Мемлекет идеясын ту етіп көтерген және заңдарды күшпен орындату мүмкіндігіне ие болып отырған үкімет – пулеметтердің, зеңбіректердің, фугастар мен шрамппельдердің және басқа да соғыс қаруларының көмегімен өз адамдарын басып-жаншуға қабілеті бар екені рас. Бірақ мұндай үкімет қаратүнек пен парықсыздық жайлаған елде қаулап өсіп келе жатқан, жай көзге көрінбейтін жұқпалы әрі тез таралатын бактериялармен, бациллалармен күресуге дәрменсіз. Осынау қатерлі бациллалардың (тырысқақ, сүзек, оба) қатері күшті екендігі сонша, олармен санаспауға болмайды. Мұндай қауіпті жауға ашық соғыс жариялауға бола ма? Әрине, жоқ!
Жан-жануарлардың аяушылық білдірмейтін мұндай жауларына қарсы кім күресе алады? Ол – езгіден азат елдің, қандай да саяси партиялардың ықпалына түспеген, кісен мен бұғаудан азат елдің білмі ғана.
Достарыңызбен бөлісу: |