«Мен сендердің мұң-мұқтаждарыңды жоқтау үшін әдейі қызметтен босап, басымды азат етіп келдім»,– деген мәлімдемеден бастады.
«Жақып Ақбаев»: «1905 жылы 15 қарашада Қарқаралы халқы жиналған алаңда ояз бастығы Оссовский патша ағзамның 17 қазандағы манифесін жария етті. Осы жиында сөйлеген Ж.Ақбаев патшаның халыққа сыйлаған бостандықтарын басқаша түсіндірді. Негізінен, қазақтар мен татарлардан жиналған тобырға:
Енді крестьян бастықтары (начальниктер) мен ояз бастығының бізге керегі жоқ, ауылдарыңа келсе оларға ат-көлік бермеңдер. Жаяу қуыңдар, ал қазақтан шабарман келсе – басына су құйып жіберіңдер, орыс шабарманы келсе – қуыңдар. Бұрын қазақты орыс билесе, енді орысты қазақ билейді деді. Манифест туралы сөйлеп тұрып, ол патша ағзамға: «Бұдан былай ол – патша емес, біздің құлымыз. Патша бостандықты еркімен берген жоқ, біз одан тартып алдық»,– деп тіл тигізді. Келесі күні намазға жиналған халыққа барып: «Патшаның ауы жыртылды, абыройы ашылды, оның соры қайнады»,– деді».
«Қысқаша өмірбаян»: «Онда қазақ, сарт және ішінара татар халқының толық қолдауымен екі айдың ішінде самодержавие бүлігі іс жүзінде жойылды; самодержавиеге қарсы насихат пен үгіттің шебер жүргізілуіне байланысты қазақ халқының жалпыға бірдей ынта-жігерінің рухани өрлеуі керемет болды: жалпыға бірдей туысқандық, теңдік пен бостандықтың ұлы идеясы шын мәнінде жүзеге асырылды. Қарқаралы уезі ұзаққа созылмағанымен де, республикалық режим орнатылған бірден-бір жер болды».
Ұлттық идеяның мәйегі ұйыған осы тұңғыш қозғалысты ұйымдастырғандар – Әлихан Бөкейханов, Ахмет Байтұрсынов, Жақып Ақбаев еді. Семей облысының әскери губернаторы А.Тройницкий Дала өлкесінің әскери генерал –губернаторына:
«Жақып Ақбаев»: «Ақбаевтің айтқандары босқа кеткен жоқ, көшпенділердің санасына сіңіп, өз нәтижесін бере бастады.... Қазір Ақбаев сырт көзге байқала қоймаса да, жасырын үгіт жүргізуде. Сөйтіп қыр елін бүлікке бастауда. Қоянды жәрмеңкесіне жиі барады, онда өз жақтастары арқылы зиянды пікірлерін бүкіл елге таратып жүр. Бқл жөнінде оған оқудан келіп жүрген қазақ жастары да көп көмек жасауда... Жергілікті халық әкімшілікке ашық қарсылық білдіруде, салық қарыздарын төлеуден бас тартады... Ақбаев түрлі жиындарда қазақ халқын орыс патшасының билігінен бөліп әкету жөнінде мәселе көтереді... Ақбаев профессор Петражицкийге жазған хатында: өзінің қазақ арасында көп көп жұмыс жүргізіп, халықты ұйымдастыра бастағанын, қажет болса қазақтар үкіметке қарсы қолына қару алып, өз бостандығы үшін күресуге дайын екндігін тегін жазбаған...
Міне, осы әрекеттері үшін ол сотқа тартылды. 1906 жылғы тамызда Омбы Ақбаевтің ісін қарағанда, куәлар түгел келмеді, келгендер дұрыс жауап бермеді. Омбы соты оны 1906 жылы 4 тамызда еріксіз ақтап жіберді»,– деп мәлімдеген.
Содан бастап Жақып Ақбаев азаттық үшін, тәуелсіз мемлекет үшін арпалысты. Ж.Ақбаевтің өзінің «Қысқаша өмірбаянында»:
«Шет аймақтағы оқиға орталықтағы әрекеттерге тікелей байланысты. Ал орталықта (Петербург пен Мәскеуде) қара реакция басымдық алды: онда – қамшы, шыбыртқы, жазалау отрядтары іске қосылды, міне, сөйтіп, (қара реакцияның) осындай ауыр да іріп-шіріген психикалық зардаптары мен көңілсіз көріністер орын алды. Ал бізге бұйырылған сыбаға – тұтқындалу, айдауыл, жалғыз камераға қамалу, Қылмыстық Заңдар Жинағының атақты 103, 108, 109-баптары бойынша мемлекеттік қылмыс істеді, опасыздық жасады деп айыпталу болатын»,– деп айтқан «сыбағасы» түрде тартылды.
1905 жылы 12 желтоқсан күні оны тұтқындайу туралы шешім шығарған Омбыдағы сот палатасының прокурлорына қарата:
«Жақып Ақбаев»: «Мені қаралағанда, олар да – жазықты емес. Өрелері жеткен жері сол. Ненің қылмыс, ненің қылмыс емес екенін айыра алмайтын бейбақтар. Көргені, білгені, тәрбиесі – сол. Білімдері таяз»,– деп баға берді.
1906 жылы 12 тақпан күні қамауға алынды. Өзін не күтіп тұрғанын ол жақсы білді:
«Қысқаша өмірбаян»: «Мен сіздердегі жағдайды білемін. Қағазға малтығып отырған көшірмелер прокурорлық бақылаудың беделін бұрыннан-ақ түсіріп болған. Жаңа Ресейге ақылы сергек, табанды да іскер қызметкерлер керек. Омбыда мұндай қызметкерлердің бар екені рас. Олар магистратура мүшелері Н.Н.Крюков, Н.И.Любимов, Я.И. Богданов, Д.В. Ленгерд. Солармен бірге Соболин... сияқты қағаздан қағаз тудырып, су сапырушылар қазіргі Ресейге керек емес. Ондай азаматтар түнекті – жарыққа, заңсыздықты әділетке, заңды – қамшыға оп-оңай айырбастап жібереді. Бірақ оған өздері жауап бермейді...». Сондықтан да...
«Жақып Ақбаев»: «Омбы округтік сотының прокуроры Ждановтың кім екенін жақсы білемін. Оның алдында немесе оның қатысуымен жауап бермеймін»,– деп үзілді-кесілді бас тартты.
Өйтекені: «Саяси күресті, ашық пікірді қылмыстық іспен шатыстыруға болмайды. Заңы бар мемлекетте сенім үшін, шындықты айтқаны үшін қылмыстық жауапқа тартылмайды»,– деп жазды.
Осындай өршіл рух пен батыл пайымдаудың және адвокаттық тәжірибесінің нәтижесінде 1906 жылғы тамыздағы сотта ол өзін өзі толық ақтап шықты. Жазалау «сыбағасын толық алуға»
«Жақып Ақбаевтың»: «1907 жылы маусым айында, Қоянды жәрмеңкесінде қоныс аударушылар мекемесінің бастығы отырған киіз үйге басыр кіріп, бастыққа: «Мемлекеттік Думаның пәрменінсіз қазақтар бір сүйем де жер бермейді, қарсылық көрсетуге дайын. Күш жұмсайтын болсаңдар, мен осы жер үшін өлуге бармын»,– деген мәлімдемесі себепкер болған.
Сол үшін оған 50 сом айып салынған. Ұлттық тәуелсіздік пен қарулы көтеріліс сияқты саяси мәселені ашық қойған тұңғыш алаш азаматы осы Жақып Ақбаев болатын. Бұл жолы қазақтың ұлттық идеясының ұйытқысы Ахмет Байтұрсынов жалпақ жұртқа сауын айтып, Хасен Ақаев, Дүйсеке Жаманбалин, Қаражан Үкібаев сияқты алаш рухты көпестерден 7500 сом несие қарыз альп, Жақып Ақбаевті кепілдікке босатып алды. Бірақ күрес жолынан бас тартпады.
«Қысқаша өмірбаян»:: «1908 жылы мен үкіметке қарсы насихат жүргізгенім үшін Қарқаралыдан қарулы айдауылмен одан әрі бес жылға Якутскі облысына айдауға жіберу үшін Омбы қаласына жөнелтілдім…».
Ол бұл жазаны нағыз спартандық рух пен қабылдап:
«Жақып Ақбаев»: «Мен, әлбетте, ештеңе жоғалтпаймын. Қайта мен қаһарман болдым, мені енді жұрт жақсы таниды. Не көрсем де шыдаймын. Бетімнен қайтпаймын. Біреулер өлімнен қорқады. Мен қорықпаймын. Мен Соречиннің ұлы философы Аль-Гауалли айтпақшы: «Құдай адамның рухын өз жарығының сәулесінен жаратқан. Адамның тағдыры рухында қалады» – дегеніне сенемін. Ендеше тән өлгенде – рух өледі деп бекерге алданбаңыздар... Менің рухым өлмейді ... Тағдырыма разымын. Ресейдің топас заңының арқасында құлақ естіген Сахалинге де барып қайтатын болдым. Бірақ мен ол жақта қалмаймын. Мен өлмеймін. Халқымның жоғын жоқтай беремін»,– деп (25-бет) жазыпты сот палатасына.
«Қысқаша өмірбаян»: «... Бірақ орталық мені дала өлкесіне жер аударуға рұқсат берді де, мен полицияның қадағалауымен Жетісу облысындағы Қапал қаласынан бір-ақ шықтым; ол жерден мен үкіметке қарсы қылмыстық насихат жүргізгенім үшін 1910 жылы Тобыл губерниясына жер аударылдым».
Мұндай саяси жазалау «саяхатынынан» түйген ащы сабақтары мен өзінің саяси бағдарламасын сол тұстағы «столыпиндік жер реформасының тамыршысы» граф Паленге:
«Жақып Ақбаев»: «Ал 17 қазан манифесін бейбіт жолмен жүзеге асыруға, жалпыға ортақ әділетті заңдылық орнатуға талпынған іс-әрекеттерімізге ешкім дау айтуға тиіс емес, өйткені біздікі заңды іс, әркімге-ақ түсінікті. Егер манифест жүзеге асырылмаса, «адамның жеке дене мүшелерінің асқазанмен» астыртын немесе жария күресі тоқталмай, ақыры адамның бой қуаты әлсіреп, бүкіл дене тіршілік қабілетінен айырылуы мүмкін.
Достарыңызбен бөлісу: |