Осыған байланысты Қазақстан Кеңестік Жазушылар Одағы Қаулы етеді:
1. Қазақстан жазушыларының кейбір топтарының арасындағы зиянды, өзара жалпақшешей топшылдықтың, сыбайлас байланыстың, отбасылық мүдденің орын алғандығы жөніндегі «Правданың» сыны дұрыс деп табылсын.
2. Кеңес жазушысы деген жоғары атаққа сай келмейтін, өзара бақталастық бәсекеге орын беріп келгені үшін және топшылдықты ұйымдастырғаны үшін Мұқанов пен Әуезов жолдастардың әрекеттері қатаң сыналсын. Нұртазин мен Кедринаның кітаптары – кеңестік қоғамның көзқарасын емес, жекелеген топтың, үйірменің, жеке тұлғаның көңілін табу үшін жазылған идеялық тұрғыдан жат және зиянды – деп табылсын.
3. Жазушылардың арасындағы кез-келген топшылдыққа, отбасылық мүддеге және сыбайластыққа қарсы күресті күшейту Жазушылар Одағының басшыларына, шығармашылық бөлімшелерге міндеттелсін және ондай мінез көрсеткендер – ескі буржуазиялық моральді жұқтырушы деп есептелсін.
4.Республикадағы әдеби сынның дәрежесі тиісті деңгейге көтерілсін. Ол үшін мына шаралар жүзеге асырылсын:
Достарыңызбен бөлісу: |