Тұрсын ЖҰртбай «Ұраным алаш!»



бет39/271
Дата22.12.2021
өлшемі10,61 Mb.
#440
түріБағдарламасы
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   271
ӘУЕЗҰЛЫ МҰХТАРДЫҢ ХАТЫ

Менің әдебиет пен саясат жолында бұрын қандай адам болғандығым туралы Қазақстан партиялық кеңестік жұртшылығы өзінің қоғамдық сынын айтқан болатын. Ол сын ашық, нық айтылған дұрыс сын еді. Ондағы берілген баға бойынша мен: «байшыл, алашордашы одағындағылардың салт-санасын әдебиет жүзінде іске асырушы кісі» болғам.

Осы жай барлық жұртшылыққа да, менің өзіме де мәлім. Бұл сияқты тарихы дұрыс және қажет болудан, менің өз ісімнен туған дәл сынды жазушылар кімдер болды? Ол Қазақстанның партиялық кеңестік баспасөзі, соның ішінде бірнеше жылдар бойында сын ретімен, айтыс ретімен тексеру жүргізген КазАПП тобының төңкерісшіл, марксшіл, сыншылары, жазушылары. Газет қызметкерлерінің сындары болды. Сондайлық бетпен келе жатқан жұртшылық соты – өзінің толық сөзін КазАПП-тың соңғы конференциясында түгел жеткізе айтты. Мен қазір осы сөзді жазып отырғанда, сол сотта өзімнің ендігі көзқарасым қандай – соны жұртқа салмақпын. Қазір мен өзімнің сол бұрын басып өткен ізінен қайтып, соны қатты айыптайтынымды білдірмекпін.

Соңғы бірнеше жылдар бойында менің ішімде жай созылса да ілгері басып келе жатқан өзгеріс бар еді. Бұл өзгеріс жолында мен маркстік-лениндік жүйесін және оның тарихи социалдық қисыны мен танымын – дүние танудың ғылыми жолы есебінде бір қабылдап алып ем. Кейінірек, қазірде, сол негізді өзімнің дүние көзқарасымның, бойыма сіңген нанымның іргесі деп ұстадым. Бір жағынан осындайлық менің қазіргі мазмұным мен бағытымды айқындайтын пікірлік жаңа негізді ғылымдық көзқарасы болса; екінші жағынан жаңа жақсы тұрмыс үшін алысқан пролетариаттың жеңуі, дегеніне жетуі, тарих жүзінде ақталған, орнаған табысы болып отыр. Осы халмен қатар пролетариатқа жаулық ниетінде болған үлкенді-кішілі топтардың барлығының жат, жау қимылының бәрі де құлап, күйреп біткелі отыр. Сол сынаған жайлардың барлығын еске алып келіп, мен барлық кеңес жұртшылығының алдында, менің өткен жолымды сынап шыққан КазАПП даусына өзімнің де кінәларымды өзім айыптаған жаңа сыным мен пікір жолындағы жаулық құралымды анық тастаған – дауысымды қоспақпын.

Ең алдымен менің кейінгі барлық саяси, әдеби терістіктерімнің себепшісі болған нәрсе не? Ол менің көп замандар бойында ұлтшыл алашордашы негізінде төңкерістің жауы болған топтың салт-саналық бағытымен байланысты болып еді. Осы халмен тарихи нық байланысқан нәрсе – менің саясат пен әдебиеттегі ісімнің мазмұны мен қалпы соңғылардың саяси бағытын бастады. Бастағанда, анықтағанда пролетар төңкерісінің тілегіне жау болған, барынша қарсы бетке бастады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   271




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет