Тұрсын ЖҰртбай „Ұраным алаш!


Қысқасы, Лениннің: «Артта қалған елдер алдағы елдің пролетариатының көмегімен капиталдық дәуірді аттап өтіп, социалды дәуірге жетеді»



бет119/242
Дата22.12.2021
өлшемі8,42 Mb.
#494
түріБағдарламасы
1   ...   115   116   117   118   119   120   121   122   ...   242
Қысқасы, Лениннің: «Артта қалған елдер алдағы елдің пролетариатының көмегімен капиталдық дәуірді аттап өтіп, социалды дәуірге жетеді», деген данышпандық сөзі іске асып отыр. Осындайлық жалпы жайды, Қазақстанда Лениннің ұлт саясатын қолдану арқылы табылған табысты, ешнәрсе жоя алмайды, кеміте алмайды. Бұл ретте бай-кулактың жаулық пен өз шаруаларын шашып жоюуы да және партия жолын қисайтып, Қазақстанның мал шаруасы жөнінде теріс тәжірбиеге ауысып істеген жергілікті орындардың қатесі де және де осы себептен онан соңғы жылдардың егін шығуы нашар болғандық себебінен туып отырған кейбір аудандардағы азық-түлік қиыншылығы да жаңағы ұлы табыс, ұлы құрылыстың қалпын бұза алмайды, маңызын түсіре алмайды.

Осы айтылған тұрғылардан қарағанда менің бұрынғы қорқынышым, қаупім, үркуім, пролетариаттың күшіне сенбегендік болып шықты. Ал пролетариат күші бұл күнде шын ғажайып іс істеп шығып отыр.

Өзімнің салт-санадағы қаталарым мен, соның негізгі істері тұсында болған әсерлерін түгел толық мойныма алғандықтан, енді «Социалды Қазақстан» басқармасынан менің осы сөздерімді басуды сұраймын. Мақсатым: шын толық күйде кеңес жұртшылығының алдында өзімнің ендігі көзқарасымды білдіру. Сол жұртшылық бұрын менің ұлтшылдық салт-санамның төңкеріске жаулық мазмұнын ашқан еді. Қазір мен өзімнің бұрынғы ісімді қатты күйде кінәлап, салт-сана жолындағы бұрынғы құралымды тастап, ендігі саяси бағытымды анықтап отырмын.

Мен қазір өзіме осы күнде Қазақстандағы социалистік құрылыс жолында қызмет етуді ең ардақты, ең міндетті іс деп санаймын. Қазақстан ертедегі тарихи себептермен артта қалған жер, бұл мен туып-өскен жер, сондықтан бұның өсіп келе жатқан социалистік құрылысының майданында адал қызмет ету менің ендігі борышым. Міне, бұл жолда жандандыратын сенім – біздің қазіргі тарихи дәуірімізде бірінші рет шын, еркін адам қаулының іргесі қаланып келеді деген сенім болады.

Осындай дүние тарихының түйіні шешіліп, шын қоғамдық әділдік жолымен елдердің тағдыры, барлық адам баласының (тағдыры) шешіліп келе жатқанда және қызуы асқан тап тартысының негізімен шешіліп келе жатқанда, өзіңе қай түрдегі болса да мещандық тыныштық пен жайлылықты іздеп, әлі-ақ өтіп кететін қиыншылықтан қорғанып, тайқып шығуды – енді бұрынғы салт-сана, күнделік іс жөнінде істелген қателерімнен артық ұятты қылмыс деп санаймын. Оның орнына жақын заманда, таптық қауымның жасалуы мүмкін болып отырғанда және 17-ші партконференцияның қаулысы бойынша 2-бесжылдықта социализмнің толық жүзеге шығуы мүмкін боп отырғанда, тапсырылған жұмыстың әрбір кезеңінде табан таймай тартысудың сенімі, үміті артпақ. Ол табыстағы басшы тап-тартысында шыныққан социалдық құрылыстың алдыңғы әтіреті, Қазақстанның Өлкелік партия комитеті».

Осы «Ашық хаттың» мәтіні Голошеки мен Исаевтің қолына тиісімен Ә.Ермеков пен М.Әуезовті түрмеден шығару туралы шешім қабылданған сияқты. Мамыр айының ортасында олар еркіндікке босатылды. Социализмнің осындай «қарқынды жасампаздық жеңісін» күмәнсіз мойындап шыққан екі дегдарды сырттағы өмірде мүлдем басқа нәубет, халықтық қасірет күтіп тұрды. Ә.Ермековтің «Хатындағы»:



«Қазақстанда Лениннің ұлт саясатын қолдану арқылы табылған табысты, ешнәрсе жоя алмайды, кеміте алмайды. Бұл ретте бай-кулактың жаулық пен өз шаруаларын шашып жоюуы да және партия жолын қисайтып, Қазақстанның мал шаруасы жөнінде теріс тәжірбиеге ауысып істеген жергілікті орындардың қатесі де және де осы себептен онан соңғы жылдардың егін шығуы нашар болғандық себебінен туып отырған кейбір аудандардағы азық-түлік қиыншылығы да жаңағы ұлы табыс, ұлы құрылыстың қалпын бұза алмайды, маңызын түсіре алмайды»,– деген «жұбаныш сөзінің» кәдімгі кеңес өкіметіне тән көзбояушылық екеніне көзі жетіп, «қатты өкінеді».

Ол өзінің «Ашық хат» жазғанына өкінуінің себебін Ж.Бектұровқа:



«...Артынша қатты өкіндім. Неге дейсіз ғой? Түрмеден дәл шығар алдында ОГПУ бастығы мені кабинетіне шақырып алып: «Ал енді сіздерді босатамыз, тек ел ішінде әлі де қиыншылық бар, ашаршылық әлі тоқтай қойған жоқ, абақтыдан шыға салып үркіп, шошып жүрмеңіздер», - деп ескертті. Мен бұл сөзді естіп, оған ойынды-шынды: «Онда біз әуелден-ақ, сірә, қателеспеген екенбіз ғой», - дедім. Сонда ОГПУ бастығы қанын ішіне тартып, сұрланып: «Біз де қателеспеппіз ғой, қасқырды қанша асырасаң да орманға қарап ұлиды деуші еді, сол рас екен», - демесі бар ма. Мен жарылып кете жаздадым. Не керек, болар іс болып, хатқа қол қойылып қойды»,– деп айтып беріпті.

Тура осындай өкінішті күйді Сәкен Сейфуллин де басынан кешіпті. Ақынның досы Абдолла Асылбеков өзінің 1937 жылы 31 шілде күні тергеушіге берген жауабында:



«Сейфуллинмен 1934 жылы кездескенімде ол: «Кеңес өкіметіне қарсы күресті дәл қазірден бастау қажет. Тек көнтақы шенеунік қана безеріп отыра алады, ал әрбір саналы адам бұған көніп, қол қусырып отыра алмайды. Бұрын қандай топтың мүшесі болғанына қарамастан, кім өзін қазақ халқының нағыз ұлымын деп санайды, солардың барлығы да кеңес өкіметіне қарсы күресте бірігуі тиіс. Сен екеуміз, Асылбеков жолдас, алашордашылардың кез-келгені: халық үшін деп кеңірдектесіп едіңдер, сол халқың қырылып жатыр-ғой десе, не дейміз?, деп маған сұрақ қойды»,– деген (Б.Нәсенов, Тарихи құжаттар мен архив мұрахаттары, ҮІІ том, 145-146 бет) мәлімет береді.

Бұрын зиялы қауымның арасында: «Тар жол, тайғақ кешуде» алашордашыларды кекетіп жазғанына өкініп, бұрынғы райынан қайтып, оны қайта өңдепті. Кеңес өкіметі туралы пікірі өзгеріпті», - делінетін пікір айтылып жүргенімен, нақты дәлел жоқ болатын. Өзінің қанды көйлек досы А.Асылбековке: «Алаш азаматтарына не бетімізді айтамыз?», - деген мағынадағы жоғарыдағы сөзі С.Сейфуллиннің жандүниесінде үлкен өзгерістер болғанын растайды.


6.

Енді өкінді не, өкінбеді не, бәрібір екі жарым миллион қазақ аштан қырылып үлгеріп еді. Оған алысқа бармай-ақ түрменің алдына шыққанда көз жеткізуге болатын. Алматының түрмесінің алдында қырылған өліктерді тұтқындарға жинатып, қазіргі Сайран көлінің жарқабағының астына апарып көмдірген. Ол туралы сол мезгілде осы түрмеде жатқан біздің әкемізддің әңгімесі «Өзі деақ, жазғаны да – ақ» атты таруда берілген болатын.

Бұл құрбандардың әруағы алдында алаш ардагерлерінің ары таза.

«Ашық хаттың» нәтижесінде Ә.Ермеков шартты түрде сотталып, кешірімге ие болды. Алайда ол үнемі бақылау астында өмір сүрді.



Әдеби өмірге еш қатысы болмаса да оны қазақтың ендігі бас идеологі – рухани көсемі деп санап, әр қадамын аңдып, тиісті ақпар жиып отырды. ОГПУ-дің Қазақстандағы саяси бөлімінің бастығы Миронов пен орынбасары Павловтың 1933 жылы 11 қыркүйек күні Мирзоянға құпия жолданған әдебиет майданындағы ұлтшылдық сарын туралы есепті баянхатында:

«Орыс әскери отарлаушыларының Орта Азияға басып кіруіне – татар моллаларының қыр елін жаулап әкелуге ырық берді, олар қазақ жеріне әр түрлі сенімхатпен келген дүкеншілермен, орыс көпестерінің шеркеттерімен тікелей байланыста болды. Молланың атын жамылып келген Орынбор, Қазан, Уфа медіреселерінің шәкірттері православиелік миссионерлікке қарсы қару ретінде қазақ даласына панисламизм идеясын сіңірген алғашқы мұджаһиттер болып табылады. Олар «Мұсылманның шынайы бауырластығы» дегенді ұран ете отырып, артта қалған қазақ елін қанады. ХХ ғасырдың басында қажыға барар жолдағы Түркия арқылы және Бұқара мен Хиуа, тағы да басқа Орта Азиядағы сауда орталықтары арқылы барлық түркі тілдес халықтардың бірігуі туралы ұран тастады. Оған қазақ халқы да қосылды.

Әсіресе, 1905 жылғы революция тұсында, жаңа дыбысты әліппеге көшу – жәдидтік оқу жүйесіне ауысу қарсаңында пантүркизм қозғалысы ерекше жанданды. Жаңа қалыптасып келе жатқан қазақ зиялылары мектептердің төңірегіне топтасты. Буржуазиялық-ұлтшыл топ өздерінің қатарын көбейту үшін сол кезде саны біршама молайып қалған мектеп шәкірттерін ықпалына алды. Жәдидтік мектептен өткен, татарлардың жоғары оқу медреселерін бітірген бұл шәкірттер қазақтардың алғашқы буржуазиялық-ұлттық интеллигенциясының шоғырын құрады.

Бұл қозғалыс 1917 жылғы төңкеріс тұсында, буржуазиялық-ұлтшыл «Алаш» партиясы құрылған кезде өзінің шарықтау шегіне жетті. Қазақстанның буржуазиялық-ұлтшыл қозғалысының қозғаушы күші әдебиетте, буржуазияшыл-ұлтшыл жазушылар мен ақындардың: Ахмет Байтұрсыновтың, Міржақып Дулатовтың, Ғұмар Қарашевтің, Мағжан Жұмабаевтің, Сұлтанмахмұт Торайғыровтың, Бернияз Күлеевтің, Мұхтар Әуезовтің т.б. шығармаларында көрініс тапты. Аталған негізгі жазушылар қазақ төңкерісін қабылдамады, «Алаш» партиясының құрамында кеңес өкіметіне қарсы белсенді түрде күресті. «Алашорда» ұйымы талқандалған соң кеңес өкіметімен күрес тәсілін өзгерте отырып, мәдениет майданын өз қолдарында ұстауға тырысып, өздерінің оқу құралдары, дәрістері, әдеби еңбектері арқылы жастар тәрбиесіне идеологиялық ықпал жасауға ұмтылды.

Мысалы, қазіргі қазақ көркем әдебиетіндегі мына бағытты атап өтуге болады: олар – кеңестік жастардың аз бөлігіне әсер етіп отырған алашордашылардың қалдығы мен алашшылдар және ұлтшылдар тобы.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   115   116   117   118   119   120   121   122   ...   242




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет