Тұрсын ЖҰртбай „Ұраным алаш!


Ашықтан ашық алашордашлардың біріне және олармен байланысы барлардың қатарына ең бірінші Әлімхан Ермековті жатқызуға болады. 1) Ермеков Әлімхан



бет120/242
Дата22.12.2021
өлшемі8,42 Mb.
#494
түріБағдарламасы
1   ...   116   117   118   119   120   121   122   123   ...   242
Ашықтан ашық алашордашлардың біріне және олармен байланысы барлардың қатарына ең бірінші Әлімхан Ермековті жатқызуға болады. 1) Ермеков Әлімхан «Алашорданың» ірі қайраткері. Қазақ ұлтының болашағы туралы жекелеген әңгімелесу кезінде айтқан Ермековтің пікірлерін ерекше назарға аларлықтай, ол Ермековтің өзінің пантүркістік көзқарасын ғана білдіріп қоймайды, сонымен қатар бұл идеяның ұлттық интеллигенция арасында кеңінен тарап отырғандығын және сол топқа жататын жазушылардың шығармаларынан көрініс беріп отырғанын аңғаруға болады.

Ермеков ең көреген ұлтшылдар мен алашордашылардың алысты көздеген бағдарламаларын кеңейте талдайды. «Алашорданың» талқандалуының басты себебі, Ермековтің айтуы бойынша, марксизмге қарсы қоятындай теориясының болмағандығы екен. Бөкейханов бұл тұрғыдан алғанда, «қазақ халқының өзіндік ерекшелігі» дегеннен басқа ештеңе ұсына алмапты. Ермековтің айтуынша, шаруашылықты басқарудағы революциялық шаралардың есепке алынбауы «Алашорданың» құлауына әкеп соғыпты. Ермековтің тұжырымдамасы оның өзінің баяндауынша: «Қазір кеңес өкіметі шаруашылығының орнығуын барынша қолдап, өзіміздің жас мамандарымызды, өзіміздің интеллигенциямызды жан-жақты дайындай отырып, екінші бесжылдықтың аяқталуын күту қажет, сөйтіп СССР-дегі таптық күрестің босаңсуына мүмкіндік бере отырып, сонымен қатар Түркиямен байланысты нығайтып, оның ұлы держава болуына уақыт беру керек», екен.

Сонда, ұлттық (ұлттық) дәстүрде тәрбиеленген, сонымен қатар еуропалық мәдениетті меңгерген, басқару қызметінде отырған техниканы, индустрияны қолында ұстайтын интеллигенцияға, көзі ашық бұқараға ие болсақ, онда олар «Ұлы түрік елінің» туы астында бірігуге ұмтылады»,– деп мағлұмат берді.

Мұндағы тағылған айып пен айтылған сөздерге идеологиялық-саяси астар беріп, «ұлы түрікшілдік» аңсарға әкеп теліп отырғаны болмаса, бәрі де шындық. Шындық болғанда да, кез-келген ұлттың алдына қойған саналы мақсаты, сара жолы. Қай ұлт парасатты интелигенцияға зәру емес? Соған қарағанда ерекше бөлімнің тергеушілері үшін қазақ халқының құрықтан құтылуы, өркениетке ұмтылуы, қылмыс болып саналатын сияқты.

Ақиқат та содан қашық емес болатын.

«Ашық хат» пен кешірімнен соң да Әлімхан Ермеков қуғын-сүргіннен құтыла алмады. Тіршіліктің жарына жармасқан бір кездегі «жанартаудай көтеріліп-басылған жігіттің» көрер азабы мен татар қызығы алда болатын. Сол қызық пен азапты пікірлессіз, дос-жарансыз жалғыз басынан кешті. Өйткені «тәубә қылып шыққан Әлімхан мен Мұхтар екеуі» (А.Байтұрсынов) қалған өмірін бір-бірінен саяқ жүріп өткізді. Оған не себеп болды? Нақты дәп басып айту қиын. Мұхтар Әуезов өзін «Ашық хат» жазуға көндіріп, соның нәтижесінде өмірдің де, атақ пен даңқтың да қызығын көруге бұйыртқаны үшін Ә.Ермековке өкпе артып, көңіл сызы ретінде ұзақ сақтауы, орынды ма демей-ақ қояйық, соның өзі мүмкін бе еді? Қайдам. Ал бұл екі аралықта Ә.Ермеков – 1938 және 1948 жылдары он жылға екі рет кесіліп, түрме есігін ашты. Олардың 1932-1938 және 1955-1961 жылдары аралығында тығыз араласып кетпесе де, оқшау пікір алмасуға мүмкіндіктері болды. Бірақ өзара тілдеспеген. Бүтіндей ақталып шыққан «мемлекеттік жылымық» тұсынан кейін де Мұхтар Қарағандыға келіп жүріп Әлімханмен жүз көрісуді қаламаған сыңайлы. Неге? Түсініксіз. Жайық Бектұров бұл туралы өзінің естелігінде:



«Ә.Ермеков бұл өкінішті сөзін М.Әуезовті мақтағысы келгендіктен айтқан жоқ. Ертедегісін кім білсін, Мұхаң әйгілі жазушы атанып, Әлекең көп жыл түрме, лагерь азабын тартып елге қартайып, денсаулығынан айрылып кайтқаннан кейін де бір-бірімен ешқандай қарым-қатынас жасаған жоқ. Аралары мүлдем суып кетті. Әлекең Мұхаңа іштей өкпелі болып та жүрді, сөйте тұрса да жаратылысынан шыншыл, әділет жолынан таймайтын ол ауызекі естеліктерінде ғұлама інісінің 1932 жылғы абақтыдан шығардағы кісілігін, ерлігін, азаматтығын ешбір көлеңкесіз айтып еді. Қанша өкінгенімен, М.Әуезовтің сол кезде тар қапастан шығып, үйірге қосылғаны қазақ мәдениеті мен әдебиеті үшін зор мәртебе болды. „Абай жолы” романы содан кейін өмірге келді. Ә.Ермеков ақсақал Қарағандыда, менің үйімде Сәбит Мұқановпен ашық әңгімелескенде, жоғарыдағы пікірді айтты. Тіпті, атақты жазушыға Ахметті, Жүсіпбекті, Мағжанды, Міржақыпты неге іздемейсіздер деген өкпесін де сездірді. Алпысыншы жылдары оларды жоқтай қоятын ресми адамдар аз еді»,– деп жазды.

Өтірікке жаны жат Жайық жайсаңның бұл емеуірінінен ұлылардың психологиялық бопсасымен қоса инсандық иірімдер де тұспал танытады. Оған тереңдеп баруды, біз таңдап алған әфсана жанры көтермейді. Сондықтан да Әлімхан Ермековтің өзі тікелей Жайық Бектұровқа өсиет ете қалдырған:



«Ахмет Байтұрсынов Архангельскіде айдауда жүреді, ешкім ешқандай жұмысқа алмайды. Өмір сүруі қиын соғады. Жас кезінде училищеде оқығанда әр түрлі қол өнерін үйренген екен, содан қасық, ожау, ойыншық жасап, базар маңында басына күрке тігіп жатып, өлер-өлмес күн көреді. Ахаң осы бір ауыр жағдайын айтып, Мәскеуде тұратын Ә.Бөкейхановқа хат жазады. Аяулы Әлихан Нұрмұхамедұлы қызыл крест қоғамына барады. М. Горькийдің жұбайы М.Ф.Андрееваға (дұрысы – Е.П.Пешкова – Т.Ж.) арыз айтады. Сөйтіп, Архангельскіге жетпіс доллар жіберіп, Ахаңа көмектеседі. Ақыры оны айдаудан босаттырып алады. Ахаң әуелде атылуға кесілсе де, он жылға айыпталып, мерзімінен бұрын елге қайтады. Қайтып келгенде ол Ә. Бөкейхановқа бір қолжазбасын береді. ,,Бұл менің айдауда жүргенде жазған күнделіктерім. Сірә, бұрынғы еңбектерімнен құнды болуы керек, осының бір данасын сіз бірдеңе етіп бір жерге сақтаңыз. Бір данасын әйелімнің көрпесінің астарына тіктіріп қойдым”, - депті. Ә. Ермеков көрпені „Стеганные одеяла” деп орысша айтты. Мен мұны өзімше „қабымалы көрпе” деп казақшаладым. Әлімхан Әбеуұлы әңгімесін жалғастырып:

Көрпенің астарына тіккен қолжазба жоғалды ғой, ол көрпе түгілі, Ахаңның қазақ болып кеткен орыс әйелінің де қайда ұшты-күйлі болғаны белгісіз. Ал ана Әлихан ағасына табыс еткен қолжазбасын мұқият іздесеңіздер табасыздар. Ол Ахаңның аманатын белгілі шығыстанушы ғалым, академик Сергей Федорович Ольденбургке (1863-1934) табыс етті. Ольденбург ірі ғалым. Ол түркі тілдес елдердің тарихын, әдебиетін, фольклорын, мифологиясын жетік білген адам. Көп уақыт Ресей және Кеңес Одағы Ғылым академиясын басқарған ірі оқымысты. Ондай кісінің архиві жоғалмайды, мұқият сақталады, деді.



Сірә, Ахаң өзінің бұл қолжазбасын Ә.Бөкейхановқа Архангельскіден елге қайтпай тұрғанда жеткізсе керек. Біздің қазіргі тарихшыларымыз, әдебиетшілеріміз іздестірсе, Ахаңның бүгінгі ұрпақ білмейтін бір еңбегін тауып та қалар еді деген ойымыз бар. Осыны ғалымдарымызға, жазушыларымызға сүйінші сұрағандай әдейі құлаққағыс етіп отырмыз»,– деген естелігімен «көтеріліп-басылған жанартаудай» қайратты рух иесі туралы әфсанамызды аяқтаймыз.

Алаш идеясының ту ұстаушысы Әлімхан Ермеков он бес жылдай тіршіліктің ризығын татып барып, математика профессоры ретінде дәріс оқып, үйлі-баранды боп, 1970 жылы Қарағанды қаласында дүниеден қайтты.

БЕСІНШІ ТАРАУ: «ТҰҢҒИЫҚ ТЕРЕҢ ЖАРҒА КЕТКЕН ТҮСІП...»

(Мәннан Тұрғанбаев, Жақып Ақбаев, Даниал Ысқақов, Қошке Кемеңгеров және...)

1.Мәннан Тұрғанбаев
Сол кезеңде қалыптасқан «дәстүр бойынша», тергеу хаттамасына аты ілінген адамның барлығы да түрмеге қамалып, сұрақ-жауап алынды. Сөйтіп олар тікелей айыпты болмаса да жанама куә ретінде қатыстырылды. Солардың қатарында Орта Азия басмашылары мен Ташкенттегі астыртын ұйымға еш қатысы жоқ, бірақ жалпы «Алаш» қозғалысына атсалысқан зиялылардың барлығы тұтқындалды. Солардың қатарында «Алашорданың» Семейдегі бөлімшесінің мүшесі ретінде Мәннан Тұрғанбаев та тергеуге тартылды.

Анкеталық анықтама: Мәннан Тұрғанбаев – 1886 жылы Семей губерниясы Қарқаралы уезі Абыралы болысындағы «Сарыапан» қыстағында туған. Семей медіресесінде оқығын. 1906-1910 жылдары ауылда халық мұғалімі болған. Уфадағы «Ғалия» медресесіне 1910 жылы түсіп, 1915 жылы бітірген. 1917-1919 жылдары Семейдегі педагогикалық курстың меңгерушісі (анкетадан тыс анықтама: сонымен қатар 1917 жылы «Алашорданың» Семейдегі басылымы «Сарыарқа» газетінің редакторының орынбасары, 1918 «Алашорда» атты әскер полкінің жауынгері де болған), 1919 жылы Орынборда шығатын «Ұшқын» газетінің редакторы, 1922 жылдан бастап Семейдегі халық соты кеңесінің мүшесі, қазақ істері жөніндегі азаматтық бөлімнің меңгерушісі, төраға орынбасары, 1926 жылдан Қарқаралыдағы педучилищенің мұғалімі, 1928 жылдан қалалық оқу бөлімінің нұсқаушысы, одан кейін Қарқаралыда, ұсталғанға дейін Қапалда қызмет істеген. 1930 жылы 4 көкек күні тұтқындалған. Шаруа отбасынан шыққан. Өз еңбегімен күн көрген. Сотталмаған. Жылжымайтын мүлкі жоқ. Үйлі-баранды. Әскер қатарында болмаған (иә, солай көрсетілген). Кәсібі – мұғалімдік. Кеңес өкіметіне қарсы астытын әрекетке қатыспаған. Ешқандай партияның мүшесі болған жоқ.

Мәннан Тұрғанбаевтің басты айыбы – Қарақаралыдағы Ә.Ермеков ұйымдастырған педучилищеде қызмет істегені болса керек. Тергеудегі шағын хаттамада одан басқа деректер көрсетілмеген. Оған қойылған сұрақтардың негізі Әлімхан Ермеков пен Жүсіпбек Аймауытов туралы болған.

«1931 жылғы 11 мамыр күнгі тергеу хаттамасы. «Алаш» партиясына мүше болғамын жоқ және «Алашордамен» ешқандай байланысым жоқ. 20-шы жылы Семей қаласында компартияның қатарына өттім (кімнің кепілдік бергені есімде жоқ), мен ұзақ уақыт іссапарда жүрген кезімде мүшеліктен шығып қалдым, қайтадан партияға кіруге ұмтылмадым. Партия ұйымының ережелерін орындай алмаймын деп ойладым. Сол үшін мені Аймауытов және басқалары қатты сөкті. Мен ол кезде „Қазақ тілі” газетінде Ғалифолла Ысқақовпен және Аймауытовпен бірге істейтінмін. Партияға мүше болмау жараспайды деген желеумен Аймауытовтың және Гурьевтың кепілдігімен мүшелікке өттім. Менің жоқ кезімде Аймауытов газетке редакторлық етті. Газет Губком мен губерниялық атқару комитетінің органы болатын.

Қазақ ұлтшылдарының ішінен мен „Алашорданың” Семейдегі Шығыс бөлімінде істеген Ермеков Әлімханды, Тынышбаев Мұхамеджанды, Ғаббасов Халелді, Ақбаев Жақыпты, Дулатов Міржақыпты білетінмін. Алайда олармен ешқандай байланысым болған жоқ. «Алашордашылар» Ермековті өте қатты сыйлайтын және ол ашық ықпалды тұлға болды. Оның үстіне ол таза қанды қазақ болғандықтан да үлкен сенімге ие еді. Оның ықпалы аса зор еді әрі тұрғындар оны өзге алашордашыларға қарағанда қатты қадірлейтін.

Сұрақ: Тұрғындардың арасынан Ермековті кім өте жақсы көрді: кедейлер ме, орташылар ма, немесе байлар ма?

Жауап: Барлық қазақ тұрғындары жақсы көрді. Мен де Ермековті ерекше сыйладым. Мынадай бір оқиға болды. 27-ші жылы мен Қарқаралы қаласында мұғалімдерді дайындау курсінің меңгерушісі болып жүрген кезімде Ермеков маған сабақтан 10-15 күн кешігіп келген інісін курсқа алу туралы өтініш етті. Мен тілегін орындадым.

Алашордашылардың маған жасаған әсері туралы. 21-ші жылы Семей губерниялық атқару комитетінің бөлімдерінде істейтін Марсеков, Ақбаев Жақып арқылы өздерінің адамдарын, мені де Қарқаралы уезінің сотына тағайындатты. Жұмысқа тағайындалған соң мен кеңес үкіметіне адал қызмет еттім, кеңес үкіметіне қарсы ешқандай дұшпандық әрекет жүргізгенім жоқ. Бұған мені жақсы білетін Тоқжігітов Шаймерден, Тоқтабаев Кәрім, Шынғалиев Абзал, Орынбаев Мұқаш, Сидалиев Асхат кепілдік ете алады.

30-шы жылдың сәуір айында Қарқаралыда тұрған кезімде Абыралы ауданының екінші ауылының тұрғыны Байдаров Сыдық (көшір) және Байсымақов Керімқұл Балқаш ауданындағы көтеріліске Ақбаев Жақып, Марсеков Райымжан және Әділов Ике жетекшілік еткенін айтты. Бұдан басқа көтеріліс туралы ештеңе естігемін жоқ, ешнәрсе білмеймін. Қапалда қызмет еткендіктен де ауылмен байланысым болған жоқ. Менің Семей мен Қарқаралыдан Қапалға ауысуыма ауылдасым Төленов Игіліктің орныма келуіне байланысты болды. Оны Абыралы ЕРКА-сінің төрағасы Шымшарин Хамит қолдайтын.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   116   117   118   119   120   121   122   123   ...   242




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет