г) Қыпшақ пен иран арасындағы шайқасты ғасырлар бойы жалғасып келе жатқан дұшпандық ретінде көрсетілуінің қажеттігі жоқ деп есептейді.

д) Қобыландының сүйікті әйелі Құртқаның бақсы кемпір Көкіланнан тууы, ат пен қару-жарақты халықтың қолынан емес, диуанадан алуы шындыққа жанаспайды.

е) Драмалық шығарма ретінде Орақ батырдың, Қарлығаштың, Құртқаның бейнелері солғын шыққан, Көбіктінің, Алшағырдың, Қазанның Қобыландымен күресі бірсарынды боп шыққан.

Жазушылар ұйымының Президиумы М.Әуезовке: «Қобыланды батыр» пьесасына жоғарыда айтылған ескертпелерге сай түзету енгізіп,, қайтадан талқылауға ұсынсын – деген шешім қабылдады».

Бұл қарама-қайшы шешімдердің қайсысы дұрыс? Сахнада қойылған спектакльге қаратылған пікірлерге және жазушының қолжазбасына жүгінсек, бұл бағытта елеулі түзетулер енгізілмегені байқалады. Аралары жаңа ғана жөнге келіп, сотталғандығы туралы айыптау үкімі алынып тасталған осынау кезеңде С.Мұқановтың төралқа шешімін қадағаламауы да мүмкін бе? Бұлай деуімізге себеп, бұл қаулыға С.Мұқановтың қолы қойылмаған.

Дегенмен де осы арада бір кілтипан бар.

Сәбит Мұқанов пен Мұхтар Әуезовтің арасындағы көңіл жықпас жылы лептің барлығы 1943 жылы 22-қараша күні өткен Жазушылар Одағының ІІ пленумындағы сөздерінен аңғарылады. Мұнда бұрынғыдай түйілген астарлы қабақтан көрі ашыла бастаған көңіл кірбіңі аңғарылады. Скворцов, Шаяхметов сияқты республика басшылары қатысқан пленумды С.Мұқанов кіріспе сөзбен ашты.

М.Әуезов жуырда ақындар айтысы туралы толғана сөйлей келіп:

«Мұқанов проза саласында тамаша образдар жасады. Оның өзіндік баяндау мәнері бар, қазақ прозасы үшін көп еңбек сіңірді, алайда оның негізгі табысы поэзияда. Сондықтан да мен оған қиналып жазатын прозадан көрі поэзияға баса көңіл аударуды ұсынар едім. Ішкі дайындығы пісіп жетілмеген соң романдардың көбі үстірт жазылады. Сондықтан да ішкі иірімдері таныс поэзия оңтайлы болмақ. Пушкин данышпан сияқты поэзияны да, прозаны да, драматургияны да керемет игерген таланттар сирек кездеседі. Прозағада қалам тартқан дұрыс, алайда Мұқановтың өзекті тақырыпқа арнаған шығармаларының көптеген беттерін қайта қарап, жазып шығуды қажет етеді. Шашылып, жайылып кетуге болмайды. Мұндай жайлып кетушілік Тәжібаев та да бар. Тек Орманов пен Жароков қана бір жанрды нықтап ұстанып отыр...»,– деп сипай қамшылап өтті.

Бұған жауап ретінде Сәбит Мұқанов сол мінбеден «Абай» мен «Еңлік-Кебекті» жоғары бағалап, кейіпкерлер дайын күйде сахнаға шығады, әйелдер образы әлсіздеу дей келіп:



«Мұхтар, менің білуімше, екеуміздің арамызда ешқандай түсініспестік жоқ сияқты. Мен сізді жазушы, үлкен талант иесі, мәдениет қайраткері ретінде силаймын, бірақ, драматургиядағы жаңа тақырыпты игере алмай жатқанда, ал бұл аса үлкен мәселе, ол аспан мен жердің арасында ілініп тұрғанда, қашан жаңа тақырыпты қамтитын шығарма жазғанша, бұл бізге, әсіресе, оқиғаны жақсы құра алатын, жақсы бейнелер жасайтын, тілі тұщымды драматург саған кешірім жоқ. Тіл жөніне келсек, сен маған көптеген сын-ескертпелер айттың, бұл жағынан алғанда сенің бүгінгі күннің тақырыбына арнап жазған пьесаңның оқиғасы да, ондағы адамдардың бейнесі де, тілі де өте жұтаң. Бұл ретте Мүсіреповтің жетістігі бар. Бірақ сіз «Орыс адамдары» мен «Майдан» сияқты пьесалардың деңгейіне жеткен жоқсыз. Өйткені бұл пьесалар «Орыс адамдары» мен «Майдан» сияқты біздің драматургиямыздың үлгісі болып саналмайды. Ал сол тақыптас пьесалардың тілі жұтаң болып келеді (Бұдан кейін қазақшаға көшеді). «Абай» пьесасы әдебиетіміздің тарихында жақсы орын алатын пьеса. Мұнда Мұхтар байшыл жазушыларды негізді адам етіп алмайды... Сон соң Мұхтарда шарықтап кетушілік жоқ. Үлкен адамдардың кескіні жаңа (тақырыпқа арналған) пьесаларда көрінбейді. Қысқасы, Мұхтарда бес-алты пьеса бар. Бірақ көп жасай алмайды (жазбай жүр)... Мұхтардың тарихи пьесалары тіл жағынан шалқып жатады, қазіргі (тақырыпқа арналған) пьесалары тілге нашар, кедей. Маған Мұхтар: тілің нашар,– деді. Мен оны қарсы аламын. Бірақ Мұхтардың өзі де оңып тұрған жоқ-ау деймін. Өйткені, Мұхтардың пьесалары бәйге алғанда, менікі де (менің де пьесам бәйге) алды. Сондықтан да қатарласпын ғой деймін (күлкі)»,– деп тыныс алып барып, содан кейін – «бірақ та өткендегі ұлтшылдық сананы жеңе алмай жүрсіз» – дегенді (сонда, №198 іс, 87-бет) қыстырып қойды.

Сол күннен бастап С.Мұқанов М.Әуезовті мақтай, жақтай сөйлеген сөздерінің өзін де осыған саятын пікірмен түйрей отырып сөзін аяқтауды әдетке айналдырды. Қалжың да азая берді.

Сол бір жылылықты Қ.Сиранов жасаған драматургия туралы қосымша баяндама суытып жіберді. Ол әдебиет пен театрдағы барлық кемшілікті түйдектете төкпелей келіп:

«Кейбір жазушылар екінші бір қателікке ұрынды. Олар тар шеңбердің ырмауына шырматылып алып, өздері әлдилей ардақтайтын тарихи тақырыптың айналасынан шиырлап шыға алмай жүр. Мысалы, Әуезов жолдас Абай туралы талантты шығарма жазды. Өкініштісі, Абай – бұл жазушының көп жылдан бергі жалғыз ғана тақырыбы болып келеді. Ол «Абай» пьесасын, «Абай» романын, «Абай» сценариін, опера үшін «Абай» либреттосын жазды. Ал М.Әуезов жолдас қазіргі тақырыпқа арнап ештеңе де жазған жоқ. Оның «Шекарада», «Тас түлек», «Намыс гвардиясы» пьесалары жалаң ұранға, схемаға құрылған, оқиғасы сендірмейді», – деп барып тоқтады.

Бұған қарамастан 1943 жылғы Қазақстан Жазушылар одағы президиумы мұрағатының іс қағазында «Абай» романы туралы» деген бір жарым беттік орыс тілінде жазылған хаттама жатыр. Онда романның идеялық-көркемдік, таптық сыпаттарына тоқталып, Абай мен Зеренің образына баса көңіл аудара келіп:



«Бұл роман бүкіл кеңес әдебиетінің, оның ішінде қазақ кеңес әдебиетінің 1942 жылғы үлкен табысы, сондықтан да қазақ кеңестік Жазушылар Одағының президиумы оны Сталиндік сыйлыққа ұсынады»,– делінген.

Бұдан анық байқалатын жай мыналар: «Абай» романының бірінші кітабі сыйлыққа ұсынылуға дайындалған. Алайда ол тек ниет күйінде қалып қойған. Оның себебі: біріншіден, бұл ұсынысты сол кездегі президиум төрағасы Әбділдә Тәжібаев жалпы жиналыста дауысқа салмаған. Екіншіден, романның әлі орыс тіліне аударылмағаны сыныққа сылтау болған. Бұдан басқа ешқандай тосқауылдың болуы мүмкін емес. Анықтаманың дайындалуы – дайындалған да, тиісті қолдау таппаған. Өйткені ол туралы мәлімет бір де бір хаттамаға түспеген. Сөйтіп, тартпадан шығып, архив сөресіне жөнелтілген.

Мұның басты бір себебі, осының алдында ғана 1943 жылы 11-мамырда «Абай» романы туралы «Абай және роман» деген тақырыпта үлкен талқылау өткен болатын. Онда «Әдебиеттің даму жолындағы романның маңызы», «Абай» романы – ХІХ ғасырдағы қазақ тарихының айнасы ма?», «Құнанбай мен Абай», «Романның көркемдік ерекшелігі туралы», «Абай» романымен байланысты кейбір міндеттер» деген тақырыпта Е.Исмаиылов, М.Ақынжанов, Ғ.Мұстафин, Ғ.Мүсірепов баяндама жасады. Бұл талқылаудағы Ғ.Мүсіреповтің:

«Абай» тарихи-қоғамдық тартыстарға құрылған, шын мағынасындағы қазақ халқының бір дәуірдегі шын өмірін, елдігін түгел көрсете алатын роман. Ел өмірін көрсетем деген еңбектер, қай дәуірді алса да, осындай терең, осындай шын, осындай ақылды, осындай нәзік сезіммен жазылатын болсын. Қазақтың әр жазушысы «Абай» арқылы әдебиетіміз жаңа бір сатыға көтерілгенін ескеріп, қолына қалам алғанда, сол сатыға көтерілуді, сол саты арқылы одан да жоғары көтерілуді арман етсе екен деймін!»,– деген қорытынды сөзі «Абай» романының қазақ әдебиетіндегі орынын ғана емес, алдағы уақыттағы тағдырын да анықтап берді.

(Бұл талқылау біздің «Құнанбай» атты монографиямызда барынша кең талданғандықтан да және негізгі тақырыбымыз саяси талқыға арналғандықтан да, тек атап өтумен ғана шектелеміз).

Ал таусылмайтын саяси науқандар таланттарға тән табиғи талқыны одан әрі ушықтырып, көзқарастардың қақтығысында жақтастар іздеуге мәжбүр етті. Өйткені М.Әуезовтің өзі айтқандай ол тұстағы сыншы шешендер өзінің талдауын:



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   110   111   112   113   114   115   116   117   ...   271




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет